Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



бет31/56
Дата08.02.2022
өлшемі248,75 Kb.
#118183
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
esmagambetov

Аударыспақ


Аударыспаққа тиісті (жарыстан өтіп) дайындықтан өтіп, жаттықтырушыдан және дәрігерден денсаулығы жөнінде рұқсаты бар, 18 жасқа толған азаматтар жіберіледі. Олардың жарысқа жіберілгендігі белгіленген форма бойынша тиісті мәлімдеме толтырылады.
Жарысты өткізетін ұйымның рұқсаты бойынша жекелеген жағдайда жан-жақты даярлығы жақсы, 17 жастағы жас өспірімдер де ересектермен бірге жарысқа қатыса алады.
Мұндай жас өспірімдер ересек спортшылармен бірге жалпы мәлімдемеге тіркелсе де, оның жарысқа түсуіне жаттықтырушы мен дәрігер қол қойған анықтама бойынша рұқсат беріледі.
Жарысқа қатысуға мандат комиссиясы рұқсат береді. Оның құрамындағы бас төреші, бас секретарь, бас дәрігер, мал дәрігері. Олар жарыс жөніндегі ереже шартына сай жарысқа қатысатын спортшылардың құжаттары мен мәлімдемелерін тексереді. Жарысқа жіберілген адамдар үшін сол жарысты өткізетін ұйым жауап береді.
Спортшының дене бітімі, салмағы аударыспақта үлкен роль атқаратын, болғандықтан, жарысқа қатысушылар мынадай салмақ дәрежелеріне бөлінеді:

  1. Жеңілдеу салмақ-60 кг-ға дейін.

  2. Жеңіл салмақ-70 кг-ға дейін.

  3. Орта салмақ -80 кг-ға дейін.

  4. Ауыр салмақ – 80 кг-н жоғары.

Аударыспақ аға төрешінің ысқырығы бойынша басталып және тоқталып гонгтың белгісімен аяқталады. Бәсеке 5 мин-ке созылады. Егер сол уақыт өткенше, олардың бірде-бірі жеңіске жете алмаса, онда жарыс нәтижесі ұпай саны бойынша анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет