Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіз дік ережелері «Бекітемін»


Дене тәрбиесі пәні бойынша қаіупсіздік ережесі



бет7/7
Дата31.01.2022
өлшемі43,88 Kb.
#116538
1   2   3   4   5   6   7
Дене тәрбиесі пәні бойынша қаіупсіздік ережесі

Гимнастика

Волейбол

Баскетбол

Футбол

Ұлттыққ, қозғалмалы ойындар

Оқушының қолы



















































































































































































































































































































Сынып жетекшісі _________________

Дене тәрбиесі мұғалімі ______________

Бекітемін

Директор


ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.



II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.



III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.



IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.



V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесінің құрамы.

Ортақ қауіпсіздік талаптары:


  1. Дене шынықтыру сабақтарына дәрігерлік тексерістен өткен, қауіпсіздік ережесімен танысқан оқушылар жіберіледі;

  2. Жарақат алудың қатерлері:

  • дұрыс жабдықталмаған жағдайда жаттығулар жасалғанда, алдын ала ойланбай жаттығу жасағанда;

  • таза емес спорттық жабдықтарда жаттығулар жасағанда, дымқыл қолмен жұмыс істегенде;

  1. Спорт залында өрт сөндіргіш және барлық қажетті медициналық қобдиша болу керек.

Сабақ алдында қойылатын қауіпсіздік ережесі:

  1. Спорт киімін кию керек және табаны тайғақ емес өкшесіз аяқ киім кию қажет.

  2. Секіру шұңқырындағы құмды жақсылап қопсыту керек, ондағы қосалқы заттардың болмауы керек.

  3. Лақтыруға арналған заттарды құрғақ шүберекпен сүрту керек.

  4. Сергіту сәтін өткізу керек.

Сабақ кезінде қойылатын талаптар:

  1. Топпен қысқа қашықтыққа жүгіргенде өзінің жағымен ғана жүгіру керек. Мәре сызығына дейінгі жол 15 м кем болмауы керек.

  2. Қақтығысып қалмау үшін жүгіріп келе жатып кенет тоқтап қалуға болмайды.

  3. Ойық жерге, қопсытылмаған және тайғақ грунтқа секіруге болмайды, қолмен тіреп қалуға болмайды.

  4. Лақтыратын заттарды қараусыз тастауға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтыруға болмайды.

  5. Лақтырар алдында абайлап адамдар бар ма, жоқ па қарап алу керек.

  6. Лақтыру аймағында тұруға болмайды, мұғалімнің рұқсатынсыз лақтырылған заттарды жинауға болмайды.

  7. Бір-біріне лақтырып беруге болмайды

Қауіп-қатер кезіндегі қойылатын талаптар:

  1. Сабақта өзіңді жайсыз сезінсең, тоқтап мұғалімге хабарлау керек.

  2. Травма алған жағдайда жедел алғашқы көмек көрсету керек, қажет болған жағдайда мекеме басшысына, ата-анасына, ауруғанаға апару керек.


Жеңіл атлетика сабақтарының қауіпсіздік ережелері:

Жеңіл атлетикаға жүгіру, секіру, лақтыру жаттығулары жататыны белгілі. Жеңіл атлетика сабағында төмендегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.



  1. Қысқа қашықтыққа тек өз жолыңмен жүгіруің керек. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтап қалуға болмайды.

  2. Жалпы жеңіл атлетикамен шұғылданған кезде өкшесіз резеңке табанды аяқ киім кию керек.

  3. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу қажет.

  4. Лақтырылған допты, найзаны, дискті, ядроны қағып алуға болмайды және оларды лақтырар кезде жерге түсіп кету жағдайынан сақтану керек.

  5. Спорт құралдарын (гранат, диск, найза т.б.) лақтырғанда лақтыру бағытында тұруға болмайды.

  6. Жүгіретін, секіретін, лақтыратын алаңды көлденең кесіп өтуге болмайды.

  7. Лақтырушының жанында тұруға және құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  8. Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатып алу керек.

  9. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күрек т.б. шаруашылық жабдықтардың үшкір жағын төмен қаратып қою қажет.

Гимнастика сабақтарының

қауіпсіздік ережелері:

  1. Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауға болмайды.

  2. Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.

  3. Спотр құралдарында (үлкен, кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орындағанда) секіргенде міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсуі керек.

  4. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

  5. Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз немесе команда берілмей бастауға болмайды.

  6. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

  7. Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спотр құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

  8. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға бомайды.

  9. Сабақта, үзіліс кезінде басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай, күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

  10. Қандайда бір жаттығуды орындағанда, әсіресе доп ойнап жүргенде әріптестермен де, қарсыластармен де өте әдепті, сыпайы қатынаста болу керек. Себебі спортшы басқаға күш көрсетуден, мен спортшымын деп мақтанудан, тағы басқа да жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тиіс.

  11. Спортпен шұғылданатын оқушылар өз ақылшылары дене тәрбиесінің мұғалімі және ата-аналары екнін естен шығармауы тиіс.

  12. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болуы керек.

  13. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.

Спорт ойындары сабақтарының

қауіпсіздік ережелері:

Баскетбол сабағында мына төмендегі қауіпсіздік ережелері сақталуы керек.



  1. Доп ұстап тұрған қарсыласыңды итеруге болмайды.

  2. Допты қолға ұстап жүгіре жөнелуге болмайды. Оны тек жерге ұра ыршытып алу керкк.

  3. Ойын барысында қарсыласыңды итеруге болмайды.

  4. Ойын кезінде орынсыз айқайлауға болмайды.

  5. Допты ыршытып алып келе жатқан қарсыласыңды итеруге, қолын қағуға болмайды.

  6. Допты қарсыласыңнан тартып алу үшін қатарласып келе жатқанда тек допты ғана қағуға болады.

Допты қағып алу

  1. Допты міндетті түрде екі қолмен қағып алу керек. Себебі, бір қолдағы допты қарсыласың қағып жіберуі мүмкін. Қағып алу кезінде саусақтарды толық ашып ұстау керек.

  2. Қолдағы допты қарсыласың тартып алмас үшін бір аяқты қозғалтпай, екінші аяқпен айнала бұрылып қорғану керек.

  3. Кез келген ойыншы допты қағып алған бетте алға қарай қозғалуға тырысады. Ондай мүмкіндік болмаса, яғни қарсыласы ілгері жібермесе, допты әріптесіне дәл беруге әрекеттенген жөн.

Жүзу сабақтарының

қауіпсіздік ережелері:

Спортзал

  1. Сабаққа оқушы дәрігердің рұқсатымен кіреді.

  2. Жаттығушылар спорт киімі мен аяқ киімін киюі керек.

  3. Сабаққа дейін 30-40 минут бұрын тамақ ішуге болмайды.

  4. Құрғақ залға жаттығушымен ғана кіруге болады.

Бассейн

  1. Ваннаға тек жаттықтырушымен ғана кіруге рұқсат етіледі

  2. Сабақта құтқару құралдары болып, оның қолданылуы оқушыларға үйретіледі.

  3. Жүзуді жаңа бастағандар тек бассейіннің тайыз жағында ғана жаттығады.

  4. Оң жақ жолақшамен бірінен соң бірі жүзеді.

  5. Киімжай, душ бөлмесінде, ваннада жүгіруге, ойнауға тыйым салынады.

  6. Бассейінге секіріп түсуге тыйым салынады.

  7. Ваннаға арнайы резеңке аяқ киіммен ғана кіруге болады.

  8. Бөлу жолақшалауына асылуға болмайды.

  9. Құрғақ залда, душ бөлмесінде ваннада бірін-бірі итеруге қатаң тыйым салынады.

Шаңғы дайындығы сабақтарының

қауіпсіздік ережелері:

  1. Шаңғышының киімі жеңіл және барынша ыңғайлы болуы керек.

  2. Серуен жолы бойында асфальт жол кездессе, міндетті түрде шаңғыны шешіп, қолмен алып өту керек.

  3. Егер серуен кезінде алда кетіп бара жатқан жолдасыңды қуып жетсең,оның шаңғысын баспауға тырыс.

  4. Таудан сырғанап келе жатқанда оқыс құлау жағдына тап болып, жарақаттанып қалмау үшін шаңғы таяғын ұшымен ешқашан алға шығаруға болмайды.

  5. Шаңғыны да дұрыс таңдап алу қажет. Сол себепті мына шарттар орындалуы қажет:

  6. Шаңғыны жаныңа тігінен ұстап, бір қолыңды жоғары созғанда, алақаның шаңғының ұшына емін – еркін жетсе, сол аңғы сенікі;

  7. Шаңғы таяғының ұзындығы жанға түзу созған қолға тіреліп тоқтайтындай болғаны жөн.

  8. Шаңғы аяқ киімі бір өлшем (размер) үлкен болуы шарт. Аяққа таза, құрғақ жәй шұлық пен жүн байпақ киген абзал.

  9. Қолға міндетті түрде қолғап кию керек.

  10. Қыз балалар құлақтарындағы сырғаларын міндетті түрде шешу керек.

  11. Қатты суық күндері балалар бірін-бірі қадағалап жүру керек. Үси бастаған жерін көрсе міндетті түрде мұғалімге хабарлау керек.

  12. Қозғалыс барысында ара-қашықтықты сақтау керек Кем дегенде 5-10 метр.

  13. Шаңғыны қолға ұстап жүргенде өкшесін жерге ұрмай ұстау керек.

Конькимен жүру сабақтарының

қауіпсіздік ережелері:

  1. Конькимен жүру кезінде жарақат алып қалмау үшін міндетті түрде төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

  2. Конькиді алғаннан кейін дұрыстығын тексеріп,резеңке төсеніш төселген жерде отырып аяққа кию керек.

  3. Мектептен шыққанда, сатыдан түскенде ара-қашықтықты сақтап (2-3м) оң жақ қанатпен түсу керек.

  4. Мұз айынында сағат тіліне қарсы буғытпен қозғалу керек.

  5. Конькимен жүре алмайтын оқушылар айналымның ішкі жағымен сағат тіліне қарсы буғытпен қозғалу керек.

  6. Жолды тиісті жерде кесіп өту ережесін ұмытпаған абзал.

  7. Мұз айдынына конкисіз шығуга болмайды.

  8. Бірін-бірі итеріп, қуып ойнауға болмайды.




  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Дене шынықтыру және спорт сабақтарын спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары

Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға міндетті қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларын көздейді.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы аумағында спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізуді дайындауға және өткізуге тікелей қатысатын мына мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады:
1) ішкі істер, денсаулық сақтау және мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары;
2) жоспар бойынша спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізетін жергілікті атқару органдары;
3) дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрі - сабақтар), спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шаралар өтетін спорт ғимараттарының ұйымдары (бұдан әрі - ұйым).
3. Жүйелі түрде, бапкердің (нұсқаушының) басшылығымен өтетін дене шынықтыру және спорт сабақтары тек ғана дәрігердің карауы мен дене шынықтыру және спорт сабақтары, спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысуға рұқсатынан кейін ғана өткізіледі.
Жарыстың бас дәрігері, ғимараттың медициналық қызметі, команда дәрігері спортшыларға, жаттықтырушы - оқытушылар құрамына және қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнген барлық жағдайда жарыстарды және спорттық бұқаралық іс - шараларды өткізуді болдырмайды.
2. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде
қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
4. Дене шынықтыру және спорт сабақтары адамның физикалық және интелектуалды дамуына бағытталған іс - шаралар мен жаттығулар кешені болып табылады.
5. Жаттығулар:
1) мемлекеттік комиссияның актісіне сәйкес пайдалануға қабылдап
алынған спорт объектілерінде;
2) оқу - жаттығу сабақтары өтетін орындар санитарлық нормаларға сәйкес болса;
3) спортшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын ауа - райы жағдайында;
4) санитарлық және өртке қарсы қызметтің рұқсаты болғанда уақытша және соған бейімделген спорт ғимараттарында өтеді.
6. Сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт қызметкерлері:
1) сабақтар өтетін орындарды қарайды;
2) тиісті спорт түрлерінен қабылданған техника қауіпсіздігі нормаларына сәйкестігін қадағалай отырып, жабдықтар мен мүкәммалдардың дұрыстығын тексереді.
7. Спорт ғимаратында техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қажетті жабдықтар, мүкәммалдар немесе жағдайлар болмаса оқу - жаттығу сабақтарын өткізетін ұйымға бұл жайында меншігінде спорт ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар дене шынықтыру және спорт сабақтары өткізу алдында бір ай ішінде ескертілуі қажет.
8. Спорт ғимаратында кез келген электр аппаратураларын және электрондық жабдықтарды орнату, қолдану ұйым тағайындаған электрик маманның қатысуымен атқарылады.
9. Ұйым:
1) іс - шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды әзірлейді;
2) дене шынықтыру және спорт қызметкерлеріне тиісінше нұсқау береді.
3. Спорттық жарыстарды және спорттық - бұқаралық іс - шараларды
өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
10. Спорттық жарыстарға спортшылар спорттық жетістіктерге қолжеткізу үшін, жарыстарды өткізу регламентіне сәйкес қатысады.
Спорттық - бұқаралық іс - шараларда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысады.
11. Спорттық жарыстарды және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу регламентін ұйымдастырушы (ұйымдастырушылары) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м. а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01 - 01 - 07/146 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6617 тіркелген Спорт түрлерінен жарыстардың ережесіне сәйкес бекітеді.
12. Спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік құрылымдық бірліктің әкімі орынбасарының төрағалық етуімен спорттық жарыстар және бұқаралық - спорттық іс - шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрылады. Бұл ұйымдастыру комитетінің құрамына мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
Осы Қағиданың 2 - тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар спорттық жарыстар және бұқаралық - спорттық іс - шараларды өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына енгізеді.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушылардың және көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, спорттық жарысты және спорттық бұқаралық іс - шараны өткізуге кемінде 4 сағат қалғанда объектіні оперативтік - техникалық қадағалауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізуді, қоғамдық тәртіп пен көрермендер мен қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қиындататын жағдай анықталған кезде, ұйымдастыру комитеті аталған спорттық жарысты және спорттық - бұқаралық іс - шараны өткізуге тыйым салу немесе оны көрермендерсіз өткізу туралы ұсыныс енгізеді.
13. Спорттық жарыстар немесе спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу мен оған дайындық кезінде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетуші адамдары мен техникалық құралдарының қажетті саны іске қосылады.
14. Спорттық жарыстар немесе спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу кезінде спорттық ғимараттарда алкогольді ішімдіктер және шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.
4. Спорттық - бұқаралық іс - шараларды дайындауға және оны
өткізуге тікелей қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар
15. Спорттық - бұқаралық іс - шараларды ұйымдастырушылар:
1) осы Қағиданың 2 - тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кешенді спорттық іс - шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу үшін спорттық - техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламентті, басқа да арнайы талаптарды көрсете отырып, спорт түрлерінен жарыстар қағидасын, кешенді бұқаралық - спорттық іс - шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;
2) спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушыларды, төрешілерді, көмекші қызметкерлерді (олардың ғимаратта техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін білуі және сақтауы) дайындауды;
3) спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу қағидаларын орындауды, көмекші қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруын;
4) спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушылардың уақытылы келуін қамтамасыз етеді.
16. Спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізілетін спорттық ғимараттардың ұйымдары:
1) объектілердегі инженерлік жүйелер мен хабарлау жүйелерінің, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенімділігін, бұқаралық - спорттық іс - шараны өткізу кезінде ілінбелі құлыпты қолданбауды, жеңіл ашылып шығу - кіруді (есіктерді, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетуші адамдардың болуын, олардың қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес іс - қимылын бақылауды;
2) спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушыларды орналастыру үшін орындарды, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін, қызметшілерді, көпшілік қолданатын орындарды, үй - жайлардың арена мен аумақтың санитарлық - гигиеналық тәртібін, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;
3) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркін кіруін және жақындауын;
4) спорт ғимараттарында (көрнекі жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштерді, көрермендер тәртібі ережелері мен плакаттар, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын ілуді;
5) спорттық - техникалық құрал - жабдықтардың жарысты өткізу ережелеріне сәйкес келуін, олардың функционалдық және табельдік белгісінің жарамдылығын;
6) көрермендер мен қатысушыларды іс - шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртібін функционалдық және табельдік белгісімен көрсету;
7) бұқаралық - спорттық іс - шараларға билеттер таратуды;
8) бақылау - өткізу тәртібімен қатысушылар және көрермендерді ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
9) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бірлесе отырып, сондай - ақ көлік қозғалысы мен тұрақты, киім шешу, сақтау бөлмелерімен қамтамасыз етеді;
17. Орны, трибуналары және секторлары көрсетілмеген кіру билеттерін сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бірге билеттерді көрсетілген нормадан асырып таратуға рұқсат етілмейді.
18. Ішкі істер органдары:
1) спорттық - бұқаралық іс - шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен қажетті күштердің болуын, бұқаралық - спорттық іс - шараларын өткізу күні көрермендердің болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпараттан кейін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды қабылдауды;
2) билеттерді сату кезінде касса маңында және спорттық ғимараттар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды;
3) спорттық - бұқаралық іс - шаралар ойындары өтетін орындарға, трибуналарға көрермендер мен қатысушылардың белгіленген тәртіпке сай (бұқаралық - спорттық іс - шаралар ойындарын ұйымдастырушысы мен спорт құрылымы әкімшілігімен келісе отырып) қауіпсіз өтуін;
4) спорт орындарына мас адамдарды жібермеу, сондай - ақ спирттік ішімдіктерді, шыны ыдыстардағы сусындарды, жарылғыш заттар мен қаруды салуға мүмкін болатын қапшықтарды, портфельдер мен басқа да заттарды спорт ғимараттарында өткізбеуге әкімшіліктің ықпал етуін;
5) көрермендердің ұйымдасқан түрде ішке енуін және трибуналар мен басқа да жайғасатын жерлерге орналасуын іске асыруда спорт ғимараттарының бақылау - тәртіп қызметі мен әкімшілігіне жәрдем көрсетуді;
6) спорт ғимараттарының трибуналарында және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртіптің, көрермендердің тәртіп ережелерін сақтауын;
7) көрермендерді трибуналардан және соның аумағынан шығару, сонымен бірге қоғамдық көліктерге отырғызу процестерін басқаруды спорттық ғимараттың тиісті қызметімен бірге жүргізуді;
8) эвакуациялау жолдарының және өрт қауіпсіздігінің жай - күйін бақылауды қамтамасыз етеді.
19. Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдары:
1) бұқаралық - спорттық іс - шараны өткізу кезінде өрт бөлімдеріне (есеппен) өрт техникасымен кезекшілік атқаруды;
2) бұқаралық - спорттық іс - шараны өткізу кезінде қажетті күш пен техниканың болуы, бұқаралық - спорттық іс - шараны өткізетін күні көрермендердің болжамды саны мен нақты жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша басқа да қосымша шаралар қабылдауды;
3) спорттық ғимараттарының тиісті қызметтерімен спорттық ғимараттан, сондай - ақ оған қатысты аумақтан қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау процесін бірге басқаруды қамтамасыз етеді. Қызметтер мен оның сандық құрамын спорт ғимаратының әкімшілігі айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет