Көкпардан жарыс командалары арасында өткізіледі.Жарысқа 18-ге толған және одан асқан спортшылар қатысады.Команда құрамы 4-6 адам. Жарыс өткізу үшін шоқалағы,бұтасы,тасы жоқ топырағы жұмсақ жер таңдап алынады.Алаңның ұзындығы 300- 400 м.,ені 150-200 м. Осы алаңның ортасына мәредиаметрі 9 метр шеңбер сызылады. Алаңның екі жағына жалаушылармен қақпалар белгіленіп қойылады Жалаушылардың ұзындығы 50-60 см., қақпа ені 15 см. Қақпаның сыртына 3см ұзыны қақпаның еніндей алаң жасалады. Егер көкпар осы алаңға немесе әйтеуір оның шекарасына түспесе, оны сол қақпаның алдына 30-35 метр жерге тастайды да, төреші ысқырығы бойынша жарыс жалғаса береді. Қақпаның сыртына тағы 25-30м. сызық созылады. Көкпарды алған сайсшы осы сызықтан асып кетсе ,төреші жарысты тоқтады .Көкпар қайтадан шеңбердің ортасына тасталып
,ойын тағы да жалғастырылады.
Жарыс тәртібі. Командалардың кезегін білу үшін жарыс басталар алдында кемінде бір сағат бұрын жеребе тартылады.Аға төреші көмекшілерімен бірге ортаға шығып,кезекті командаларды ысқырып, жалау көтеріп, радиомен шақырады.Командалар ортаға шығып, мәрінің екі жағына қарсы қарап тұрады да, сәлемдеседі.
Командалардың капитандары төрешілердің қасына келеді. Аға төреші капитандармен сәлемдескен соң, қай қақпаға қай команда тұратындығын анықтайды.
Аға төреші белгі бергеннен кейін,шеңбер ортасына көкпар қойылады.Төрешілердің көмекшілері ортаға шығып, орындарына барып тұрады.Әр командадан көкпарға бір-бір адам жақындап , аға төрешінің белгісі бойынша көкпарды жерден көтеріп алады.Сол сәтте ақ команданың басқа мүшелері де сайысқа түседі Әр команданың мақсаты –қарсы жақтың қақпасына тастау,ал өз қақпасына тастауға әрекет болғанда, оған жол бермеу.
Жарыс ұзақтығы – 15 минут. Көкпар салмағы 30-40 кг.шамасында. Жарысты өткізетін ұйым көкпардын салмағы мен жарыс ұзақтығын басқаша етіп те белгілей алады.Алаңның кез келген жерден көтеріп,қарсыласынан тартып алуға болады. Егер спортшының бірі лақтырған көкпар алаңға немесе сызыққа түспесе, онда оның артына шауып келе жатқан екінші спортшы көкпарды алып, қарсы жақтың қақпасына қайта лақтырып түсіруіне болады.