Дәнді бұршақ дақылдары –адам мен мал азығы үшін өсірілетін өте құнды дақылдар. Барлық бұршақ дақылдарының ерекшелігі – олардың тамырларында тіршілік ететін түйнек бактериялар көмегімен ауадағы азотты жинау қабілетінде. Дәнді бұршақ дақылдары 1 гектар жерден 100 кг-ға дейін азотты жинайды, осы азоттың басым бөлігі топырақта қалып, жер құнарлығын арттырады. Азот ақуыздың құрамына кіреді. Бұршақ дақылдарының дәні мен сабанында ақуыздар өте көп болады. Осыған байланысты адам мен мал үшін бұршақ дақылдарының азықтық маңызы ақуыздың көп болуында.
Дәнді бұршақ дақылдары –адам мен мал азығы үшін өсірілетін өте құнды дақылдар. Барлық бұршақ дақылдарының ерекшелігі – олардың тамырларында тіршілік ететін түйнек бактериялар көмегімен ауадағы азотты жинау қабілетінде. Дәнді бұршақ дақылдары 1 гектар жерден 100 кг-ға дейін азотты жинайды, осы азоттың басым бөлігі топырақта қалып, жер құнарлығын арттырады. Азот ақуыздың құрамына кіреді. Бұршақ дақылдарының дәні мен сабанында ақуыздар өте көп болады. Осыған байланысты адам мен мал үшін бұршақ дақылдарының азықтық маңызы ақуыздың көп болуында.
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшелігі – олардың мал шаруашылығында азық ретінде қолданылуы. Малдың азықтылығын көтеру үшін олардың рационындағы ақуыз мөлшерін көтеру керек, әйтпесе, мал азығының үлкен шығыны мен мал шаруашылық өнімінің өзіндік құны көтерілуі мүмкін.
Ас бұршақ(Pisum sativum L) - елімізде егіс көлемі жағынан және шаруашылықта жан-жақты пайдалануына байланысты дәнді бұршақ дақылдарының бастысы.
Ас бұршақ дәнінде 28% ақуыз, 62,45% көміртегі қосылыстары және қоректік маңызы бар дәрумендер, минералдық тұздар молынан кездеседі, ал ақуызы сапасы жағынан тек жануарлар ақуызынан кем, бірақ адам ағзасына өте пайдалы және 3-4 сағатта қорытылып үлгереді.
Толық піскен дәні тағам дайындауға, ал пісіп жетілмеген дәндері мен бұршақтары консерві жасауға пайдаланылады. Мал азығы ретінде көктей шабылған, ұнтақталған ұн күйінде жұмсалады. Көктей шабылғанда құрамында 2,9%, дәні сүттеніп піскен кезінде орғанда 4,3% шамасында, шөпке шабылғанда кәдімгі бұршақ құрамында 17%, астыққа егілген бұршақта 17-24% протеин болады.
Үрме бұршақ жылу сүйгіш өсімдікОның дәнінде белок 17 — 23%, крахмал 50 — 60% болады. Сол себепті үрме бұршақ жұғымды әрі дәмді тағам, белогы адам организміне оңай (90%) сіңеді. Өнімділігі орташа алғанда әр га-дан 10 — 12 ц. Басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер сияқты үрме бұршақ топырақ құрамындағы азот қорын молайтатын болғандықтан және тез пісетіндіктен көптеген дақылдарға, әсіресе күздік бидайға алғы дақыл болып саналады..
Қытай бұршақ (Glycine hispida) өте бағалы дақылдар қатарына жатады. Оның тұқымында 33-45% ақуыз, 20-25,7% май, 25-27% көмірсутек бар. Күлінде калий, фосфор мен әк көп, майда еритін С, В, Е дәрумендері болады.
Қытай бұршақтың йодтық көрсеткіші 107-137, жай кебетін майы сүзілгеннен кейін тағамдық майы ретінде қолданылады. Қытай бұршақ майы маргарин, сабын, глицерин алуда, бояу өндірісінде, линолеум, клеенка, қытай бұршағы ірімшігі, сүт, ұн, кондитер тағамдары, баспа бояуларын дайындауға қолданылады. Қытай бұршақтан лецитин, желатин және кондитер тағамдары жасалады. Ұсақталған күнжарасы нан пісіруде, макарон өндірісінде қоспа ретінде, сондай-ақ мал азығы үшін де пайдаланылады. Қытай бұршақ күнжарасында ақуыз 47%, ұнында 40%.
Ноқат ( Cicer arietinum) тамаққа қолдану үшін де, мал азығы ретінде де егіледі. Ноқат дәні көбіне, консерві жасау өндірісінің жақсы шикізаты болып саналады.
Ноқат дәнінде 22-31% ақуыз, 47-60% азотсыз сығынды заттар, 4-7% май, 2,4-12,8% клетчатка және 2,3-4,9% күл кездеседі. Ноқат сабағы мен жапырағы құрамында алма және қымыз қышқылдарының көп болуына байланысты мал азағына пайдаланылмайды. Бұршақ пен жасымыққа қарағанда ноқат зиянкестер мен ауруға төзімді, құрғақшылық пен аңызақты жақсы көтереді.
Жасымық (Len) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. 10-ға жуық түрі бар. Жасымық дәнінде 35% белок, 60% крахмал, 2,5% май болады. Дәнінен жарма , ұн, т.б. жасайды. 1 га-дан 15 – 25 ц дән жиналады. Жапырағы мен сабағын және ұсақ дәнді сортының дәнін малға азық ретінде пайдаланады. Жасымыққа отамалы және күздік дәнді дақылдар алғы дақыл болып табылады. Дәнін қатарлап (тұқым себу нормасы 0,7 – 1,7 ц/га), 3 – 5 см тереңдікте егеді. Бөлектеп жинайды.
Атбасбұршақ (Faba vulgaris) — бұршақ тұқымдастарына, бұршақгүлдестер тұқымдас тармағына жататын біржылдық екпе өсімдік. Бұл атбұршақ деп те аталады. Атбұршақ қуаншылыққа төзімді өсімдік. Ат бұршақты тамаққа және мал азығына арнап, өсіреді.
Оның дәнінде 20%-ға дейін сіңімді ақуыз болады, көк шөбінің, пішенінің, сабағының мал азықтық қажеті зор.
Сиыр жоңышқа (Vica) — сабағының ұзындығы 2 м-дей көпжылдық өсімдік. Дәнді дақылдардың арасында арамшөп түрінде өседі. Сабағы мен жапырағының түрпілігіне бола мұны мал жейді.