12- сурет. Standard парағы.
STANDARD парағының құрамына келесі компоненттер кіреді:
Frame –Жиектері бар форма тəрізді аумақ, басқа компоненттердің контейнері ретінде қолданылады.
MainMenu - негізгі меню жүйесі.
PopurMenu – жанама немесе контекстік меню.
Label - жазба. Ол компонентке шағын мəтін шығару мақсатында қолданылады.
Edit – 1 жолды мəтіндік өріс
Memo – көпжолды мəтіндік өріс.
Button – қарапайым батырма.
CheckBox – тəуелсіз ауыстырып- қосқыш.
RadioButton – тəуелді ауыстырып- қосқыш.
ListBox – тізім.
ComboBox – тізімдік өріс.
ScrollBar – айналдыру жолағы
GroupBox – элементтер тобы.
RadioGroup – тəуелді ауыстырып- қосқыштар тобы.
Panel – Тақташа.
ActionList - əрекеттер тізімі.
Бір жолды мəтіндік ақпараттарды енгізу, шығару жəне редакциялау үшін Edit компоненті қолданылады. Оның негізгі қасиеті- Text.
Қолданушы программаның орындалу барысында өзгертуге болмайтын мəтіндік ақпаратты шығару үшін Label компоненті қолданылады. Бұл компоненттің негізгі қасиеті- Caption. Сонымен қатар, мəтіндік ақпаратты ShowMessage процедурасы арқылы да экранға шығаруға болады.
Функцияның жазылу форматы:
ShowMessage(const Msg:String);
Мысалы: ShowMessage(‘Орындаған 4204- топ студенті- Уразов Дархан ’);
Нəтижеде экранға OK батырмасы бар шағын хабарлама терезесі шығады.
Қосылған модульдер тізіміндегі SysUtils модулінде жолдармен жұмыс жасаудың келесі функциялары анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |