Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша


Негізгі әдебиеттер: [1,2]



бет25/56
Дата08.02.2022
өлшемі248,75 Kb.
#118183
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
esmagambetov

Негізгі әдебиеттер: [1,2]


12 Лекция тақырыбы: Екінші дүниежүзі соғысынан кейінгі кездегі спорттың дамуы.


Лекция жоспары:


  1. Солтүстік мемлекеттерінің спортқа деген көзқарасы.

  2. АҚШ мемлекетіндегі дене мәдениетінің дамуы.

  3. Халықаралық ойындар.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін көптеген ірі капиталистік және Солтүстік елдерді спорт қызықтыра түсті.


Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін көптеген мемлекеттердің спортқа көзқарастары өзгерді. Көбінесе жастар арасындағы жұмыстарға үлкен көңіл бөлді. Ойындар саясатқа байланысты АҚШ, ФРГ әскери жағынан спортқа экономикаға байланысқа қатаң тәртіп орнады. Жастарды қызықтырып жігерлендіре түсу үшін оларға спорт деген бейбіт соғыс және мұнда кім күшті кім тез екендігін білдіреді. Бейбіт соғыс деген бұл спорт деп түсіндірді. Спорт АҚШ, ФРГ, Англия, Франция, Япония мемлекеттірінде жастар мен балалардан басқа да адамдарды қызықтыра түсті. Көбінесе жастарды спорт өзіне тарта түсті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін спорт үлкен бизнеске айнала түсті. Спортты теледидардан көрсетіп, радиолардан айта бастады, спорттың түрлері пайда бола бастады:бокс, футбол, хоккей, волейбол т.б. АҚШ мемлекетінде спортқа деген қызығушылықтан мектептерде спорт сабақтары жүргізіле бастады көптеген дайындық клубтары ашылды. АҚШ мемлекетінде қара нәсілді адамдар мен ақнәсілді адамдар бірге дайындалуға, бассейінде бірге түсуге рұқсат берілді. АҚШ мемлекеті үшін үлкен ареналық жарыстар басталды.
1949-1950 жылы АҚШ мемлекетінде шамамен 9 мың адам әскери спортпен шұғылданды. Спортқа адамдардың көзқарастары өзгерді. Олар спорттың керектігін түсінді адамдар шыныға бастады спорт әкеден балаға қалған мура сияқты болды. Мемлекеттерде жоғары оқу орындарында мектептерде спорт сабақ жүзінде кірді. Көптеген мектептерде дене тәрбиесі сабағы өткізілмей балалар көп уақытын жазғы демалыс орындарында лагерьлерде өткізеді. Ал кіші сыныптағы балалар ата-аналары мен бірге бассейінге спорт залдарда жаттығады. Арнайы сабақтарды педагогтар аптасында 5 рет өткізеді. Ол жаттығулар ойын түрінде яғни баскетбол, бейсбол, бассейн де жүзу түріндегі спорттық
жаттығулар болды. Спорт кешенінің орталығы болып АҚШ мемлекеттік Университеті болып табылады.
Калифорниядағы ірі университеттер Чикаго клубы үлкен ірі клубтардың бірі болып саналады. Оларда гимнастика жақсы дамыды.
Бұл университетте үлкен стадион, зал, бассейндерінде жоғары оқу орнындарының көптеген жарыстар өткізіледі. Ол жарыстар көптеген халықтың қызығушылығын туғызады. Бұл жоғары оқу орнына мыңдаған кіріс кіргізеді. Бұл жоғары оқу орнындарында команда чемпионы үлкен кіріс кіргізген оқырмандарға оқу орыны үлкен жалақы сыйлық беріп жоғары оқу орнының қаражатын төлеп кей біреулеріне типті пәтер сыйлығын ұсынды. Басқа көптеген капиталистік мемлекеттерде де спорт дәл солай клубтарда сыйлықтармен мараппатталды. Англия, Франция, Италия мемлекеттерінің мектептерінде спортқа көп көңіл бөлінді мұндай спорт сабақтары аптасында 2 немесе 4 сағат өткізіледі ал қалған спорт сабақтары ойын жүзінде жүргізіледі. Швеция және Норвегия мектептерінде аптасына гимнастика сабағы 50%-ға дейін өткізіліп отырады.
Халықтың өздерінің тәуелсіздіктері үшін соғысы екінші дүниежүзі соғысынан кейін өз күшіне мінді. Бұған әсер еткен Германияның құлауы және Японияның жеңілуі, социалистік жүйенің құрылуы, және Африка, Азия, Латын Американдықтардың ұлттық қозғалыстары. Соның нәтижесінде империализмнің құлдық жүйесі құлады. Ұлттық тәуелсіздікке ие болған жас дамушы мемлекеттер әлеумет, экономика мен саясат және мәдениет жөніндегі істерінде қозғау басталды. Дамып келе жатқан әлемде ұлттық-демократиялық күштің әсері дене мәдениетіне өзгеріс енгізді. Дене мәдениеті дамыған ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналады. Әлемде дене мәдениетінің даму деңгейі халықтың қызығушылығына байланысты ұлттық дене тәрбиесінің жүйесін құрудан бастады. Дамып келе жатқан еодерде дене мәдениетіне көп көңіл бөліп, яғни дене мәдениеті әр елдін көрсеткіші, басқа ұлттар арасында халықаралық аренада дене мәдениетінің деңгейі салыстырылады. Дамушы Африка елінде дене мәдениетінің дамуын Африка континентіндегі халықтар көп ғасырдан кейін өзінің ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене мәдениетін қайта құрды.
Бірақ шетелдіктердің басшылық етуі осы елдердегі экономикалық және мәдени дамуына кедергі жасады.
Халықтардың жағдайы нашарлап, кедейшілікке душар болуына байланысты дене мәдениетінің дамуы тоқтады. Спортпен және ойындармен тек қана жергілікті буржуазиялар, администрацияның колониялдық басшылары ғана айналысатын болды. Африканың құлдық метрополия командаларының құрамындағы жергілікті ең жақсы спортсмендер ғана халықаралық жарыстарға қатыса алатын болды. Дамушы Африка елі өздерінің тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана жаңа өмірге аяқ баса отырып дене мәдениетіне көп көңіл бөлді.
Көптеген Африка елдерінде спорт жөнінен және дене мәдениеті жөнінен мемлекеттік органдар бойынша басқарушы мекемелер құрылды және дене тәрбиесі жөнінен мектептерде, басқа да оқу орындарда бағдарлама жасап шығарды. Этнографияны қолға алуына байланысты дене мәдениеті Африка континентінде ең қажетті орта болып санала бастады. 1965ж. Африканың Жоғарғы спорт кеңесі құрылды. Ол Африкадағы колониялизм мен расизмге қарсы күресу орталығы болып Африкандық спортшылардың бірігуі нәтижесінде жүзеге асырылды.
Спорттан жақсы деген нәтижені Египеттіктер, Нигериялықтар, Кениялықтар, Синегадықтар, Алжирлықтар көрсетті. Екінші Африкалық ойындар 1973 жылы Лагос қаласында өтті, оған 4000 спортшы 36 елден қатысты. 1978 жылы үшінші Африкалық ойындар Алжирде өтті.
Азия елдерінде де дене мәдениетіне аса көп көңіл бөлді. Тәуелсіздіктерін алғаннан кейін азиаттықтардан Индия, Ауғаныстан, Бирма, Индонезия, Ливан спорт бірлестіктерін құрды. Дене мәдениетіне осы аталған елдер жылдан жылға көп көңіл бөле бастады. 1954 жылы Италия дене тәрбиесін оқыту және ұлттық спорттық кеңесінің негізін қалады.
Азияда көбіне дене тәрбиесіне дайындайтын мамандар даярлауға және спортқа байланысты қарым-қатынас жасауға көп көңіл бөлді. 1960ж. Кабулда дене тәрбиесінен сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын оқу орындары ашылды. 1975 ж. дене тәрбиесінен беретін мұғалімдерді даярлайтын институттар ашылды. Сонымен қатар Индияда, Иранда да ашыла бастады.
1949ж. спорттың дамуында гимнастикаға және азиялық ойындарға көп көңіл бөлді. Сөйтіп Азиялық ойындардың федерациясы пайда болды. Бұл федерация Азияда 20 елді біріктірді. 1951ж. Азиялық ойындар алғаш рет ұйымдастырылды. Ол Дели (Индия) қаласында өтті.
Сонымен қатар Латын Америкасында да дене мәдениетінің дамуы көріне бастады. Бұған мысал ретінде Куба мемлекетін алуға болады. Олар 1979 жылы өздерінің тәуелсіздіктерін қолдарына алғаннан кейін дене мәдениетін дамытуға көңіл аударды. Оларда осы дене мәдениетіне байланысты Ұлттық институт ашылды. Олардың мақсаты – халыққа спорттың, гимнастиканың, ойындардың негізін ашып беру. Оларда ең күшті спорттың түрі: бокс, бейсбол, волейбол, күрес, футбол болып барлық спортпен айналысатын бірлестіктердің бәріне қаражатты мемлекет бөліп беріп отырды. Бірақ мұнда көбіне маман- кадрларға, спорттық құрал-жабдықтар жетіспеді. Бұларға көмекті Кеңес Өкіметі берді. Латын Америкада спорттың көтерілуінде үлкен рольді Кариб теңізі мен Америка орталығындағы ойындар және Панамерикандық ойындар алды (1951 жылдан бастап).
Бұл ойындарға: футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, жүзу, бокс, күрес, велоспорт, ату, фехтования, теннис және т.б. кірді.
Дамыған Америка (латын) елі және Африка мен Азия елдерінде олимпиадалық, спорттық ойындарының түрлері, қазіргі кезде көптеген елдер де дене жаттығулары ретінде қолданылады. Мысалы Индияда – хатха – йога гимнастикасы, Ауғаныстанда – күрес, ат жарысы және ойындар. Әртүрлі ұлттық ойындар және жаттығу түрлері арабтар елінде (Алжир, Ливия, Тунис, Марокко және т.б.) және негрлер елінде (Гана, Мали, Гвинея т.б.) бар.
Осы 3 құрлықтың яғни Азия, Африка, Латын Америкасының елдеріндегі спорттық бірлестіктер мүшелері бірігіп Ұлттық олимпиадалық комитет құрады. Яғни олар дене мәдениетінің дамуында көп көңіл боліп, бірнеше функцияларды атқарады. Олимпиадалық ойындарда әр елдің спорт деңгейлері көріне бастады. 1948ж., 1952ж., 1956ж., 1964ж., 1980 жылдары Шөпте хоккей ойнаудан Индия елі алда болды. Сонымен қатар Олимпиадалық ойындарда Рим мен Токиода 1960-1964жж. Жүгіруден (марафондық жүгіру) Абебе Бикила алғашқы орынды иеленді, ал Мәскеуде (1980) – М. Ифтер. Олимпиадалық ойындар
да жақсы көрсеткіштер көрсеткен елдер де болды: Кения, Марокко, Иран және т.б. Дамыған елдерің арасында бір-бірімен спорттық ойындар жөнінде жарыс өткізу әдетке айналды. Соған байланысты осы елдерде Африкада, Азияда, Латын Америкасында көптеген алдыңғы қатарлы тренерлер, мұғалімдер пайда бола бастады. Нәтижесінде 1961ж. «Корпус мира» атты спортсмендер мен тренерлер және мұғалімдер біріккен ұйымы құрылды. Олардың мақсаты барлық елдерге спорт жөнінде үгіт- насихат жұмысын жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет