37- сурет. 38- сурет.
RichEdit компоненті көп жолды мəтінді редакциялау терезесі болып табылады. Memo көп жолды мəтіндік редакторынан айырмашылығы RichEdit компонентіндегі мəтін кеңейтілген мəтіндік формат (RTF- Rich Text Format) ережесіне бағынады. SelAttributes қасиетінің мəнін бере отырып, мəтін фрагментінің атрибутын өзгертуге болады. TTextAttributes типті бұл қасиеттің Color (түс), Name (қаріп аты), Size (өлшемі), Style (стиль) т.б. ішкі қасиеттері болады.
Ағымдық абзацты туралау, шегініс т.б. əрекеттерін Paragraph қасиеті басқарады. Оның ішкі қасиеті- Alignment. Ол мəтінді туралауды жүзеге асырады. Бұл қасиеттің мəндері: taLeftJustify (солға), taCenter (центр бойынша ) жəне taRightJustify (оңға). Мысал: RichEdit мəтіндік редакторындағы мəтінді алмастыру буферіне қию, көшіру, қою əрекеттерін орындайтын меню пункттеріне, мəтін қарпінің стилін жартылай қою, курсив, асты сызылған етіп өзгертетін жəне мəтінді солға, оңға, центр бойынша туралайтын батырмалар кодтарын жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |