30- сурет.
Image компоненті форма бетіне графиктік бейне қою үшін қолданылады. Оның қасиеттері:
AutoSize қасиетінің мəні ақиқат болса Image компонентінің өлшемі қойылған бейне өлшемімен сəйкестендіріледі.
Stretch қасиетінің мəні ақиқат болса компонент өлшемі емес, керісінше бейне өлшемі компонент өлшеміне сəйкестендіріледі.
Center-қасиетінің мəні ақиқат болса, онда бейне центрі Image компонентінің центріне сəйкестендіріледі. Аталған үш қасиеттің мəні бульдік болып табылады жəне олар true, false екі мəннің біреуін қабылдайды.
Picture қасиеті компонентке графиктік бейне қоюды жүзеге асырады. Бұл қасиеттің LoadFromFile жəне SaveToFile əдістері компонентке сурет жүктеуді жəне суретті сақтауды жүзеге асырады. Жалпы түрдегі жазылу форматтары:
procedure LoadFromFile(const FileName: string); procedure SaveToFile(const FileName: string);
Мысалы: Image1.Picture.LoadFromFile (‘d:\4204\Adil.bmp’);
31- сурет.
procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject); begin
Image1.Picture.LoadFromFile('c:\4204.bmp'); end;
Достарыңызбен бөлісу: |