Сұрақтар:
1. Су көлігінің ерекшелігі
2. Круиздік саяхаттарды ұйымдастыру
3. Ірі круиздік компаниялар
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Негізігі:
Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.
Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.
Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.
Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.
Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.
Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
10-тақырып; Су көлігінің ерекшелігі
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.
Сұрақтар:
1. Су көлігінің ерекшелігі
2. Круиздік саяхаттарды ұйымдастыру
3. Ірі круиздік компаниялар.
Адамдарды су бойынша тасымалдау көлік құралдарын пайдаланып саяхаттаудың ең ежелгі түрі. Ең алғашында олар плот, қайықтармен жасалды. Ғылыми техникалық прогресстің дамуы ірі теплоходтардың пайда болуына әкелді. Қызмет көрсету сферасына қазіргі су көлігі: теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Су кемелері теңіз көлігіне қатысты халықаралық, ұзақ және каботажды тасымалдауды іске асырады. Халықаралық теңіз байланысы деп жолаушыны, жүкті мемлекеттің шекарасынан шығару мен алып келуді айтады. Ұзақ тасымалдаулар бір мемлекеттің порттары арасындағы рейстері жатады. Каботажды рейстер теңіз порттары арасында жағалауды бойлай жүргізіледі. өзен флотының кемелері жолаушылар мен жүкті тасымалдау мемлекеттің территориясы ішінде орналасқан су жолдары арқылы жүргізіледі. Ішкі су жолдарына өзендер, көлдер, су қоймалар, каналдар, шлюздер жатады.
Су көліктерінде саяхаттаудың артықшылықтары:
ең комфорты көлік түрі
сыйымдылық өте жоғары
толық қызмет түрлерінің жиынтығы
Су көліктерінде саяхаттаудың кемшілігі:
жүру жылдамдығы аз
байланыс шектеулігі
теңіз аурулары
жоғары баға
20- ғасырдың аяғында круизді индустрия туристік бизнестің тез дамушы секторына айналды. Круиз дегеніміз су көлік түрінде саяхаттау. Оған аралдарға жағалау экскурсиялары, порт қалалардың көрікті жерлерін көру, теңіз және өзен лайнерлерінде әртүрлі көңіл көтеру кіреді.
ДТҰ мәліметтері бойынша круиздерге қатысушылардың орта жасы- 48 жас. Криуздердің саяхаттау ұзақтығы 6-30 күн аралығы. Ең жақсы сұраныс уақыты- 10-14 күн. Негізгі аудандары Кариб, Жерорта теңіздері. Криуздерді шығынды ақтау үшін кеменің тиелуі 80-90%, әуе көлігі 60-65%, қонақ үйде 50-60%.
Каюталардың жіктелуі (шетелде):
Премиюм- 1. 2-3 орынды, барлық қолайлылықтар
Премиюм-2. 2 орынды
Стандарт -1. 2-3 орынды, жартылай қоайлылықтар
Стандарт- 2-4 орынды,
Эконом 2-6 орынды, аз қолайлылықтар.
Басқа да жіктеулер бар. М: люкс A2, A4, B2 т.б.
Круиздің бағасы кемені жалға алу көлеміне байланысты болады. Ол келесідей фактоларға тәуелді:
Кеменің комфорттық деңгейі
Каналдардан қту бағасы
Кемені пайдалану уақыты
Жағадағы қызметтер
Салық
Кеменің жүру жылдамдығы
Жол жүру ұзақтығына байланысты.
Кеменің жүру ұзақтығына байланысты жіктеледі: транзиттік, жергілікті, қала маңыңдағы, қала ішіндегі, өткелдер. Круиз саяхаттары зоналары:
Қауіпсіздік зонасы. Жолаушы мен жүктерді тиеу айлақтары, қорғаныш құралдары
Өмір сүруді қамтамасыз ететін кемелерді жөндейтін орындар.
Жолаушыларға қызмет көрсететін орындар
Кемелерге қызмет көрсететін зоналар.
Әлемдегі ең ірі порттар: Барселона, Кадис, Роттердам, Марсель, Неаполь, Стамбул, Нью- Йорк, Сидней т.б. Қазақстанда Ақтау порты.
Сұрақтар:
1. Су көлігінің ерекшелігі
2. Круиздік саяхаттарды ұйымдастыру
3. Ірі круиздік компаниялар
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Негізігі:
Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.
Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.
Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.
Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.
Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.
Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
11-тақырып. Әлемдегі және ҚР-дағы көліктің жалпы сипаттамасы
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету.
Сұрақтар:
1 Дүниежүзілік көлік жүйесі
2.Халықаралық жолаушылар қатынасы
3 ҚР-дағы көлік жүйесі
Әлемдік ЖІӨ (Жалпы Ішкі Өнім) де транспорттың үлесі 4 - 9% арасында қарастырылады.Жылына дүниежүзі бойынша барлық транспорт түрлерімен 100 млрд.т.жүк және 1 трлн.жолаушылар тасымалданады. Бұл тасымалдамаларда 650 млн.автомобил, 40мың теңіз кемелері, 10 мың рейстік ұшақтар, 200 мың локомативтер. Бұл транспорттар саны өсу үстінде.
Барлық жол желілерімен транспорт құралдары жиынтық ретінде дүниежүзілік транспорт жүйесін құрайды. Бұларды дамыған және дамушы елдер транспорт желісі және аймақтық транспорттық жүйе деп бөлуге болады.
Даму деңгейі жағынан ең жоғары нәтижеге Солтүстік Американың транспорттық жүйесін келтіуге болады. Дүниежүзілік транспорт желілерінің 30% осы елге тиесілі, ал автомобиль және құбыр желілері бойынша одан да жоғары көрсеткіштерге ие.
ТМД мүше елдер аймақтық жүйесіне дүниежүзілік транспорт желілерінің 10% келеді, алайда жүкайналымы көлемі бойынша бірінші орынға ие.
АҚШ және Батыс Еуропада соңғы жылдары темір жол желілері автомобил көлігі жағынан бәсекелестікке шыдамай қысқару байқалуда. Жалпы санды емес сонымен қатар дүниежүзілік транспорт желілерінде сапалы өзгерістер де жиілеп жатыр: электрлендірілген темір жол ұзақтығы, қатты қабатты автомагистралдар үлкен диаметрлі құбыр желілері өсуде.
Халықаралық жолаушылар қатынасы. XXғ. екінші жартысындағы сыртқы сауданың, туристік, ғылыми, мәдени, әлеуметтік және басқа да байланыстың тереңдеудің нәтижесінде халықаралық жолаушылар тасымалы бірден өсіп кетті.
Жолаушылар тасымалында жеке қолданыстағы жеңіл автомобил көлігі алғашқы болып тұр, мұның үлесі 56,8 дан 61% өсті.
Дамыған елдердің транспорт жүйесі дүниежүзілік транспорт желілері ұзындығының 78%, дүниежүзілік жүк айналымының 74% құрайды; транспорттық желінің тығыздығы – 100 шаршы км. территорияға 50-60 км.
Дамушы елдердің транспорт жүйесі дүниежүзілік транспорт желілері ұзындығының 22%, дүниежүзілік жүк айналымының 26% құрайды; транспорттық желінің тығыздығы – 100 шаршы км. территорияға 5-10 км.
Транспорт түрлері бойынша келесідей топтастырылады: құрлықтағы (автомобиль, теміржол және трубопровод), судағы (теңіз және өзен) және
Әуедегі дүниежүзілік жүк және жолаушылар тасымалы құрылымы бойынша автомобиль транспорты алдыңғы орында, оған келетін үлес жалпы дүниежүзілік көлемнің жүк айналымының 8% және жолаушылар айналымының 80% құрайды. Теміржол транспорты жүк айналымының 16% және жолаушылар айналымының 11%, сәйкесінше теңізде 62 және 1%, су 3 және 1%, әуе 1 және 8%. Трубопровод арқылы жүк айналымының 11% қамтамсыз етілуде[26].
Дүниежүзінде транспортты дамытудың жаңа талаптарын қалыптастыру. Жоғары технологияларды қолдану транспорттық жолдардың өткізу мүмкіндігін, жүру жылдамдығын арттырды.
Сұрақтар:
1 Дүниежүзілік көлік жүйесі
2.Халықаралық жолаушылар қатынасы
3. ҚР-дағы көлік жүйесі
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
Негізігі:
Транспортное обеспечение в туризме : учебник / А. С. Кусков. - М. : КНОРУС, 2011. - 368 с.
Транспортное обслуживание туристов ] : учеб. пособие / О. Я. Осипова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2011. - 384 с.
Сервис на транспорте : учеб. пособие / ред. В. М. Николашина. - М. : Академия, 2012. - 272 с.
Будко И.И. Транспортное обслуживание туризма : учеб. пособие / И. И. Будко. - М. : МарТ, 2012. - 336 с.
Рубаник А.Н. Технологии въездного туризма : учебное пособие / А. Н. Рубаник. - 2-е изд., испр. - Ростов н/Д : Феникс, 2012. - 384 с.
Смыкова, М. Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг : учебник / М. Р. Смыкова. - Алматы : Нұр-пресс, 2011. - 220 с.
12- ҚР-дағы туристік тасымалдау.
Мақсаты: Студенттерге осы тақырып бойынша негізгі теориялық білімді беру және де оны тәжірибеде қолданудың аясын ашып көрсету
Сұрақтар:
1. Қазақстандағы жолдар байланысы
2. Көлік салаларының негізгі көрсеткіштері
3. Көліктік қызмет көрсеу орталықтары.
Қазақстан Республикасының транспорты – бұл оның территориясында тіркелген жеміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электендірілген және де ел территориясындағы магистралдық құбыр транспорттары.
Қазақстан Республикасының Статистика Агентігінің мәліметіне сәйкес 2007ж. теміржол транспортының үлесі барлық транспорт түрлерінің жүкайналымының 57,4%, жолаушылар тасымалының 11,9% құраған.
Қазақстандағы теміржолдардың жалпы ұзындығы 15,1мың км. оның ішінде екіжолдық линия 5,3 мың км. көбі, электр жүйесімен линиялар 3,7мың км.
Құрлық жол байланысының негізгі үлесі автомобил және теміржолға тиесілі (сәйкесінше 91,6 және 15,1 мың км). Қолданыстағы су жолдары ұзындығы 61 мың км., құбырлар – 16,8 мың км.
Қазақстан Республикасының темір жол саласының негізгі көрсеткіштері мәліметтерге сүйене бүгінгі ақуалға талдау жасауға негіз бар.
Транспорт желілерінің 1000 шары км территорияға тығыздығы 40,8 км. Теміржол тығыздығы – 5,5 км, қатты төсеммен автомобил жолдары – 30,7 км, ішкі су жолдары – 1,5 км. Дамыған елдермен салыстырсақ, транспорт желілер тығыздығының орташа көрсеткіші 500-600 км, дамушы елдерде 50-100 км 1000 шаршы км территорияға.
2007 жылы теміржолмен көрсетілген қызмет көлемі 458,8 млрд. теңге құрады.
Теміржол транспортының табысының негізгі көлемі жүк тасымалынан қалыптасады.
Теміржол транспортының дамуын тежеуші мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:
Негізгі бағыттар бойынша жүк және жолаушылар тасымалдаушы теміржолдардың қашықтығын қысқартатын жолдардың болмауы
Жол қозғалысының жылдамдығын арттыруға қазіргі жолдардың сапасының төмендігі
Локоматив, жүк және жолаушылар вагоны паркінің құрамының ескіру деңгейінің жоғарылығы.
Жүк тасымалын аңдып отыратын электрондық жүйенің әлсіздігі немесе жоқтығы
Теміржол инфрақұрылымының халықаралық стандарттарға сай болмауы
Келтірілген таблицадан көргеніміздей, 2005 жылға дейін теміржол транспортында саны азайып отырған. Тек 2006 жылдан тепловоздар, электрооздар және вагондар (жүк және жолаушылар) көбейе бастады.
Автомобил транспорты жағдайы мүлдем басқаша, автомобиль транспорты саны (жүк және жеңіл машиналар, автобустар) тұрақты көбейе бастады. Бұл қазақстан экономикасындағы оның маңызды ролін аңғартады.
2001 жылдан бастап 2006 жылғы кезеңде Үкімет саланы қайта құрылымдаудың екі бағдарламасын қабылдады және іске асырды. Бағдарламалар шеңберінде бейінді емес активтер "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ құрамынан шығарылды, жөндеу және қамтамасыз ету қызметі кәсіпорындары бәсекелестік ортаға шығарылды . 2007 жылы жолаушы тасымалдау нарығында жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды 7 компания жүзеге асырды, конкурстың қорытындысы бойынша 2008 жылы тасымалдауды 12 компания жүзеге асыруда. Өспелі қорытынды бойынша жолаушы вагондарының тапшылығы 2008 жылы - 315 бірлікті, 2009 жылы - 489, 2010 жылы - 608 бірлікті, 2011 жылы - 720 бірлікті, 2012 жылы - 807 бірлікті құрайды.
Автомобил транспорты мен 2007 жылы 1667,3 млн.т.және 7747,9 млн. адам тасымалданған. Автомобил транспортының қызметі 783,9 млрд. теңгеге бағаланды.
Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда, жүргізген жұмыс бойынша Нормативтік құқықтық актілер(НҚА) мен стандарттарға келесідей талдау жасауға болады.
Транспорт саласын экономиклық цикл бойынша бес этапқа бөлінеді.
Бұл саладағы басты реттеуші заң ретінде халықаралық келісімдер мен конвенциялар одан кейін ҚР Үкіметінің өкімдерімен іске асуда.
Саланың даму тенденциясы өте қарқынды, бұған келесідей себептер айтуға болады: елдің ДСҰ(Дүниежүзілік Сауда Ұйымы) енуі, халықаралық стандарттарға ұмтылу, ішкі рынок сұранысының артуы және т.б.
Транспорт саласында істеп жатқан субъектілердің ұйымдық құқықтық нысандары бойынша мәліметтер (Кесте 10).
Қазіргі таңда транспорттық қызмет көрсету саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен олардың ұйымдық құқықтық нысаны жыл сайын өзгеруде. Мемлекеттік кәсіпорындар саны тұрақты қысқаруда, шағын кәсіпорындардың саны жылданжылға өсу үстінде.
Кесте 10 - Заңды тұлғалардың ұйымдық - құқықтық нысаны бойынша
|
Барлығы, бірлік
|
Оның ішінде
|
|
|
Мемлекеттік кәсіпорындар
|
Шаруа
шылық серіктес
тіктер
|
акционерлік қоғамдар
|
өндірістік коопера
тивтер
|
Басқа
лар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
2009 ж.
|
|
|
|
|
|
|
Транспорт және байланыс
|
6566
|
78
|
5679
|
354
|
120
|
335
|
Шағын
|
6116
|
44
|
5427
|
200
|
116
|
329
|
Орта
|
359
|
26
|
215
|
109
|
4
|
5
|
Ірі
|
91
|
8
|
37
|
45
|
|
1
|
2010 ж.
|
|
|
|
|
|
|
Транспорт және байланыс
|
7378
|
66
|
6532
|
286
|
114
|
380
|
Шағын
|
6921
|
39
|
6231
|
164
|
112
|
375
|
Орта
|
367
|
18
|
264
|
79
|
2
|
4
|
Кесте10(жалғасы)
Ірі
|
90
|
9
|
37
|
43
|
|
1
|
2011 ж.
|
|
|
|
|
|
|
Транспорт және байланыс
|
7547
|
52
|
6748
|
228
|
97
|
422
|
Шағын
|
7070
|
30
|
6406
|
124
|
95
|
415
|
Орта
|
389
|
14
|
306
|
60
|
2
|
7
|
Ірі
|
88
|
8
|
36
|
44
|
|
|
Кестеден көргеніміздей, транспорт және байланыс саласындағы кәсіпорындар саны өсіп келеді. 2009ж. шаруашылық серіктестіктердің жалпы саны 90,7% құрап отыр. Кәсіпорындар құрылымы бойынша 2009ж. шағын кәсіпорындар құрамында 50 адамға дейінгі 93,7%, орта 5,1%, шағын 1,2% құрады.
Қазақстан территориясы бойынша жалпы қолданысқа 91,6 мың км. автомобил жолдары келсе, оның 83,7мың км. қатты төсеніш жолдары. Шетел көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, келесі кестеден көреміз(Кесте 11).
Кесте 11 - Дүниежүзіндегі елдердегі автомобил жолдарының тығыздылығы
Елдер
|
Жалпы аудан шаршы. км
|
Автожол ұзындығы км
|
Жалпы ауданның 1000 шаршы км. автожол тығыздығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Қазақстан
|
2 717 300
|
83 700
|
30,8
|
Ресей
|
17 075 200
|
879 100
|
51,5
|
Германия
|
356 954
|
220 793
|
618,5
|
Польша
|
312 683
|
352 802
|
1128,3
|
Франция
|
551 000
|
1 551 400
|
2815,6
|
АҚШ
|
9 363 200
|
6 365 590
|
679,9
|
Индонезия
|
1 919 443
|
119 500
|
62,3
|
Түркия
|
779 452
|
49 615
|
63,7
|
Қытай
|
9 560 000
|
1 300 000
|
136,0
|
Өз мәніне қарай жолдар республикалық және жергілікті болып екіге бөлінеді. Оның ішінде республикалық маңызды жолдар үлесі 26,1% жергілікті 73,1% құрайды. Қазақстандағы автожолдардың 88% 3 және 4 санаттағы жолдар қатарына жатады.(Кесте12) Осы себепті өткізу қабілеті де төмен болып келеді.
Кесте 12 - Санат бойынша автомобил жолдардың негізгі сипаттамалары
Жол санаты
|
Әкімшілік маңызыдылығы
|
Есептік жиілігі (жеңіл автомобил транспорты күніне)
|
Есептік қозғалыс жылдам
дығы
|
Қозғалыс полосасының саны
|
Өтпелі бөлііктің ені
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
I
|
Мемлекеттік маңыздылығы бар магистралдық жолдар
|
14000 жоғары
|
120 ден 150
|
4-8
|
2х7,5-2х15
|
II
|
Облыстық маңыздылығы бар магистралдық жолдар
|
6000 нан 14000 дейін
|
120
|
2
|
7,5
|
III
|
Жергілікті мағыздылығы бар автомобил жолдары
|
2000 нан 6000 дейін
|
100
|
2
|
7
|
IV
|
Жергілікті мағыздылығы бар автомобил жолдары
|
200 ден 2000 дейін
|
80
|
2
|
6
|
V
|
Жергілікті мағыздылығы бар автомобил жолдары
|
200 дейін
|
60
|
1
|
4,5
|
Дүниежүзілік Банк эксперттерінің мәліметтеріне қарай соңғы 20 жылда дамушы елдер (85 ел) 45млрд долларды инфрақұрылым жағдайының төмен болу себебімен жоғалтты. Мысалы, жылына жолды жөндеуге жұмсалмаған 1 доллар ( трафик 500 машина күніне) жүргізуші үшін 3,4- 6,1$ жоғалтады.
Автомобил транспортының дамуын тежеуші мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:
1 және 2 санаттағы жаңа жолдардың жетіспеушілігі (бір бағытта екі полоса) халықаралық транзиттің дамуын тежейді
Автомобилдердің Халықаралық экология стандарттарына сай келмеуі
Жол бойында инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасының жоқтығы немесе әлсіздігі
Жүкті тасымалдау барысындағы әкімшілік тәуекелдердің жоғарылығы
Қазақстандағы негізгі жолдар кеңес үкіметінің саясатымен салынғандықтан қазір көптеген байланыстар ең тиімді деп айта алмаймыз, оған да себеп еңбек нарығының негізгі экономикалық кеңістіктердің өзгеруінен. Қазақстанда бүгін 2 мың ауылдық пунктілерде жыл бойы көрсетілетін транспорттық байланыс жоқ. Халықты байланыспен қамту деңгейі бүгін 69% ды құрайды.
Қазақстанда транспорттық логистикалық кешендерді қалыптастыру
Кез келген экономиканың бәсекелестік деңгейінің жоғары болмауы оның біріңғай транспорттық жүйесінің болмауы, ел экономикасының сұранысы болса екінші жағынан интеграциялық процестердің жүруі. Қазақстан өзінің географиялық орналасу тұрғысынан транспорттық әлеуетін толық қолдануы және мықты транспорттық логистикалық жүйесін құруы қажет.
Қазақстанның аумағы бойынша республикадағы қазіргі көлік инфрақұрылымының негізінде құрылған халықаралық төрт көлік дәлізі өтеді[51]:
Трансазиялық темір жол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі: Батыс Еуропа –– Ресей мен Қазақстан (Достық – Ақтоғай – Саяқ - Мойынты – Астана – Петропавл (Пресногор) учаскесінде) арқылы Қытай, Корей түбегі және Жапония.
ТАТМ оңтүстік дәлізі: Оңтүстік Шығыс Еуропа – Түркия, Иран, Орталық Азия елдері мен Қазақстан (Достық – Ақтоғай – Алматы – Шу – Арыс - Сарыағаш учаскесінде) арқылы Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия.
ТРАСЕКА: Шығыс Еуропа – Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық – Алматы - Ақтау учаскесінде) арқылы Орталық Азия.
Солтүстік – Оңтүстік: Солтүстік Еуропа – Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағының елдері, Ақтау теңіз порты - Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау -Атырау учаскелерінде Қазақстанның қатысуымен.
Негізгі трансконтиненталдық бағдарларды құрауға енетін бағыттармен қатар Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш - Озинки бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымал үшін аса маңызға ие ТАТМ Орталық дәлізін атаған жөн.
Дәліздер Шығыс-Батыс қатынасындағы қашықтықты және жүктерді жеткізу мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Транспорт стратегиясына сәйкес 2015 жылға қарай мұндай 20 құрылыс бой көтеру жоспарлануда.
Таяу уақытта Хоргос, Достык шекараларында транспорттық логистикалық орталықтар салыну басталады.
Трансконтинентальдық тасымалдарды жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасыныңтранзиттік әлеуетін дамыту көбіне республика аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін және олардыңтармақтарын дамытумен байланысты:
1. ТРАСЕКА дәліздері: Достық - Ақтау, Ақтау - Достық (ұзақтығы - 3836 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі — 19 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 1282832 тонна тасымалданды; 2008 жылы 1411115,2 тонна тасымалдау жоспарлануда).
2. Оазис: Ақсарай, Ақсарай - Оазис (ұзақтығы - 832 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 4 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 824430 тонна тасымалданды; 2008 жылы 906873 тонна тасымалдау жоспарлануда).
3. Ортаазиялық дәліз: Сарыағаш - Озинки, Озинки - Сарыағаш (ұзақтығы - 2147 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 11 тәулік;
2007 жылғы 12 айда 808867 тонна тасымалданды; 2008 жылы 889754 тонна тасымалдау жоспарлануда).
4. Трансазиялық дәліз (солтүстік бағыт): Достық - Петропавл, Петропавл - Достық (ұзақтығы - 1910 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 10 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 111294 тонна тасымалданды; 2008 жылы 122294 тонна тасымалдау жоспарлануда).
5. Трансазиялық дәліз (орталық бағыт): Достық - Сарыағаш, Сарыағаш — Достық (ұзақтығы - 1831 км; Қазақстан Республикасы бойынша жеткізу мерзімі - 9 тәулік; 2007 жылғы 12 айда 1143222 тонна тасымалданды; 2008 жылы 1257544 тонна тасымалдау жоспарлануда).
Достарыңызбен бөлісу: |