IntToStr (Value:Integer): String; - Value бүтін санды өрнегінің мəнін жолға түрлендіру.
StrToInt (const S: String): Integer; - S жолын бүтін санға түрлендіру. FloatToStr (Value:Extended): String; - Value нақты санды өрнегінің мəнін жолға түрлендіру.
StrToFloat (const S: String): Extended; – S жолын нақты санға түрлендіру
DateToStr(Date:TDateTime) : String; - Date өрнегіндегі дата мəнін жолға түрлендіру. TimeToStr(Time:TDateTime) : String; - Time өрнегіндегі уақыт мəнін жолға түрлендіру.
StrToDate (const S: String ) : TdateTime; - S жолын датаға түрлендіру.
StrToTime (const S: String ):TdateTime; - S жолын уақытқа түрлендіру.
Компонент қасиеті экранның сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан Объект бақылаушысының терезесі арқылы өзгертіледі. Ол екі астарлы беттен тұрады:
Properties (Қасиеттер) жəне Events (Оқиғалар).
Қасиет (сипаттама, параметр)- объектілердің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайтын атрибуттар.
Əр компоненттің қалыпты жағдайда берілген аты жəне қасиет мəндері болады. Оны қалауымызша өзгертуге болады.
Мысалы: Формаға Standard парағынан батырма (Button) жəне жазба (Label) компонентін əкеліп орналастырсақ, олардың аттары жəне тақырыптары қалыпты жағдайда Form1, Button1, Label1 болады. (1-сурет). Компонент тақырыптарын Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. (2- сурет).
1-сурет. 2- сурет.
Компонент қасиеттерінің негізгілерін қарастырайық.
Name қасиеті (Tcomponent Name типті) компонент атын көрсетеді. Əр жаңа типке автоматты түрде оның аты жəне нөмірі меншіктеледі. Мысалы: Form1, Form2, Button1, Edit2, Label1 т.с.с.
Caption қасиеті (Tcaption типті) компоненттің тақырып жолынан тұрады. Ол символдық (String) типті болады. Мысалы: Button1. Caption:=’Батырманы шерт’;
Form1.Caption:=’Калькулятор';
Text қасиеті (Tcaption типті) компонентке байланысты жолдан тұрады. Бұл қасиет мəні компонент мазмұны болып табылады. Мысалы: Edit1.text:=’Студент’;
Memo1.Text:='Блокнот';
Enabled қасиеті (Boolean типті) компонент белсенділігін анықтайды. Егер қасиет мəні true (ақиқат) болса, онда компонент белсенді, ал false (жалған ) болса, онда компонент белсенді емес. Мысалы: Edit1.Enabled:=false; Button1.Enabled:=false; болса Edit1- дегі мəтінді өзгерту жəне Button1 батырмасын шерту мүмкін емес.
Color қасиеті (Tcolor типті) компонент фонының түсін анықтайды.
Оның мəндері: clRed (қызыл), clAqua (ашық- көгілдір), clBlue (көк), clGreen (жасыл), clYellow (сары), clWhite (ашық), clFuchcia (күлгін) т.б.
Мысалы: Edit1.Color:=clLime;
Edit1.Font.Color:=clMaroon; {компоненттің фон түсі ашық жасыл, қаріп түсі қоңыр (каштан) түспен боялады}
Visible қасиеті (Boolean типті) компоненттің көрінуін басқарады. Егер қасиет мəні true болса, онда компонент экранда көрінеді, керісінше жағдайда көрінбейді.
Мысалы: Edit1.Visible:=false; Button1.Visible:=true;
Font қасиеті (TFont типті) компоненттегі мəтін қарпін анықтайды. TFont класы қаріп параметрін басқаруды жүзеге асыратын келесі қасиеттерден тұрады.
|