Дене шынықтыру оқу бағдарламасы



бет5/5
Дата01.06.2017
өлшемі0,69 Mb.
#17340
1   2   3   4   5

Глоссарий



Сөздер

Мағынасы


Ағын

Үздіксіз сапалы әрекеттер. Ағын үзілуі мүмкін (орындаушы әрекетті кез келген уақытта тоқтата алады) немесе еркін (орындаушы әрекетті тоқтата алмайды, мысалы секіру кезінде) болады.

Балама

Екі немесе одан да көп ықтимал нұсқа (зат есім). Басқа мүмкіндік немесе таңдау (сын есім).

Басты компоненттер

Бірнәрсенің негізгі аспектілері.

Басты терминдер

Жеке салада бірнәрсені анықтайтын сөз немесе сөздер тобы, мысалы, денсаулық.

Бейімделу (етістік)

Жаңа не болмаса басқа мақсат немесе қолдану үшін бейімделу/өзгеру немесе сәйкес келетін бірдеңе жасау.

Бейімделу (зат есім)

Ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу үдерісі.

Білім

Тәжірибенің немесе білімнің негізінде алынған деректер, ақпарат пен машықтар; пәнді теориялық немесе практикалық түсіну.

Бұрылу (қайта беру)

Тоқтағанда немесе ось бойынша алға және артқа, бір жақтан екінші жаққа қозғалу немесе орын ауыстыру.

Дене жаттығуы

Қаңқа бұлшық еттерінің қысқаруы арқылы жасалатын дене қимылдары, бұл энергия жұмсауды айтарлықтай ұлғайтады. Жүйелі дене белсенділігі оңтайлы денсаулықты дамыту мен қолдаудың маңызды компоненті болып табылады.

Дәлдік

Белгіленген стандартқа сәйкес дәл орындау.

Динамика

Көркем және экспрессивті мәнмәтінде әрекет орындалатын сапа немесе энергия. Әрекеттің «қалай» жүзеге асырылатынының принципі, әрекеттің мағынасы емес.

Дифференциациялау

Бір сыныпта түрлі оқушылармен әртүрлі сабақтар өткізу практикасы. Мысалы, оқушылардың қажеттіліктеріне, олардың қабілеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес, даярлықтың түрлі деңгейлерін ескере келе, нұсқауды өзгерту.

Еліктіргендік

Толық дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету және әр оқушының оқу бағдарламасына қол жетімділігі. Әдістерді, стратегияларды және тәсілдерді өзгерту арқылы қол жеткізіледі (мысалы, орнын, тапсырмасын, қондырғыны, топты өзгерту).

Ептілік

Дене жағдайын тиімді өзгерту қабілеті, жақсы координация мен тепе-теңдікті қажет етеді.

Әділ бақталастық

Ереже бойынша спортпен шұғылдану/дене белсенділігімен айналысу және ойын бойы ол ережелерді ұстану.

Әлеуметтік мүмкіндіктер

Топта жақсы жұмыс істеу қабілеттілігі, мысалы, бірге жұмыс істеу, келіссөздер жүргізу, шешімдер қабылдау, кезек сақтау.

Әрекет

Қозғалыс, оның мақсаты түзетілуі мүмкін. Рудольф Лабан әрекеттерді келесі категорияларға бөледі: жүріс, бұрылыс, секіріс, қимыл (аздаған қозғалыс), үзіліс (қозғалыссыз тұру).

Әрекеттер күші

Бірқатар дене жаттығуларында және тапсырмалардағы баланың қабілет деңгейі (мысалы, қол мен көзді икемді үйлестіру, бірқатар арнайы машықтарды орындаудың жоғары қабілеті (орташа деңгейден жоғары): қолға тұру, дөңгелек.

Әрекеттерді білу

Білімді, машықтарды және\немесе пікірлерді орынды қолдану мүмкіндігінің болуы, мысалы, физикалық қиындықтар мен тапсырмалар үшін.

Әрекеттің жетілдірілген модельдері

Негізгі әрекет машықтары (НӘМ) жетілдірілгенде, яғни, жұмыр, ырғақты, ретті болып, өзінің мақсатына жеткенде.

Әрекеттің негізгі машықтары

Түрлі дене мүшелері қатысатын әрекет модельдері, соның ішінде жүгіру, секіру, ұстау, лақтыру, баланстау, соққылар және бұрылыстар секілді жалпы машықтар. Олар базалық машықтар болып табылады және ойындар, гимнастика және спорттық шаралар секілді әрекет формаларына қажетті анағұрлым күрделі арнайы машықтарға дейін дамиды.

Жабдықтың типі бойынша дифференциациялау

Қызмет үшін қондырғылар таңдау, яғни шағын /орташа/ үлкен шарлар; қысқа /орташа/ үлкен бағындыру қашықтықтары; ұсақ /үлкен мақсаттар.

Жарыстар

Физикалық жүктемелердің нәтижесінде жеңіске жетуге және жеңіліс табуға болатын контекстер. Жарыс түріндегі физикалық сабақтар әдетте нақты ережелер жиынтығынан тұрады және құрылымдық сипатқа ие болады.

Жеке қажеттіліктер

Жеке өзіңе қажетті нәрсе.

Инерттілік

Дененің әрекетсіздігі, яғни, денені қозғалту мүмкіндігінің болмауы.

Инновациялық (жаңа) тәсілдер

Жаңа әдіс-тәсілдер мен идеяларды пайдалану немесе көрсету.

Кеңістік

Рудольф Лаван кеңістікті қабат / әуе жолдары, деңгейлер: жоғары, орташа, төмен жағынан қарастырады.

Кеңістік туралы хабардарлығы

Басқалары кеңістікте болатын жеке кеңістікті ұғыну және әлеуетті дау-дамайларды алдын ала сезу.

Кеңістікті бөлу

Бірлескен кеңістікті пайдалану үшін басқалармен бірге жұмыс істей білу, басып алу мен басымдық танытудың орнына.

Коммуникация

Сөзбен жеткізу және қозғалысты пайдалана отырып, көрсету/айтып беру қабілеті.

Композициялық амал

Композициялық құралдар, мысалы, канон (бір қозғалыс басқасынан кейін орындалады), қайталау, контраст, сарын мен түрлендірмені дамыту (әрекетті, кеңістікті, қарқынды қатынастарды өзгерту арқылы әртүрлі орындауға болатын аздаған қозғалыстар).

Көрсету

Практикалық орындауды көрсетіп бірдеңені таныстыру және/немесе түсіндіру.

Көшбасшылықты бөлісу

Балалардың көшбасшылық позицияны басымдықсыз кезектесіп алуы.

Қалпына келуге арналған жаттығулар

Ағзаға жаттығулардан қалыпқа келуге көмектесетін қауіпсіз және жайлы үдеріс. Тиімді қалпына келу жүрек қағысын төмендетуден және баяу созылулардан тұрады.

Қатынастар

Балалар арасындағы әлеуметтік байланыстар, мысалы топтастыру, және позициялау, оған түрлі формалар жатуы мүмкін, мысалы арқамен арқа, бір жақтан екінші жаққа, артынан, қарама-қарсы. Сонымен қатар, әрекеттеріне, позицияларына, талқылауларына, мәселелерді шешуіне қарай оқушылар арасындағы қатынастарды немесе өзара байланысты білдіруі мүмкін. Рудольф Лаван өз еңбектерінде өзіне (мысалы өзінің дене мүшелеріне), басқа адамдарға және нысандарға қатынасының мәселелерін қарастырады.

Қозғалыс модельдері

Өзара логикалық байланысқан дербес машықтар сериясы. Әрекет модельдері жиі қайталанады, мысалы жүру, жүгіру, секіру.

Қолайлы оқу ортасы

Барлық оқушылар үздік нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіне ие және олар еліктірілген оқыту мәнмәтіні. Сынып басқарылады, және балалар үшін маңызды ережелерге ие болады.

Қолдану

Үйренген дағдыны немесе білімді басқа контексте пайдалану қабілеті. Мысалы, гимнастикада бір аяқта тепе-теңдікті сақтай тұра білу дағдысын қолдану.

Құрылымдық

Бұл термин әдетте кеңес беруге жатады және бұл әдетте оң кеңестер, олардың мақсаты бірдеңені жақсарту үшін ұсыныс жасау болып табылады.

Маневрлік

Әрекет орындалатын шапшаңдық; әрекеттің тазалығына, координациясына, ырғақтылығына кедергі жасайтын қандай да болмасын логикаға сай емес әрекеттерсіз.

Мұғалімнің рөлі

Мұғалімдердің оқу ортасында атқаратын рөлі, мысалы, оқуға көмектесетін тарап ретінде, оқу көшбасшысы ретінде, оқуды бірлесіп басқарушы ретінде.

Нәтижесі бойынша дифференциациялау

Ашық тапсырмалар қою, бұл оқушыларға түрлі деңгейлерде жауап беруге көмектеседі.

Ойлау және/рефлексия

Күшті және әлсіз жақтарын салыстырып, сенімдерді немесе білім формаларын мұқият қайта қарап, заттар туралы пікірлер айту, және талдау қабілеттілігі.

Өзіндік рефлексия

Тәжірибенің мінезі мен әрекеттер жағынан сіз үшін жеке нені білдіретіні туралы ойлау.

Патриотизм

Отаныңмен мәдени байланыс немесе туған еліңе деген адалдық.

Реакция уақыты

Қозғау салу мен жауапты реакция арасындағы уақыт айырмашылығы (мысалы, жарыс басында ысқырғышпен белгі беріледі және жүгірушілер ысқырғышқа жауап ретінде жүгіре бастайды).

Синтез

Біртұтастықты қалыптастыру үшін компоненттердің немесе элементтердің үйлесуі.

Спорт

Дене жаттығуларының құрылымдық формасы, әдетте жарыс сипатына ие, көбінесе басқарушы органы мен оған байланысты ережелері болады.

Спорттық арнайы әрекеттер машықтары

Белгілі бір спорт түріне тікелей қатысты әрекеттер, мысалы, тігінен секіру баскетболда негізгі әрекет болып табылады немесе секіріп доп тастайды.

Стратегия

Қатысушы орындау сапасын жақсарту үшін орындайтын әрекет, мысалы ойында.

Сыни ойлау

Сыни ойлауды дамыту оқушыға проблемаларды ұғынып, оларды шешудің жолдарын табуға және дәйектерді бағалап, ақпаратты өзінше түсіндіруге мүмкіндік береді.

Тактика

Мақсатқа қол жеткізу үшін қолданылатын құралдар, яғни жоспар немесе процедура. Жиі ойын мәнмәтінінде немесе күрделі дене жаттығуларында қолданылады. Ойындарда, әдетте тактика, шабуылдау және қорғану сипаттарына ие болады.

Талдау

Бірдеңені бірнеше шағын бөлікке бөліп, оларды мұқият зерттеу.

Тапсырмалардың типі бойынша дифференциациялау

Түрлі қабілеттергеге ие оқушыларға түрлі тапсырмалар қою.

Техникалық әдістер

Білуге немесе орындауға көмектесетін тәсілдер.

Тірек-қимыл жүйесі

Бір орыннан екіншісіне ауысуға әсер ететін кез келген әрекет, мысалы, секіру, ырғыту.

Топтар бойынша дифференциациялау

Топтарда жұмыс істейді / қабілетіне қарай екі немесе одан да көп адамнан.

Топтық оқыту

Оқушылар тобында әлеуметтік байланыстар жүзеге асырылатын оқыту.

Түсіну

Түсіну мақсатында қандай да болмасын ақпаратты қабылдау немесе ұғыну.

Физикалық дайындықтың құрамдастары

Адамның барынша дене дайындығымен сапалы айналысуға қол жеткізу мақсатында жаттығуға тиіс негізгі элементтері. Физикалық дайындықтың көпшілік мойындалған төрт негізгі құрамдасы бар: күш, жылдамдық, төзімділік және икемділік.

Физикалық сабақ

Дене жаттығуларының құрылымдалған формасы, мысалы, аэробика, дайындау схемасы.

Шығармашылық қабілеттер

Шығармашылықты түрлендіру мен контрасты дамытуға ықпал ететін қозғалыстар арқылы дамытуға болады, мысалы, Рудольф Лаванның теориясына сәйкес, «әрекеттерге –кеңістікке - қарқынға - қатынастарға» қатысты.

Ынтымақтастық

Ортақ мақсатқа қол жеткізу мақсатында басқа адамдармен жұмыс істеу.



Каталог: download -> 778
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
778 -> Математика
778 -> ДҮниетану оқу бағдарламасы
778 -> Сауат ашу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы
778 -> ЕҢбекке баулу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет