«Delphi программалау тілі»


- апта 1 кредит сағат



бет13/66
Дата11.09.2020
өлшемі1,77 Mb.
#77807
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Байланысты:
Delphi программалау тілі

3- апта

1 кредит сағат.

Тақырыбы: Форма жəне оның сипаттамасы. Checkbox, radiobutton компоненттері.



Дəріс мазмұны:

  1. Форма жəне оның сипаттамасы

  2. Кездейсоқ сандар генераторы.

  3. Checkbox компоненттері, қасиеттері.

  4. Radiobutton компоненттері, қасиеттері.

Форманы көрсету, жасырудың Show, Hide əдістері. Форманы жасаудың OnCreat оқиғасы. Форманы экранда көрсетпеудің Visible қасиеті. Форманы жабудың Close, форманы жоюдың Free əдістері. Форманы экрнда бейнелеудің WindowState қасиеті. Форма шартбелгісін өзгертудің Icon қаситеі.

Font қасиеті. Оның ішкі қасиеттері: Name (TFontName типті), Size (Integer типті), Size (Integer типті), Height (Integer типті), Color (TСolor типті), Style (TFontStyle типті).

Style қасиетінің мəндері.

Компоненттердің қасиеттері: Cursor, Hint, Top,Left, Width,Height.

Delphi-де кездейсоқ бүтін сандармен жұмыс істеуге болады. Ол үшін кездейсоқ сандарды шығарудың Random() функциясы қолданылады. Əр орындатқанда уақыт өтуіне байланысты əр түрлі кездейсоқ бүтін сан шығару үшін кездейсоқ сандар генераторы іске қосылады. Ол Randomize стандарт функциясы арқылы жүзеге асырылады.

Берілген [a,b] аралығындағы кездейсоқ бүтін санды шығару үшін функция былайша жазылады: Random (b-a)+a; мысалы: [10,50] аралығындағы кездейсоқ бүтін санды шығару үшін функцияның жазылуы: random (40)+10;



Мысал2: Жоғарыдағы екі енгізілген санның қосындысын табатын программаны компьютер арқылы кездейсоқ алынған екі санның қосындысын табуға өзгертуге болады.

Онда жобаның интерфейсі былайша болады.





11- сурет.

Edit1 жəне Edit2 компоненттеріне 1-ден 100- ге дейінгі кездейсоқ бүтін сандарды толтыруды орындайтын BitBtn1 батырмасының коды төмендегіше болады: procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject); begin randomize;

Edit1.Text:=IntToStr(random(100)); Edit2.Text:=IntToStr(random(100)); end;



Нəтижені шығаратын BitBtn2 батырманың коды 1-мысалдағыдай болады. Delphi тілінде берілген бірнеше пункттен біреуін немесе бірнешеуін таңдауға мүмкіндік беретін айырып- қосқыштар қолданылады.

RadioButton компоненті қызметі басқа батырмалардың қызметімен байланысты болатын тəуелді батырма болып табылады. Жеке бір радиобатырманың мағынасы жоқ, олар топта бір- бірімен байланысты қолданылады. Біреуі таңдалғанда, екіншісі автоматты түрде айырылады. Компонент қасиеттерін қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет