Дәнді-дақылдар және олардан алынатын өнімдер Жоспары



бет2/2
Дата03.10.2024
өлшемі7,26 Mb.
#205602
1   2
Байланысты:
Практикалық сабақ 18.09.2024 Тамақ өнім техн

Астық тұқымдары

  • Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады.
  • Азық-түлік өнімі ретінде бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады .
  • Қазақстанда арпа дақылы шаруашылық маңызы және егістік көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші орынды алады.
  • Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында арпаның егістік көлемі 1,8 млн.га. Оның 90 пайызы мал азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісінде қолданылады. Жарықтың экономикалық қатынасқа байланысты еліміз де мал басының көбеюімен қатар, сыра өнеркәсібі жақсы дамуда.
  • Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Осыған байланысты селекционер– ғалымдарының негізгі мақсаты жемдік қасиеті мен сыралық сапасы жоғары арпаның жаңа сорттарын шығару болып табылады.
  • Жемдік жаңа сорттарға қойылатын талаптар – тегінің (генотип) тұрақтылығы, өнімнің жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың сынбауы, дәннің төгілмеуі, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және қолдануға байланысты дән сапасының жоғары болуы.
  • Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады.
  • Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні – тары. Тары өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6 пайызы барын анықтауға болады.
  • МАЙ 38 %
  • КӨМІРСУ 59 %
  • КҮЛ 3,6 %
  • МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАР
  • АҚУЫЗ 10-15 %
  • ТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
  • Ұн дәнді өңдеу өнімі болып табылады. Ұн дайындау үшін қара бидай, бидай, арпа, жүгері, сұлы, күріш, қарақұмық қолданылады. Ұнды дайындау процесі дәнді тазарту мен оны тарту кезеңдерінен тұрады.
  • Ұнның жетілуі маңызды процесс болып табылады. Жаңа дайындаған ұнның нан пісіру қасиеті төмен.Осындай ұннан дайындалған қамыр былжыр келеді, ал пісірілген нанның кеуектілігі төмен болады.
  • Астықтан дайындалған ұн тағы да екі- үш тәулік тұрады.Осы уақыттан кейін ғана ол пісіруге жарамды болады.
  • Нанның тағамдық және биологиялық құндылығы нанға қосатын қоспалар, ұнның сорты мен түріне байланысты. Адам күнделікті рационмен 250-500г нанды қолдана отырып, күнделікті 25-35г. белок, 150-200г көмірсу, минералдық заттар мен витаминдерді алып отырады.Нан минералдық элементтер калий, натрий, хлор, темір, мыс, иод, марганец т.б тасымалдаушысы болып табылады.

Дәнді дақылдар зиянкестері — ауылшаруашылық дәнді дақылдарын зияндайтын жәндіктер; бұлар екі топқа бөлінеді:

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі:

  • Т.Ш.Шарманов, Тағам гигиенасы. Алматы, 2006ж
  • kk.wikipedia.org
  • http://stud.kz/

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет