5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
48. Төмендегі бөлімнен тұрады:
1) тақырыптық жоспар:
13 кесте
Бағдар-лама түрлері
|
Бағдарлама бөлімдері
|
Оқу тоқсандары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Σ
|
Базалық
|
1. Жеңіл атлетика
|
8
|
-
|
-
|
8
|
16
|
2. Спорт ойындары
|
14
|
-
|
14
|
8
|
36
|
3. Гимнастика
|
-
|
14
|
-
|
-
|
14
|
4. Шаңғы
|
-
|
-
|
10
|
-
|
10
|
5. Ұлттық ойын түрлері
|
-
|
4
|
2
|
-
|
6
|
6. Жүзу
|
-
|
-
|
-
|
8
|
8
|
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
|
22
|
18
|
26
|
24
|
90
|
Вариативті
|
1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты
|
5
|
3
|
4
|
-
|
12
|
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)
|
|
|
|
|
|
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:
|
5
|
3
|
4
|
-
|
12
|
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ ):
|
27
|
21
|
30
|
24
|
102
|
49. Білім негіздері:
1) Қазақстанда қысқы спорт түрлерінің даму тарихы, жылдамдық-күш жаттығуларын өз бетімен орындау және жаттығуды орындау кезінде серігін сақтандыру ережелері;
2) қауіпсіздік ережелері, жарақат алу кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек.
50. Жеңіл атлетика:
1) жүгіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, 30 м және 60 м жылдам жүгіру;
2) 2000 м және 3000 м жүгіру, техника бойынша үдей жүгіру (30-40 м), эстафеталық жүгіру (жүгіру қашықтығын мұғалім анықтайды);.
3) секірулер: секіру техникаларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгірудің дербес үлгісін таңдау, жүгіріп келіп «аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіруді толық үйлесімде орындау, жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіруді толық үйлесімде орындау;
4) лақтырулар: лақтыру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, бір орыннан шағын допты нысанаға лақтыру, жүгіріп келіп шағын допты алысқа лақтыруды толық үйлесімде орындау;
5) жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған ойындар мен эстафеталар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, сынақ тапсырмалары: 60 м және 100 м жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, 3×10 м алға-артқа жүгіру, 2000 м жүгіру, шағын допты алысқа лақтыру.
51. Гимнастика:
1) алдыңғы сыныптарда үйретілген оқу материалын қайталау, саптық жаттығулар, бір орында адымдап тұрып алға адымдауды колоннада (залды айнала қозғалған кезде) және қатарда (залдың ортасына қозғалған кезде) орындау; бір колоннадан екі, үш және төрт колоннаға қайта сап құруды (залды айнала қозғалған кезде) қозғалыста орындау;
2) үш колонаға орналасып залды айнала қозғалу кезінде қолды созу (алға және қапталға), ажырау, жаттығулар кешені: дұрыс мүсінді қалыптастыруға арналған жаттығулар, тыныс алу гимнастикасының жаттығулары, дене саламғын реттеуге және дене дамуының дербес ерекшеліктерін ескере отырып дене келбетін түзетуге арналған жаттығулар кешені, жалпы дене дайындығының жаттығулары;
3) акробатика (ұлдар): төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, алға ұмтыла аунау, жүрелей отырған қалыптан басқа және қолға күшпен тұру;
4) төменгі сыныптарда үйретілген элементтерден құрылған акробатикалық жаттығулар, оқушылардың денелік және техникалық ерекшеліктерін ескере отырып төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған гимнастикалық комбинация;
5) қыздар: төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. «Көпір» қалпынан шалқая бұрылып бір тіземен таяну; жүрелей отырған қалыптан аяқты бүгіп басқа тұру; бір бүйірмен айналу;
6) төменгі сыныптарда игерілген хореография және ырғақты гимнастика элементтерінен құрылған комбинация;
7) таянып секіру: таянып секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, кіші ағаш аттан немесе ұзына қойылған ағаш аттан аяқты ашып секіру (ағаш аттың биіктігі ұлдар үшін 110-120 см);
8) көлденең қойылған ағаш аттан 90º бұрылып бір бүйірмен секіру (ағаш аттың биіктігі қыздар үшін 110 см), таянып секіруді бөліп орындау.
9) керме (ұлдар): кермеде тартылу, тербеліп тұрып шалқая көтеріліп таяну, таянып тұрып сол (оң) аяқты алға, артқа асыра өткізу; асылу қалпына баяу түсу, аяқты алға сермеп секіріп түсу;
10) қос сырық (ұлдар): секіре көтеріліп таяну, алға сермеп аяқты ашып отыру, аяқты ортаға түсіру, аяқты алға (артқа) сермеп, бір қолмен сырықтан ұстап тұрып секіріп түсу;
11) түрлі биіктіктегі қоссырық (қыздар): төменгі сырыққа секіре шығып таяну, жоғарғы сырыққа таянуға ауысу, аяқты төменгі сырыққа қойып, жоғарғы сырықта асылу, төменгі сырықта таяну, қолмен жоғарғы сырықтан ұстап тұрып оңға (солға) бұрылып, артқа сермеле секіріп түсу;
12) бөрене: тепе-теңдік жаттығулары, жүгіріп келіп, секіріп мініп жүрелей отырып таяну – қол екі қапталда; бір орында екі аяқпен секіру, күрделенген адым, алға қозғала отырып бір аяқтан екіншісіне ауыса қарғу, бөрененің екінші басына дейін жүгіру және бөренеге көлденеңнен аяқты ашып секіріп түсу;
13) сынақ тапсырмалары: кермеде тартылу, арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру, бірізділікпен домалап аунау, еденде таянып жатып қолды бүгіп-жазу.
52. Шаңғы:
1) шаңғымен жүру техникаларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау;
2) игерілген шаңғы жүрістерінің техникасын және бір жүрістен екіншісіне ауысуды жетілдіру, таянып және сермеп бұрылу;
3) аттап өту және асып түсу тәсілдерімен табиғи кедергілерден өту, шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу, соқаша тежелу;
4) конький тәсілімен жүру, шаңғы жүрістерін кезектестіре отырып белгілі бір қашықтықты өту (қашықтықты мұғалім немесе оқушылар анықтайды). Сынақ тапсырмалары: шаңғымен 3 шқ қашықтықты өту;
53. Дала жарысы:
1) денелік және техникалық дайындықтың арнайы жаттығулары, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, жазық далада ойлы-қырлы жерден жүруді жүгірумен кезектестіру; жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу және асып түсу арқылы кедергілерден өту, 2 шқ жүгіру;
2) сынақ тапсырмалары: 2 шқ дала жарысы.
54. Спорт ойындары:
1) футбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау;
2) допты қозғалыста беру, алдау әрекеттері (финт), қарсыластан допты тартып алу (құлай ұмтылып);
3) қақпашының техникасы (допты төменнен, жоғарыдан, құлап қағып алу; соғып және асырып жіберу), айып соққылары, еркін соққы және допты қақпа маңынан ойынға қосқан кездегі шабуыл мен қорғаныстағы топтық тактикалық әрекеттер;
4) қорғанысты ұйымдастыру және қарсылас қарымта шабуыл ұйымдастырған кездегі техникалық-тактикалық әрекеттер, тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау, футбол және мини-футбол ойындары;
5) волейбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, допты төменнен және жоғарыдан тігінен ойынға қосу (тордан асырып);
6) допты құлап қабылдау (кеудемен құлап төменнен қабылдау, құлап допты жоғарыдан қабылдау, арқамен аунау), дербес тактикалық әрекеттер;
7) командалық техникалық-тактикалық әрекеттер (алдыңғы шептегі шабуылшылардың өзара әрекеттері, артқы шептегі ойыншылардың өзара әрекеттері), волейбол оқу ойыны;
8) баскетбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, төменгі сыныптарда үйретілген ойыншының дербес техникасын жетілдіру;
9) қорғаныстағы техникалық-тактикалық әрекеттер: «дербес қорғаныс» (прессинг), «ортаңғы ойыншы арқылы» және «ортаңғы ойыншысыз» шабуылдаудың командалық жүйесі, баскетбол оқу ойыны;
10) гандбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, қозғалу түрлерінің техникасынан құрылған комбинациялар, допты қабылдау және беруді әлсіз қарсылықпен орындау;
11) жеті метрлік айып соққысын орындау, техникалық-тактикалық әрекеттер: қорғаныстағы және жылдам шабуыл ұйымдастырған кездегі ойыншылардың өзара әрекеттері, гандбол оқу ойыны;
12) қазақтың ұлттық ойындары: ұлттық-мәдени бағыттағы ойындар мен жаттығулар, «Тоғызқұмалақ» ойыны.
55. Жүзу:
1) төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, жүзу техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар;
2) брасс, брасс тәсілімен жүзу кезіндегі аяқтың қимылдары, брасс тәсілімен жүзу кезіндегі қолдың қимылдары, тыныс алуды тоқтатып брасс әдісімен жүзу;
3) белгілі бір қашықтықты жүзіп өту, жүзу техникасын жетілдіруге арналған ойындар және ойын түріндегі тапсырмалар, жүзудің кез-келген спорттық тәсілдерінің бірімен 50 м қашықтықты жүзіп өту;
56. 8-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері:
14 кесте
№
|
Қорытынды жаттығулар
|
ұлдар
|
қыздар
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
1.
|
60 м жүгіру (с)
|
8,8
|
9,7
|
10,5
|
9,7
|
10,2
|
10,7
|
2.
|
2000 м жүгіру (мин, с)
|
10,00
|
10,40
|
11,40
|
11,00
|
12,40
|
13,50
|
3.
|
3000 м жүгіру
|
уақыт есептелмейді
|
4.
|
Ұзындыққа секіру (см)
|
410
|
370
|
310
|
360
|
310
|
260
|
5.
|
Биіктікке секіру (см)
|
130
|
120
|
105
|
115
|
105
|
95
|
6.
|
Доп лақтыру (150гр), м
|
42
|
37
|
28
|
27
|
21
|
17
|
7.
|
Биік кермеде тартылу(рет)
|
9
|
7
|
5
|
-
|
-
|
-
|
8.
|
Арқада жатып (қол жел-кеде) денені көтеру (рет)
|
-
|
-
|
-
|
15
|
10
|
6
|
9.
|
Шаңғымен 3 шқ жүгіру, (мин, с)
|
18,00
|
19,00
|
20,00
|
20,00
|
21,00
|
23,00
|
10.
|
Шаңғымен 5 шқ жүгіру
|
уақыт есептелмейді
|
11.
|
50м жүзу (мин, с)
|
0,47
|
у/е-мейді
|
25м
|
1,06
|
у/е-мейді
|
25м
|
12.
|
2000 м жазық далада жүгіру (мин, с)
|
-
|
-
|
-
|
12,30
|
13,30
|
14,30
|
13.
|
3000 м жазық далада жүгіру (мин, с)
|
16,30
|
17,30
|
18,30
|
-
|
-
|
-
|
57. 8-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
15 кесте
ұлдар:
Сынақ түрлері
|
Дене дайындығының деңгейі
|
Х
|
тө-мен
|
орташа-дан төмен
|
орташа
|
орташадан жоғары
|
жоғары
|
30 м жүгіру
|
5,0
|
5,7
|
5,6 – 5,4
|
5,3 – 4,7
|
4,6 -4,4
|
4,3
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру
|
188
|
167
|
168 -177
|
178 – 198
|
199– 208
|
209
|
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру
|
463
|
314
|
315-388
|
389–537
|
538–611
|
612
|
30×10 м қайталап жүгіру
|
8,6
|
9,6
|
9,5 – 9,2
|
9,1 – 8,2
|
8,1 – 7,9
|
7,8
|
Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)
|
30
|
21
|
22 –25
|
26 -34
|
35 – 38
|
39
|
58. 8-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
16 кесте
қыздар:
Сынақ түрлері
|
Дене дайындығының деңгейі
|
Х
|
тө-мен
|
орташа-дан төмен
|
орташа
|
орташадан жоғары
|
жо-
ғары
|
30 м жүгіру
|
5,7
|
6,4
|
6,3 – 6,1
|
6,0 – 5,4
|
5,3 -5,1
|
5,0
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру
|
160
|
134
|
135 -147
|
148 – 172
|
173 – 185
|
186
|
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру
|
420
|
240
|
241–330
|
331–510
|
511–600
|
601
|
30×10 м қайталап жүгіру
|
9,3
|
10,2
|
10,1–9,8
|
9,7 –8,9
|
8,8 –8,5
|
8,4
|
Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)
|
23
|
16
|
17 –19
|
20 -26
|
26 – 29
|
29,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |