1) Тезис анық және нақты қорытындылауы керек Бұл ереже сақталмаса, пікір-талас шексіз созылуы мүмкін, себебі екі жақ та оз пікірлерін дұрыс деп есептейді.
Мысалы: Не ерте пайда болды: жүмыртқа ма, әлде тауық па? — деген сұраққа, бірі — әрине тауық, себебі ол жүмыртқалайды десе, екіншісі — тауықтың өзі жүмыртқадан пайда болады деп ой қорытады, сөйтіп пікір-талас нәтижесіз болады 2) Дәлелдеу барысында тезис бір қалыпты болып, өзгермеуі керек Бұл ереженің бүзылуы — «тезисті ауыстыру» деп аталатын қателікке соқтырады. Басқаша айтқанда ұсынылған тезистің орнына басқа тезисті (мейлі оған өте ұқсас болсын бәрібір) дәлелдеуге болмайды. Бұл қателік не әдейі (жеңіп шығу үшін), не байқаусызда болуы мүмкін Мысалы: Тергеу барысында, сот процесінде айыпкер озінің бұл қылмыстық іске қатысы жоқ екендігін дәлелдеу барысында өз пікірін негіздей алмайтын болғанда, көбінесе соған ұқсас тезисті дәлелдеу арқылы өзінің қылмысқа қатысы жоқ екендігін негіздеуге тырысады. Бұл жерде айыпкер саналы түрде тезисті ауыстыруға барып отыр