Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



бет18/56
Дата08.02.2022
өлшемі248,75 Kb.
#118183
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
esmagambetov

Жан-Жак Руссо (1712-1778) – француз философы, ірі ағартушы педагог, Женеве қаласында дүниеге келіп, ұзақ жылдар бойы Париж қаласында Вольтер, Дидро, Гольбах сияқты XVІІІ ғасырдың ағартушыларымен кездескен болатын. Руссо феодалдық тәртіппен феодалдық жүйеге қарсы тұрды. Ол ұсақ буржуазиялық меншік қоғамы туралы армандаған болатын. Бұл қоғамның құрамындағы адамдар еркін еңбек етіп өзіндік өмір қызығушылығымен өмір сүруі керек деді. Руссоның тәрбиелеу жүйесі оның әлеуметтік және саясаттық ілімінде айтылған. Адамға өз заманындағы қоғам кері әсерін тигізеді деп ойлаған. Сондықтан баланы бұл қоғамнан аулақ тәрбиелеу керек, әсіресе тәрбиені қажет ететін феодалдардың және тектілер тобының балалары, ал халықтың балаларын тәрбиелеудің керегі жоқ деп есептеді. «Эмель, или о воспитани» (1762) деген еңбегінде педагогикалық тәрбие жүйесін көрсеткен болатын. Локтың пікіріне сүйенгенЖ.Ж.Руссо Эмиль деген баланы тәрбиелеген болатын. Ол 12 жасқа дейін балалардың дене тәрбиесіне көңіл бөлуді ұсынған. Ол денені шынықтыру, қозғалу әдістерін игеруге аса көп көңіл бөлген. Әсіресе еркін гимнастика ойындары мен суда жүзуді ұсынған болатын.
Ал, әйел адамдарына келетін болсақ Ж.Ж.Руссо олардың дене тәрбиесі жеңіл және соған байланысты әдемі қозғалуы керек
деп есептеген.Ол әйел және ер адамдар өмірдің әр түрлі салаларына байланысты, бөлек тәрбие алуға тиісдеді. Руссо әйелдердің ойлау қабілетіне тіптен көңіл аудармаған, ол ортағасырлық тәрбиенің үлгісіне қарсы шығып, өскелең ұрпақтың дене тәрбиесімен шұғылдануын қолдаған. Қызығушылықты арттыру үшін ол дене тәрбиесіне байланысты әртүрлі жарыстарды өткізуді ұсынған. Оның осы идеясы бүкіл буржуазиялық қоғамның дене тәрбиесіне үлкен өзгеріс енгізуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет