Софизмнің мысалы: Ұры жағымсыз затты алгысы келмейді Жагымды затты алу жақсы іске жатадық Ұры жақсы іске үмтылады Бұл софистік ой тұжырым «алу» ұғымының қос мағынада қолданылуына байланысты алынып отыр. Бірінші алгышартта қолданылып отырған «алу» — «ұрлау» деген сөздер ауыстырып қолданылса, екінші алғышартта «алу» — «сатып алу», «ауыстырып алу» сияқты сөздердің мағынасында қолданылып отыр. Сөйтіп, ұғымдарды алмастыру арқылы «ұры жақсы іске үмтылады» — деген жалған қорытынды жасалып түр. Парадокс деп бірін-бірі теріске шығаратын екі пікірдің екеуін де дәлелдеуге болатын, бірақ оларды ақиқатқа да, жалғанға да жатқызуға болмайтын, шешілмей-тін қарама-қайшылықтағы пай-ымдауларды айтамыз. Логикада ондай пайымдауды антиномия (зандағы қайшылық) деп те атайды. Парадокстың мысалы: Зенон - өзінің «Жебе» апориясында ұшып келе жатқан жебе әр уақытта да өзінің ұзындығына сәйкес орын алады,. сол орында тыныштықта болады, қозғалыс тыныштықтардың қосындыларынан тұруы мүмкін емес, сондықтан жебе ешқашан қозғалмайды, - деп Зенон ой қорытады
Әдебиеттер
1. Мұхамбеталиев Қ.М Логика. - Алматы, 2002 2. Ыскакова Р.У., Габитов Т.Х. Логика. Оқу құралы, заң мамандыктарына арналган. 2-шi басыл., оңделген. - Алматы: Раритет, 2004. 232 б. 3. Кириллов В.И., Старченко А.А. Логика: учебник для юридических вузов. — Изд. 6-е, перераб. и доп. - М. : ТК Велби, Изд-во Проспект, 2008. - 240 с. 4. Асмус В. Логика. – М.,1999. - 362 с.