Деканы; э.ғ. к; Жангуттина Г. О



бет6/9
Дата19.10.2019
өлшемі223,78 Kb.
#50274
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
УМКД ӘМҚК-логистиика (1)


Сұрақтар:

1. Қазақстандағы жолдар байланысы

2. Көлік салаларының негізгі көрсеткіштері

3. Көліктік қызмет көрсеу орталықтары



Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

Негізігі:

Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.

Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.

Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.

Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.

Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.

Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
14-тақырып. ҚР-сы туризмдегі көлік инфрақұрылымы дамуы мен болашағы.
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.

Сұрақтар:

1. Қазақстанның транзитті потенциалы

2. Көліктік қызмет нарығы

3. Транспорт саласына SWOT – талдау


Көлік жүйесінің дамуының болжамды параметлері: даму болжамы мен мүмкін тәуекелдері

Талдау көрсеткендей, транспорт қазір жүк және жолаушылар тасымалы сұранысын қанағаттандырады, алайда соңғы жылдары транспорт саласының дамуы экономиканың даму деңгейінен қалуы белгілі бір алаңдатушылық тудыруда.

Транспорт саласының жүйелі мәселесі ретінде келесілерді қарастыруға болады:

Транспорт желілерінің қазіргі жағдайы өсіп келе жатқан жүк және жолаушылар тасымалын көтере алмауы мүмкін.

теміржол және автомобил магистралдары жоғары жылдамдықтағы

техникаларға қызмет көрсете алмайды

кірме және қойма инфрақұрылымдары дамымаған.

темір және автомобил жолдарының төменгі тығыздылығы жүк және

жолаушылар тасымалын қысқа маршрутпен қамтамасыз ете алмайды Транспорттық технологиялардың жаңа талаптарға сәйкес келмеуі, тасымалдаудың өзіңдік құнын, бар транспорттық инфрақұрылымды тиімді қолдануға мүмкіндік бермей отыр.

Елдің ауылдық мекендерінде қатты төсенішті жолдардың болмауы, әуе транспортын барлығы көтере алмауы және теміржол транспортына тариф өскен мен қызмет көрсету сапасының сол қалпында қалуы.

Барлық транспорт түрлері бойынша негізгі қордың жаңаланбауы, оның ескіру деңгейі 55-70% жетуі жол қауіпсіздігін төмендетуде Қазақстанның транзиттік әлеуеті толық қолданылмауда

Транспорттың саласының даму бағытын 2006ж. 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Транспорттық стратегиясында айқындалған. Онда 2015ж. дейін салаға 3,4 трлн теңге, оның ішінде 70% жеке инвестицияға қарастырылған. 0,4 трлн теңге мемлекеттік жеке меншік серіктестік шеңберінде концессиялық негізде тартылады. Транспорт саласын кешенді түрде дамытуға 1600 км жаңа және 2700 км электендірілген теміржол, 50 мың автомобил жолдары салынатын болады.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдаланудың алғышарты Қытай мен Еуропа арасындағы жаңа жүк ағындарының туындауы болып табылады, бұған мыналар септігін тигізеді[61]:

Қытайда іске асырылып жатқан Бірыңғай көлік стратегиясы («Қарқынды қадам») және "Go West" («Батысқа қарай жүру») ҚХР-дің батыс провинцияларын жедел дамыту бағдарламасы. Олар ірі көліктік инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде қазақстан-қытай шекарасында құрылып жатқан «Қорғас» еркін сауда аймағына жаңа темір жол желілерін (атап айтқанда, пайдаланудың алғашқы жылдарында тасымалдау көлемі жылына 6 млн. тоннадан асатын Цзиньхе – Қорғас), сондай-ақ "Шығыс-Батыс" бес стратегиялық автомобиль жолын (соның ішінде Ляньюньгань – Қорғас, Шанхай – Хэфэй – Сиань - Қорғас) салуды жүзеге асыруды көздейді, бұл Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан транзиттік жүк ағынының перспективті ұлғаюын болжауға мүмкіндік береді;

Бостон портынан (АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінде) бастау алып, норвегиялық Нарвик портына дейінгі теңіз жолы бойынша өтетін Трансазиялық темір жол магистралінің (Петропавл – Достық) Солтүстік дәлізі бағыты бойынша Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей аумақтары бойынша өтетін, Суэц каналы арқылы оңтүстік теңіз дәлізіне балама болып табылатын АҚШ – ҚХР бағытындағы "N.E.W. - corridor" көлік дәлізін дамыту перспективалары[62];

Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы темір жол желісін Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттілігінен шыға отырып, жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығын әлемдік стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталатын болады.

Инфрақұрылым объектілерінің негізгі қорларына кезең-кезеңімен жаңарту жүргізілуі және олар темір жол көлігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келтірілуі тиіс[63].

Темір жол көлігінің желісін өңірлік басымдықта дамыту Солтүстік – Оңтүстік (Ресей – Орталық Азия) және Шығыс – Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия – Қытай – Еуропа) бағыттарында жүргізілетін болады.

Стратегияны іске асыру кезеңінде жаңа темір жол желілерін салу жөніндегі мынадай инфрақұрылымдық жобалар қаралатын және экономикалық негіздеме болған жағдайда іске асырылатын болады:

Бейнеу – Шалқар станциясы учаскесі, поездардың жүру бағытының ұзақтығын батыс өңірі мен Азия елдерінің Ақтау теңіз порты арқылы қатынасында орта есеппен 530 км-ге қысқарады;

Қорғас – Сарыөзек учаскесі, ол қолданылып жүрген бағыттармен салыстырғанда Ақтау портынан Қытайға дейінгі темір жол тасымалдарының қашықтығын едәуір қысқартады, ал Шалқар – Бейнеу темір жол желісін салу жобасы іске асырылғаннан кейін Цзиньхе – Ақтау бағытының ұзақтығы қазіргі 3 920 км-дан 3 222 км-ге дейін қысқарады;

Жезқазған – Сексеуіл станциясы учаскесі, ол Қазақстанның орталық облыстарынан Ақтау портына анағұрлым қысқа шығуды қамтамасыз етеді және іргелес өңірде көмір, мұнай-газ, мыс-темір рудасы және басқа да кен орындарын игеруде жәрдем етеді;

Шар станциясы – Өскемен учаскесі, ол Локоть станциясы арқылы қолданыстағы бағыттармен салыстырғанда тасымалдау қашықтығын Ресей аумағы арқылы жүруді қажет етпестен 300 км-ден астамға қысқартады;[64]

Қазақстан жүктерін Каспий теңізіне неғұрлым тиімді тасымалдау және Ақтау теңіз портынан шамадан тыс жүктемені азайту үшін Маңғышылақ – Баутино және Ералиев – Құрық жаңа темір жолдары құрылысы жүзеге асырылатын болады.

Темір жолдарды одан әрі жаңғырту үшін жүк тасымалдылығы көп Мақат – Қандыағаш, Алматы – Ақтоғай, Қостанай – Железорудная және Хромтау – Алтынсарин учаскелерін электрлендіру бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады[65].

Өңірлер арасында өте қысқа бағыттар бойынша жүк тасымалдарын оңтайландыруға және жаңа темір жол желілерін салу арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерге экспортталатын тауарларды жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін ұлттық тұйық темір жолдар желісін қалыптастыру жүк поездарының артық жүрістерін болдырмауға және түпкі өнім құнындағы көліктік құрамдастар үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Темір жол көлігінің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда олардың жоғары капитал қажеттілігіне байланысты мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік нысаны кеңінен қолданылатын болады. Жаңа инфрақұрылымдық объектілер құрылысы кезінде жеке бастамашылықты тарту үшін мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің әртүрлі схемасы қолданылатын болады.

 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

 Республиканың кең-байтақ аумағы мен автомобиль жолдары желісінің салыстырмалы төмен тығыздығы, тасымалдардың алыс қашықтықтары жиынтығында төсемнің бүлінуі немесе болмауы көлік шығыстарының өсуіне және өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артып кетуіне әкелетін болғандықтан, олардың техникалық жай-күйіне ерекше мән беріледі.

Халықаралық көлік дәліздерін, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру және дамытуды мемлекеттің аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, оның экономикалық кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ететін, өңірлік және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы байланыс үшін қызмет ететін бағыттарда басымдық тәртібімен жүзеге асыру қажет.

Облыс орталықтарын аудан орталықтарымен байланыстыратын автомобиль жолдары республикалық деңгейге беріліп, республикалық бюджет есебінен ұсталуға тиіс.

Жол инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады[66]:

алты негізгі халықаралық транзит дәліздерін қайта жаңартуды аяқтау:

1)Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас;

2) Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;

3) Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;

4) Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы;

5) Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай;

6) Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург;

күрделі және орташа жөндеуді, жекелеген учаскелерді жоғары техникалық санатқа көшіруді (қайта жаңарту), қауіпті учаскелерді жою мен жолдарды кеңейтуді қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және олардың инженерлік құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйін қозғалыс қарқынын және осьтік жүктемесін ескере отырып, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына кезең-кезеңімен сәйкес келтіру;

ортақ пайдаланудағы халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін, олардың мақсатты қолданылуына сәйкес келуіне кепілдік беретін және пайдалануға рұқсат берілген автокөлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін деңгейде ұстауды (пайдалануды) қамтамасыз ету;

жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту және оны халықаралық талаптарға сәйкес келтіру;

ортақ пайдаланудағы жолдар желісін оңтайландыру, өңіраралық және облысаралық автомобиль қатынастары проблемаларын шешу үшін автомобиль жолдарының жаңа учаскелерін және инженерлік құрылыстарды салу;

автомобиль көлігінің келеңсіз әсерін азайту мақсатында ірі елді мекендер айналасында кіреберіс және айналма жолдарды салу және қайта жаңарту;

жол-пайдалану жұмыстарының барлық түрлерінің конкурстық негізде орындалуына көшуін қоса алғанда, жол-пайдалану қызметтерінің және жолдардың ағымдағы жай-күйін басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;

жүк тасымалдауды жүзеге асырған кезде пайдаланылатын автокөлік құралдарының салмақ және көлем параметрлерін бақылаудың тиімді жүйесін құру;

транзиттік жолдарды қоса алғанда, автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемдер мөлшерін оларды жөндеуге және ұстауға арналған мемлекет шығыстарын барынша өтеуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін кезең-кезеңімен жеткізу;

өздерінің техникалық-пайдалану сипаттамалары бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін автомобиль жолдарын, көше-жол желілерін және инженерлік құрылыстарды кезең-кезеңімен қайта жаңарту;

жол-пайдалану жұмыстарының көлемі мен құнын нормаланған жоспарлаудан және пайдалану қызметтерін жол техникасымен қамтамасыз етуден бас тарту;

қалалардың және өзге де елді мекендердің ішіндегі және маңындағы жұмыстарды қоса алғанда, жол жұмыстарын орындаған кезде экологияның жай-күйіне және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қойылатын талаптарды қатайту, бақылауды қамтамасыз ету және оларды сақтамағаны үшін жауапкершілікті арттыру;

жол саласының кәсіпорындарын институционалдық дамыту және техникалық қайта жарақтандыру, ағымдағы ұстауды жоспарлау мен басқарудың қазіргі заманғы технологиялары мен жүйелерін енгізу, инженерлік-техникалық және басқару қызметкерлерін даярлау деңгейін және біліктілігін арттыру[56];

Қазақстанның барлық қалаларында, Астана және Алматы қалаларында көше қозғалысын басқарудың балама құралдарын енгізуді қоса алғанда, қозғалысты басқару құралдарының технологиялық деңгейін жаңарту;

нормативтік-техникалық базаны одан әрі жетілдіру, техникалық реттеуге көшуді жүзеге асыру.

Автожол инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттері:

негізгі халықаралық транзиттік дәліздерді, сондай-ақ республикалық маңызы бар халықаралық бағыттар мен жолдарды қайта жаңарту жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану;

ішкі және келушілер туризмін және кластерлік бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының тарихи, мәдени және табиғи туристік объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ортақ пайдаланудағы жолдардың жекелеген учаскелерін қайта жаңарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады[67]:

1) Алматы – Аягөз – Георгиевка;

2) Таскескен – Бақты;

3) Шонжы – Көлжат;

4) Үшарал – Достық (іріктеп);

5) Қызылорда – Жезқазған – Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы (іріктеп);

6) Жезқазған – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы (іріктеп);

7) Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы (екінші кезең).

Экологиялық жағдайға автомобиль транзит көлігінің келеңсіз әсерін азайту мақсатында халықаралық автокөлік дәліздерінде орналасқан республиканың барлық қалалары айналма жолдармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Автожол саласын қаржыландырудың балама көздерін іздеу мақсатында құрылыс жобаларын іске асыру және автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін қайта жаңарту кезінде мемлекет-жеке меншік серіктестігінің тетіктерін енгізуді көздеу қажет.



Сұрақтар:

1. Қазақстанның транзитті потенциалы

2. Көліктік қызмет нарығы

3. Транспорт саласына SWOT – талдау

4. ҚР-сы Көлік стратегиясы

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

Негізігі:

Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.

Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.

Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.

Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.

Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.

Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
15 тақырып. Қазақстанның транзитті потенциалы.

Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.

Сұрақтар:

1. Қазақстанның транзитті потенциалы

2. Көліктік қызмет нарығы

3. Транспорт саласына SWOT – талдау


Транспорт желілерінің қазіргі жағдайы өсіп келе жатқан жүк және жолаушылар тасымалын көтере алмауы мүмкін.

теміржол және автомобил магистралдары жоғары жылдамдықтағы

техникаларға қызмет көрсете алмайды

кірме және қойма инфрақұрылымдары дамымаған.

темір және автомобил жолдарының төменгі тығыздылығы жүк және

жолаушылар тасымалын қысқа маршрутпен қамтамасыз ете алмайды Транспорттық технологиялардың жаңа талаптарға сәйкес келмеуі, тасымалдаудың өзіңдік құнын, бар транспорттық инфрақұрылымды тиімді қолдануға мүмкіндік бермей отыр.

Елдің ауылдық мекендерінде қатты төсенішті жолдардың болмауы, әуе транспортын барлығы көтере алмауы және теміржол транспортына тариф өскен мен қызмет көрсету сапасының сол қалпында қалуы.

Барлық транспорт түрлері бойынша негізгі қордың жаңаланбауы, оның ескіру деңгейі 55-70% жетуі жол қауіпсіздігін төмендетуде Қазақстанның транзиттік әлеуеті толық қолданылмауда

Транспорттың саласының даму бағытын 2006ж. 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Транспорттық стратегиясында айқындалған. Онда 2015ж. дейін салаға 3,4 трлн теңге, оның ішінде 70% жеке инвестицияға қарастырылған. 0,4 трлн теңге мемлекеттік жеке меншік серіктестік шеңберінде концессиялық негізде тартылады. Транспорт саласын кешенді түрде дамытуға 1600 км жаңа және 2700 км электендірілген теміржол, 50 мың автомобил жолдары салынатын болады.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдаланудың алғышарты Қытай мен Еуропа арасындағы жаңа жүк ағындарының туындауы болып табылады, бұған мыналар септігін тигізеді[61]:

Қытайда іске асырылып жатқан Бірыңғай көлік стратегиясы («Қарқынды қадам») және "Go West" («Батысқа қарай жүру») ҚХР-дің батыс провинцияларын жедел дамыту бағдарламасы. Олар ірі көліктік инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде қазақстан-қытай шекарасында құрылып жатқан «Қорғас» еркін сауда аймағына жаңа темір жол желілерін (атап айтқанда, пайдаланудың алғашқы жылдарында тасымалдау көлемі жылына 6 млн. тоннадан асатын Цзиньхе – Қорғас), сондай-ақ "Шығыс-Батыс" бес стратегиялық автомобиль жолын (соның ішінде Ляньюньгань – Қорғас, Шанхай – Хэфэй – Сиань - Қорғас) салуды жүзеге асыруды көздейді, бұл Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан транзиттік жүк ағынының перспективті ұлғаюын болжауға мүмкіндік береді;

Бостон портынан (АҚШ-тың солтүстік-шығыс бөлігінде) бастау алып, норвегиялық Нарвик портына дейінгі теңіз жолы бойынша өтетін Трансазиялық темір жол магистралінің (Петропавл – Достық) Солтүстік дәлізі бағыты бойынша Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей аумақтары бойынша өтетін, Суэц каналы арқылы оңтүстік теңіз дәлізіне балама болып табылатын АҚШ – ҚХР бағытындағы "N.E.W. - corridor" көлік дәлізін дамыту перспективалары[62];

Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы темір жол желісін Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттілігінен шыға отырып, жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығын әлемдік стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталатын болады.

Инфрақұрылым объектілерінің негізгі қорларына кезең-кезеңімен жаңарту жүргізілуі және олар темір жол көлігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келтірілуі тиіс[63].

Темір жол көлігінің желісін өңірлік басымдықта дамыту Солтүстік – Оңтүстік (Ресей – Орталық Азия) және Шығыс – Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия – Қытай – Еуропа) бағыттарында жүргізілетін болады.

Стратегияны іске асыру кезеңінде жаңа темір жол желілерін салу жөніндегі мынадай инфрақұрылымдық жобалар қаралатын және экономикалық негіздеме болған жағдайда іске асырылатын болады:

Бейнеу – Шалқар станциясы учаскесі, поездардың жүру бағытының ұзақтығын батыс өңірі мен Азия елдерінің Ақтау теңіз порты арқылы қатынасында орта есеппен 530 км-ге қысқарады;

Қорғас – Сарыөзек учаскесі, ол қолданылып жүрген бағыттармен салыстырғанда Ақтау портынан Қытайға дейінгі темір жол тасымалдарының қашықтығын едәуір қысқартады, ал Шалқар – Бейнеу темір жол желісін салу жобасы іске асырылғаннан кейін Цзиньхе – Ақтау бағытының ұзақтығы қазіргі 3 920 км-дан 3 222 км-ге дейін қысқарады;

Жезқазған – Сексеуіл станциясы учаскесі, ол Қазақстанның орталық облыстарынан Ақтау портына анағұрлым қысқа шығуды қамтамасыз етеді және іргелес өңірде көмір, мұнай-газ, мыс-темір рудасы және басқа да кен орындарын игеруде жәрдем етеді;

Шар станциясы – Өскемен учаскесі, ол Локоть станциясы арқылы қолданыстағы бағыттармен салыстырғанда тасымалдау қашықтығын Ресей аумағы арқылы жүруді қажет етпестен 300 км-ден астамға қысқартады;[64]

Қазақстан жүктерін Каспий теңізіне неғұрлым тиімді тасымалдау және Ақтау теңіз портынан шамадан тыс жүктемені азайту үшін Маңғышылақ – Баутино және Ералиев – Құрық жаңа темір жолдары құрылысы жүзеге асырылатын болады.

Темір жолдарды одан әрі жаңғырту үшін жүк тасымалдылығы көп Мақат – Қандыағаш, Алматы – Ақтоғай, Қостанай – Железорудная және Хромтау – Алтынсарин учаскелерін электрлендіру бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады[65].

Өңірлер арасында өте қысқа бағыттар бойынша жүк тасымалдарын оңтайландыруға және жаңа темір жол желілерін салу арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерге экспортталатын тауарларды жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін ұлттық тұйық темір жолдар желісін қалыптастыру жүк поездарының артық жүрістерін болдырмауға және түпкі өнім құнындағы көліктік құрамдастар үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Темір жол көлігінің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда олардың жоғары капитал қажеттілігіне байланысты мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік нысаны кеңінен қолданылатын болады. Жаңа инфрақұрылымдық объектілер құрылысы кезінде жеке бастамашылықты тарту үшін мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің әртүрлі схемасы қолданылатын болады.

 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту

 Республиканың кең-байтақ аумағы мен автомобиль жолдары желісінің салыстырмалы төмен тығыздығы, тасымалдардың алыс қашықтықтары жиынтығында төсемнің бүлінуі немесе болмауы көлік шығыстарының өсуіне және өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артып кетуіне әкелетін болғандықтан, олардың техникалық жай-күйіне ерекше мән беріледі.

Халықаралық көлік дәліздерін, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру және дамытуды мемлекеттің аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, оның экономикалық кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ететін, өңірлік және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы байланыс үшін қызмет ететін бағыттарда басымдық тәртібімен жүзеге асыру қажет.

Таяу уақытта Хоргос, Достык шекараларында транспорттық логистикалық орталықтар салыну басталады.

Трансконтинентальдық тасымалдарды жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасыныңтранзиттік әлеуетін дамыту көбіне республика аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін және олардыңтармақтарын дамытумен байланысты:
      1. ТРАСЕКА дәліздері: Достық - Ақтау, Ақтау - Достық (ұзақтығы - 3836 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі — 19 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 1282832 тонна тасымалданды; 2008 жылы 1411115,2 тонна тасымалдау жоспарлануда).

2. Оазис: Ақсарай, Ақсарай - Оазис (ұзақтығы - 832 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 4 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 824430 тонна тасымалданды; 2008 жылы 906873 тонна тасымалдау жоспарлануда).


      3. Ортаазиялық дәліз: Сарыағаш - Озинки, Озинки - Сарыағаш (ұзақтығы - 2147 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 11 тәулік;
      2007 жылғы 12 айда 808867 тонна тасымалданды; 2008 жылы 889754 тонна тасымалдау жоспарлануда).

4. Трансазиялық дәліз (солтүстік бағыт): Достық - Петропавл, Петропавл - Достық (ұзақтығы - 1910 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 10 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 111294 тонна тасымалданды; 2008 жылы 122294 тонна тасымалдау жоспарлануда).

5. Трансазиялық дәліз (орталық бағыт): Достық - Сарыағаш, Сарыағаш — Достық (ұзақтығы - 1831 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 9 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 1143222 тонна тасымалданды; 2008 жылы 1257544 тонна тасымалдау жоспарлануда).

Сұрақтар:

1. Қазақстандағы жолдар байланысы

2. Көлік салаларының негізгі көрсеткіштері

3. Көліктік қызмет көрсеу орталықтары



Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

Негізігі:

Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.

Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.

Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.

Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.

Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.

Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет