Əдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
5- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Уақытты басқарудың Timer компоненті. Delphi-де басқа қосымшаларды іске қосу функциялары. Қосымша заставкасын жасау.
Дəріс мазмұны:
Timer компоненті оның қасиеттері.
Timer компонентін қолдану мысалдары.
3.WinExec, ShellExecute функциясы 4. Delphi қосымшасына Flash ролик қою.
5.. Қосымша заставкасын жасау.
Дəріс мазмұны:
System парағында Windows үшін стандартты DDE (Dinamic Data Exchange)жəне OLE (Object Linking and Embedding) мəліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін компоненттер, таймер т.б. жүйелі сервистік элементтерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын компоненттер бар.
46- сурет. System парағы.
Timer – таймер. Бұл компонент уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.
PaintBox - Сурет салуға арналған аумақ. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.
MediaPlayer – мультимедиалық құрылғыларды (CD-Rom, MIDI т.с.с.) басқару жұмыстарын атқарады.
OleContainer – OLE- объектілерін орналастыруға болатын жабдық
(контейнер).
Timer компоненті қосымшада уақыт интервалын есептеуді жүзеге асырады. Таймер уақытпен байланысты əрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданады. Мысалы: мультипликацияны синхронизациялау, белгілі бір уақыт өткеннен кейін қандай да бір терезені жабу, белгілі бір уақыт өткеннен кейін экран “қорғаушысын” қосу, қандай да бір уақыт интервалы өткенде тестілеу программасын айыру т.с.с. Таймер- визуальды емес компонент болып табылады. Таймердің екі қасиеті бар:
Interval- компонентті қосудың уақыт интервалын білдіреді. Ол миллисекундпен өлшенеді. Бұл қасиет таймердің жұмыс жасау периодын береді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін компоненттің OnTimer оқиғасы орындалады.
Мысалы: Timer компонентінің Interval қасиетінің мəнін 5000-ге тең етіп қойып, OnTimer оқиға өңдеушісіне Close операторын жазсақ, онда 5 секунд уақыт өткеннен кейін форма жабылады.
Enabled – компонентті қосу мүмкіндігін беретін логикалық тип. Егер бұл қасиеттің мəні true болса, онда Timer компоненті қосылады жəне керісінше.
Егер Interval = 0 немесе Enabled = false болса, онда таймер компоненті жұмыс жасамайды.
Timer компонентін қолдану мысалдарын қарастырайық.
Мысал1. 5 секундтан кейін ағымдық дата жəне 10 секундтан кейін ағымдық уақыт экранға шығатын қосымша жасаңдар.
Шешуі: Формада 2 таймер компонентін алып, олардың біріншісінің Interval қасиетінің мəнін 5000- ға, екіншісінікін 10000- ға тең етіп қоямыз да, Timer1, Timer2 компонентінің OnTimer оқиға өңдеушілеріне төмендегі кодты жазамыз.
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject); begin
Edit1.Text:=DateToStr(now); end;
procedure TForm1.Timer2Timer(Sender: TObject); begin
Edit2.Text:=TimeToStr(now); end;
Достарыңызбен бөлісу: |