Дене шынықтыру оқу бағдарламасы


Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру



бет3/5
Дата01.06.2017
өлшемі0,69 Mb.
#17340
1   2   3   4   5

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

Мәдениеттер мен пікірлердің алуан түрлілігін құрметтеу тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық біліктіліктердің бір бөлігі болып табылады. Сәйкес тәртіп нормаларын баулу оқушыларға көпмәдениетті сипатқа ие болып келе жатқан қоғамның әлеуметтік және еңбек өміріне тиімді және құрылымдық түрде қатысуға мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім бағдарламасы оқушыларға өздеріне сенімді тұлға және өздерінің физикалық атрибуттарына және жетістіктеріне, басқаларға деген әділдік пен құрмет сезімі дамыған әлеуметтік жауапты азаматтар болып қалыптасуы үшін қажет дағдылар, білім мен көзқарас алуға мүмкіндік береді.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасында:


  • «Дене шынықтыру» пәні саласындағы тереңдетілген білім, дағдылар және көзқарастар;

  • ұлттық және фольклорлық қозғалыс қызметтерін білу;

  • олимпиада ойындарының тарихын білу;

  • Қазақстанның олимпиада чемпиондарын білу;

  • оқушыларды пікірталастарға, пікірсайыстарға және сауалнамаларға тарта отырып, пікірлердің әр алуандылығына сыни қарау;

  • салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіну (дене, ақыл-сана, қабылдау);

  • өздігінен әрекет ету, таңдау жасау және шешімдерді таңдау және қабылдау;

  • өз бетімен, жұптарда, топтарда және командаларда жұмыс істеп үйрену;

  • басқалардың пікірлерін құрметтеу және басқалардың алдындағы міндеттемелер үшін жауапкершілік сезімі;

  • жарыс түріндегі, жеке немесе командалық сипаттағы дене жаттығуларын және қозғалыс қызметін орындау барысында нақты нұсқаулар мен әлеуметтік тәртіп ережелерін күшейту арқылы сабақ беру әдістерінің мәндерін келісу;

  • сыныптық командалар, мектеп командалары, қоғамдық және республикалық командалар сияқты контекстердің кең диапазонында өзара әрекет ету.


7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
«Дене шынықтыру» пәніндегі АКТ-ның негізгі мақсаты қозғалыс әрекеттерін жақсартуда және ілгерілеуде, немесе оқу үлгерімін бағалауда жатыр. АКТ-ны пайдалану оқушылардың физикалық белсенділігі мен қатысуын арттыруға, алайда алмастырмауға тиіс. АКТ оқушыларға жеке кестелер әзірлеуге көмектесіп, сондай-ақ, қозғалыс қызметінің мәнін түсінуге жағдай жасайды. Ал АКТ-ны шығармашылық пайдалану белгілі бір физикалық қиындықтарға тап болатын немесе айрықша оқытуда қажет ететін оқушыларға қосымша мүмкіндіктер бере алады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттілігі жиырма бірінші ғасырдағы жұмыс, демалыс және қарым-қатынас жасау үшін технологияны сенімді және сыни тұрғыдан пайдалануды қарастырады. Бұл базалық АКТ дағдыларын білу есебінен қамтамасыз етіледі.

Оқушылар білім бағдарламасының барлық пәндері бойынша оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалану дағдыларын дамытады және мұны жабдықтар мен қосымшалардың мол түрін пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жасау және өңдеу, ынтымақтастық пен ақпарат, идея алмасу, өз жұмысын бағалау мен жетілдіру арқылы жүзеге асырады.

Бағдарламада оған кіретіндер:


  • «Дене шынықтыру» пәнінің теориялық және тәжірибелік сабақтарында АКТ пайдалану (бейнематериалдарды, таныстырылымдарды, кестелерді, өсу қарқынын пайдалану);

  • оқушыларға өздерінің қимыл-қозғалыс әрекеттерінің көрсеткіштерін бағалау мен жақсартуға көмек көрсету үшін оқушылардың өзін-өзі бағалауға, талдауға арналған фото және бейне материалдарды пайдалану;

  • АКТ-ны (соның ішінде, ғаламторды) «Дене шынықтыру» пәні бойынша қарым-қатынас жасау арқылы, бірлескен жұмыс жүргізу, контент құруда, көмек іздеудің және ақпаратқа қол жеткізудің құралы ретінде пайдалану.


8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

«Дене шынықтыру» пәнінде жалпы оқу үдерісінің тілі ретінде қозғалыс коммуникативтік дағдыларды дамытуға және жақсартуға елеулі үлес қосады. Оқушылар қозғалыс қызметі арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды және осының арқасында олар когнитивтік түсінік пен тілдік дағдыларды дамытуға негіз болатын тұжырымдамалар қалыптастырады.

Білім бағдарламасының мақсаттарының бірі тұлғаны әлеуметтендіру болып табылады, яғни түрлі қоғамдастықтарда тиімді қарым-қатынас жасай алатын азаматтарды дамыту. Осы мақсатпен оқушылар өз ойын сенімді білдіре алатын және түрлі формада қарым-қатынас жасауға ынталандырылатын және бағаланатын ынталандырушы және қолдаушы орта құра отырып, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту қажет.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін сабақ беру мен оқыту міндеттері мен үдерістерінің мысалдарына төмендегілер кіреді:

• Тәжірибелік тілмен еске түсіру үшін қозғалыс жадын пайдалана отырып, оқушыларға коммуникацияның барынша айқын қатысушылары болуға көмектесетін қозғалыс белсенділігінің тұжырымдамаларын тереңдету және жетілдіру;

• Теориялық және тәжірибелік қызмет арқылы пәндік терминологияны білу және түсіну;

• Әр түрлі бірлескен және жарыс түріндегі дене жаттығуларын орындау барысында әдістер мен тактикаларды білу және қолдану;

• Орындаушы, қатысушы, көшбасшы, төреші, бақылаушы сияқты түрлі рөлдердің қатысуын талап ететін қозғалыс қызметіне қатысу;

• Оқушылар белгілі жауапкершілік көтеретін жағдайларда нұсқаулық тілін пайдалану, мысалы, жетекшілік міндеттер;

• Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерінде төрешілер алқасының (арбитрлардың, төрешілердің) ережелері мен мағыналарын білу;

• Тәжірибелік амалдарды, әдістерді және процестерді сипаттау, талдау және талқылау қабілеті;

• Қозғалыс әрекетін қағазға жазу формаларын әзірлеу және пайдалану мүмкіндіктері. Қозғалыс қызметін жазу, бақылау, сипаттау және талдау процесін жеңілдету үшін камералар мен компьютерлерді қолдануға болады.



9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау

«Дене шынықтыру» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.

Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезінде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.

Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша 1-4-сыныптарда қалыптастырушы бағалау қолданылады. 1-сыныпта тоқсандық баға 3-4-тоқсанда қойылады. Жылдық баға қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде шығарылады.

ІІ «Дене шынықтыру» пәніндегі оқу мақсаттарының жүйесі


Каталог: download -> 778
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
778 -> Математика
778 -> ДҮниетану оқу бағдарламасы
778 -> Сауат ашу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы
778 -> ЕҢбекке баулу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет