Дене шынықтыру негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы


Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет4/5
Дата15.06.2017
өлшемі1,14 Mb.
#19129
1   2   3   4   5

6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
59. Төмендегі бөлімнен тұрады:

1) тақырыптық жоспар:

17 кесте


Бағдар-лама түрлері

Бағдарлама бөлімдері


Оқу тоқсандары



1

2

3

4

Σ

Базалық



1. Жеңіл атлетика

8

-

-

8

16

2. Спорт ойындары

14

-

12

8

34

3. Гимнастика

-

14

-

-

14

4. Шаңғы(қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)


-

-

10

-

10

5. Ұлттық ойындар

-

3

3

-

6

6. Жүзу(жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады)

-

-

-

8

8

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

22

17

25

24

88

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

5



4



5



-



14



2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)
















Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

5

4

5

-

14

Оқу жылы бойынша сағаттар сан (Σ ):

27

21

30

24

102

60. Білім негіздері:

1) дене жаттығуларының адам ағзасының жүйелері мен мүшелеріне тигізетін әсері;

2) дәрігерлік бақылау, төзімділікті дамытуға ықпал ететін жаттығуларды өздігімен орындау тәртібі, өзін-өзі бақылау ережелері;

3) Президенттік сынақтың нормативтерін тапсыруға дайындалудың мақсаттары мен міндеттері;

4) таңдалған спорт түрлерінен жарыстар қазіргі ережелері.



61. Жеңіл атлетика:

1) жүгіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, биік және төмен мәрелік қимыл;

2) мәрелік екпін. 100 м жүгіру, 400м, 800м қашықтыққа бірқалыпты екпінмен жүгіру, 1000 м (қыздар), 2000 м (ұлдар) жүгіру, 30-40 м қашықтықты үдей жүгіру;

3) эстафеталық жүгіру (жүгіру қашықтығын мұғалім анықтайды), қозғалыстың жылдамдығы мен бағытын өзгеріп жүгіру нұсқалары, табиғи кедергілерден өтіп жүгіру;

4) секірулер: секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгірудің дербес әдісін таңдау, ұзындыққа тізені бүгіп секіру әдісін толық үйлесіммен орындау, биіктікке аттап өту тәсілімен секіруді толық үйлесіммен орындау;

5) лақтырулар: лақтыру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, шағын допты жүгіріп келіп алысқа лақтыруды толық үйлесімде орындау;

6) жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған ойындар мен эстафеталар, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар, сынақ тапсырмалары: 30 м, 100 м жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, 3×10 м алға-артқа жүгіру, 2000 м (ұлдар), 1000 м (қыздар) жүгіру, шағын допты алысқа лақтыру, биіктікке секіру (арнайы жабдықтары бар мектептерде).

62. Гимнастика:

1) төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, саптық жаттығулар, бір орында адымдап тұрып алға белгілі адым санын жасауға көшу, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, оқушылардың денелік даму ерекшеліктерін ескеретін, дене салмақтарын реттеуге арналған тыныс алу гимнастикасы мен дәстүрлі емес гимнастика жаттығуларының кешені, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар;

2) акробатика (ұлдар): төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, биіктігі 90 см кедергіден секіре-аунап өту; бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріле қолға тұру; бір бүйірмен айналу;

3) төменгі сыныптарда үйретілген акробатикалық жаттығулар;

4) оқушылардың дербес техникалық және тактикалық дайындық деңгейлерін ескере отырып, төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан гимнастикалық комбинациялар құру;

5) қыздар: төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау және жетілдіру, бір аяқпен тепе-теңдік ұстау, алға ұмтылу және алға аунау, бір бүйірмен айналу, хореография және ырғақты гимнастика элементтерінен құрылған өзіндік комбинация;

6) таянып секіру: таянып секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, серіппе мен ағаш аттың арақашықтығын есептей отырып аяқты ашып секіру (ұлдар үшін биіктігі – 120 см);

7) қиғаш бағытпен жүгіріп келіп бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп ағаш аттан секіріп өту (қыздар үшін ағаш аттың биіктігі – 115 см);

8) керме (ұлдар): кермеде тартылу, бір аяқпен ілініп тұрып (ілініп асылу) көтерілу, аяқты ашып таяну (жоғарыдан таяну);

9) қос сырық (ұлдар): қолдың қарымен таянып тұрып тербелу, алға сермеп, аяқты ашып отыру, аяқты төмен түсіру және қолмен сырықтан ұстап тұрып алға (артқа) сермеп секіріп түсу;

10) түрлі биіктіктегі сырық (қыздар): төменгі сырыққа қарғи мініп таяну, жоғарғы сырыққа таянуға ауысу, қолмен сырықтан ұстап тұрып аяқты артқа сермеп, бұрыла (оңға, солға) секіріп түсу;

11) бөрене: тепе-теңдік жаттығулары (қыздар), бір орында орындалатын жаттығулар: жүрелей отыру, сол (оң) аяқпен жүрелей отыру – оң (сол) аяқ қапталда (артта); бөренеде тігінен жүрелей отыру; оң (сол) аяқпен тепе-теңдік ұстау – сол (оң) аяқ алға, қапталда, артта (қол екі жанда).

12) таяну орнын ауыстырып орындалатын жаттығулар: жүру, жүгіру, бұрылулардың түрлері, бұрын үйретілген 3-4 жаттығулардан құралған комбинациялар;

13) арқанға өрмелеу (ұлдар), аяқтың көмегінсіз екі арқанға өрмелеу; аяқтың көмегімен бір арқанға өрмелеу (уақытқа), сынақ тапсырмалары:кермеде тартылу; арқада жатып кеудені көтеру (қол желкеде); алға біренеше рет аунау; таянып жатып қолды бүгіп-жазу.

63. Шаңғы:



1) шаңғы жүрістерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, игерілген шаңғы жүрістерін, бір жүрістен екіншісіне ауысу техникаларын жетілдіру;

2) шырша және сырғи итерілу тәсілімен көтерілу, шаңғымен табиғи кедергілерді айналып өту, шаңғышының жоғары тұру қалпында еңіске түсу;

3) тіреле және бүйірмен сырғи тежелу түрлері, конький тәсілімен жүру;

4) шаңғы сайысының тактикалары: қашықтық бойы күшті дұрыс бөлу, көшбасшы болу, басып озу, сөреден өту түрлері, шаңғы жүрістерін кезектестіре отырып белгілі қашықтықты өту (қашықтықтың ұзақтығын мұғалім анықтайды), сынақ тапсырмалары: шаңғымен 3 шқ қашықтықты өту.

64. Дала жарысы:

1) денелік және техникалық дайындықтың арнайы жаттығулары, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, жазық далада жүруді жүгірумен кезектестіру, жүгіру, секіру, жүру, өрмелеу және асып түсу арқылы табиғи кедергілерден өту, 4 шқ (қыздар), 6 шқ (ұлдар) дала жарысы;

2) далалық жарыс тактикасының элементтері: қашықтық бойы күшті дұрыс бөлу, көшбасшы болу, басып озу, сөреден өту түрлері, сынақ тапсырмалары: Жазық далада 2 шқ (қыздар) және 3 шқ (ұлдар) қашықтықты жүгіріп өту.

65. Спорт ойындары:

1) футбол, допты игеру техникасы мен алаңда қозғалуды жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар;

2) шабуыл мен қорғаныста ойнау тактикасының элементтері, шабуыл мен қорғаныстағы ойыншының дербес ойыны, тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау, футбол және мини-футболдың оқу-үйрену ойындары;

3) волейбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау;

4) шабуыл соққылары, тосқауыл қою, сақтандыру түрлері, ойыншының дербес тактикалық әрекеттері, топтық және командалық техникалық-тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;

5) баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, бұрын үйретілген ойынның дербес техникасын жетілдіру;

6) шабуыл мен қорғаныстағы топтық және командалық техникалық-тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны;

7) гандбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау;

8) алаңда қозғалу және допты игеру техникасынан құрылған комбинациялар, шабуыл мен қорғаныстағы дербес, топтық және командалық техникалық-тактикалық әрекеттер, оқу-үйрену ойыны.

66. Жүзу:

1) жүзудің техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау;

2) брасс тәсілімен жүзу, қол, аяқтың қимылдары және тыныс алуды үйлестіру жаттығулары, брасс тәсілімен толық үйлесімде жүзу, жүзу техникасын жетілдіруге арналған ойындар мен ойын түріндегі тапсырмалар;

3) спорттық жүзудің үйретілген тәсілдерінің бірімен 50 м қашықтықты уақытқа жүзіп өту.

67. 9-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері



кесте 18




Қорытынды жаттығулар

ұлдар

қыздар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1.

60 м жүгіру (с)

8,4

9,2

10,0

9,4

10,0

10,5

2.

2000 м жүгіру (мин, с)

9,20

10,00

11,00

10,20

12,00

13,00

3.

3000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

4.

Ұзындыққа секіру (см)

430

380

330

370

330

220

5.

Биіктікке секіру (см)

130

125

110

115

110

100

5.

Доп лақтыру (150 гр), м

45

40

31

28

23

18

6.

Биік кермеде тартылу (рет)

10

8

7

-

-

-


7.

Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (рет)

-


-


-


20


15


10


8.

Аяқтың көмегінсіз арқанға өрмелеу (м)

5

4

3

-

-

-


9.

Шаңғымен 3 шқ жүгіру, (мин, с)

17,30

18,00

19,00

19,30

20,00

21,30


10.

Шаңғымен 5 шқ жүгіру

уақыт есептелмейді

11.

50 м жүзу, (мин, с)

0,43

у/е-мейді

25 м

1,05

у/е-мейді

25 м

12.

2000 м жазық далада жүгіру (мин, с)

-

-

-

11,30

12,30

13,30


13.

3000 м жазық далада жүгіру (мин,с)

15,30

16,30

17,30

-

-

-


ескерту: білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және экологиялық жағдайларға байланысты оқу нормативтерін өзгертуге құқықтары бар;

68. 9-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

кесте 19

ұлдар


Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

тө-мен

орташа-дан төмен

орташа

орташа-дан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,0

5,9

5,8 – 5,5

5,4 – 4,6

4,5 -4,3

4,2

Бір орынна ұзындыққа секіру

197

176

177 - 186


187–207

208 - 217

218


Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

555


374


375- 464




465-645

646– 735


736


3×10 м қайталап жүгіру

8,5

9,6

9,5 – 9,1

9,0 – 8,0

7,9 -7,6

7,5

Қолдың білезік буынының динамометриясы

(оң қолмен)

37

26

24-31

32-43

44– 48

49

69. 9-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

кесте 20


қыздар

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

тө-мен

орта-шадан төмен

орташа

орташа-дан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,6

6,7

6,6 – 6,2

6,1 – 5,1

5,0 -4,6

4,5

Бір орынна ұзындыққа секіру

164

137

138 -151

152 – 176

177 – 191


192


Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

428


259


260– 343


344 – 502



503– 586


587


3×10 м қайталап жүгіру

9,3

10,3

10,2 – 9,9

9,8 –8,8

8,7 –8,3

8,2

Қолдың білезік буынының динамометриясы

(оң қолмен)

25

18,5

19 –21,5

22 -28

28,5-31

31,5




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет