27- сурет. Additional парағы.
BitBtn – Бетінде суреті жəне жазуы бар нұсқаулық батырма.
SpeedButton – пиктограммалық батырма.
MaskEdit – арнайы мəтіндік редактор. Енгізілетін мəтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді.
StringGrid – жолдар кестесі. Бұл компонент мəтіндік ақпаратты
кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
DrawGrid – кез- келген түрдегі мəліметтерден тұратын еркін кесте (тіпті суретте те болуы мүмкін)
Image – сурет. Бұл компоненттің көмегімен суреттерді, пиктограммалар мен метафайлдарды шығаруға болады.
Shape – фигура. Бұл компоненттің көмегімен əр түрлі фигураларды (төртбұрыш, эллипс, шеңбер т.с.с.) формаға орналастыруға болады.
Bevel – жиек. Терезенің аумағын үш өлшемді қоршаумен немесе белдеулермен жиектеу үшін арналған.
ScrollBox – орағыш жолақтар тақтасы. Егер тақташадағы орналыстырылған компоненттер ашылған терезеде толығымен көрсетілмесе, онда белдеулер автоматты түрде орнатылады.
CheckListBox – ұсынылған тізімнен бірнеше опцияларды таңдауға мүмкіндік туғызады (əр опция CheckBox ауыстырғышымен қамтылған).
Srlitter – шекара. Бұл компонент формадағы екі көрінетін компоненттер аралығында орналасады жəне бағдарламаның орындалу барысында компоненттерді арасындағы шекарасын жылжытуға мүмкіндік туғызады.
StaticText – статикалық мəтін, Label -ден айырмашылығы – өзіндік Windows терезесімен қамтылған. Сондықтан бұл терезедегі мəтінді жиектеуге болады.
Application-Events – Егер бұл компонент формаға орналыстырылса, онда Windows-тің бағдарламаға арналған хабарлары сол терезеге шығарылады.
Chart – диаграмма. Бұл компонент мəліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы тақташаларды құруды жеңілдетеді.
Standard парағында орналасқан Button батырмасы стандарт батырма болып табылады да, қосымша жасауда жиі қолданылады. Ал Additional парағында батырманың ерекше түрі –Bitbtn қолданылады. Бұл батырманың қарапайым батырмадан айырмашылығы- оның бетіне сурет орналастыруға болады. Батырма бетіндегі жазу Caption қасиеті арқылы қойылады.
Bitbtn батырмасының Kind қасиеті батырма түрін анықтайды. Бұл қасиеттің қалыпты жағдайдағы мəні- bkCustom. Одан басқа да мəндері: bkOK, bkCancel, bkHelp, bkYes, bkNo, bkClose, bkAbort, bkRetry, bkIgnore, bkAll. Бұл батырмаларда сəйкес жазу мен пиктограмма орнатылған.
Батырма бетіне сурет Glyph қасиеті арқылы қойылады. Объект бақылаушысы терезесіндегі Glyph қасиетінің жанындағы көп нүктелі жолды шерткен кезде шағын терезе ашылады. Одан Load батырмасын шертіп, қажетті bmp типті файлды таңдау керек. Delphi-де батырмалар үшін суреттердің мол жиынтығы бар. Олар əдетте \program files\common files\borland shared\ Images\Buttons бумасында орналасады.
Кез- келген батырманың негізгі оқиғасы- OnClick. Ол батырманы шеркен кезде пайда болады.
сурет.
Мысал1. Сəйкес батырмаларды шерткенде экранға ағымдық уақыт, ағымдық дата шығатын жəне Edit компонентіндегі мəтінді алмастыру буферіне қиятын, көшіретін жəне қоятын жəне форманы жабатын код жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |