Дене тәрбиесі және спорт қҰралдары мен нашақорлық профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері есіркепов Ж. М. Қорқыт Ата атындағы Қму-нің аға оқытушысы, п.ғ. к



Дата25.08.2017
өлшемі96,06 Kb.
#25784
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН НАШАҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Есіркепов Ж.М. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, п.ғ.к.

В этой статье рассмотрены основы формирования здорового образа жизни и борьба против наркотиков с помощью занятий физической культуры и спортам


ҚР Президентінің 28.11.2005ж. бекіткен Жарғысында «ҚР 2006-2014 жж. Есірткі және есірткі бизнесімен күресу стратегиясында» былай делінген: «Мемлекеттік есірткіге қарсы іс-әрекетінің ажырамас бөлігі болып, балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салты, есірткісіз өмір сүру насихаты орын алуы тиіс. Ерекше назар кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға аударылуы керек. Ол үшін спорттық секцияларды, қызығушылықтарына байланысты шығармашылық үйірмелерді, аулалық клубтарды кеңінен ашу керек. Сонымен қатар осы салада ғылыми-аналитикалық талдау және зерттеу жұмыстарын өткізу қажет деп атап көрсеткен.

Есірткіге қарсы күрес өткен ғасырдың басында халықаралық деңгейде қолға алына бастады. Бұл жайындағы алғашқы конференция 1909 жылы Шанхайда өткізілді.

Есірткі туралы бірыңғай конвенция 1961 жылы қабылданып. 1964 жылғы 13 желтоқсанда күшіне енді. Сол уақыттан бері жаңа ғасыр есігін ашсақ та нашақорлық дерті етектен жабысуын тоқтатқан жоқ.

Нашақорлық – (грек сөзінен аударғанда пагке-манию, ессіздік, құтырыну дегенді білдіреді) адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, аз мөлшерде жалған күлкі, көңілділік, көпіріп сөйлеу, жайбарақаттылық немесе қоздыру тудыратын көңіл-күй. Кейбір есірткілер қияли елестер, галлюцинация тудырады. Есірткіні көп мөлшерде пайдалану (табиғи және синтетикалық заттар) мас болу, ессіз ұйқы, улануға әкеледі.

Есірткіні ұзақ қолданғанда әдетте орталық жүйке жүйесі мен ішкі мүшелер зақымданып, ағзаның созылмалы улану құбылыстары дамиды. Психика жағынан бұл көңіл-күй тұрақсызыдығы, ақыл-ой қабілетінің төмендеуімен айқындалады. Қызығушылық шеңбері тарылады, ерік-жігер сезімі әлсіреп, төмендейді. Ал кейде адамдық қасиеттер мен еңбек қабілеті толық жойылып қылмыстық әрекеттер жасауға барады. Ішкі мүшелер жағынан жүрек-қан тамыр жүйесі, асқорту аппараты (әсіресе бауырдың), зат алмасу, жыныстық қызмет бұзылады. Адам мерзімінен бұрын қартайып, жүдеу процесі дамиды.

Нашақорлық – тұлғаның (ағзаның) тұтастай зақымдануы, осыдан адам құндылықтары жүйесі өзгереді. Бұл өз кезегінде нашақорлық қоғамға «масыл» ғана емес, нақты қауіп тудырады. Нашақорлық қоғамды деградацияға ұшыратады.

Нашақорлық пен дене тәрбиесін біз неге бірге қарастырып отырмыз? Өйткені олардың арасында органикалық байланыс бар, бірақ бұл кері байланыс. Дене шынықтыру мен спорт үстемдік еткен жерде, нашақорлыққа жол табылуы қиын. Нашақорлық жастардың жеткіліксіз моралдық-адамгершілік тәрбиесінен ғана емес, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының жүргізілмеу салдарынан да жандана түсуде.

Соңғы жылдары ҚР-ның барлық өңірлерінде есірткі заттарын пайдалану және олардың заңсыз айналымымен күресу ахуалының нашарлығы сезілуде.

Қазірде жалпы алғанда, дүние жүзінде 185 миллионға жуық нашақор тіркелсе, оның 60 мыңға жуығы Қазақстанда есепте тұрады. Түрлі жағдайларға байланысты бой ұратын бұл кеселге тоқтау салудың емі жоқ. Дегенмен, әлеуметтік селқостық дес берер емес.

Есірткіге жоғары сұраныс, өз кезегінде наркоқылмыстың өсуін күшейтеді. Жаңа қауіпті құбылыс «отбасылық» нашақорлықтың белең алуында, яғни отбасының бір адамы басқаларды, соның ішінде балаларды нашақорлыққа тартуы. Бұл құбылыс Алматы т.б. ірі қалаларда кеңінен таралуда.

Аталған бұл дерт нашақорлық және таксоманиялық болып бөлінеді. Нашақұмарлыққа заңмен тиым салынған, ал таксомания, әсіресе, жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Олар бензин, ацетон, бензол, эфир, толуол, хлорофром, бояу және эмаль еріткіштер, желім, тешегіш сұйықтығын т.б. пайдаланады. Аталған заттар тұрмыста және өндірісте кеңінен қолданылғандықтан токсикомандар бұл заттарды цеплофан пакетке құйып, олардың буларымен демалады. Бастапқыда иіскеу сеанстарды эпизодты, кейін күніне 4-6 рет күнделікті әдетке айналады. Соңынан бас айналдыратын затқа тұрақтылық өседі.

Токсмикомандар оқу сабакқтарына қатыспайды, жұмысқа бармайды, уақытын өзі сияқтылармен өткізеді, күндіз көп ұйықтайды. Олар өңсіз болбыр, ештенеге зауқы соқпайды. Ес прогессивті нашарлайды, ақыл-есі кемуге дейін барады.

Екінші қарапайым мысал: шифр-шайдың концентрациялы қайнатпасы, таксикомания тудырады. Оны ішкеннен кейін 30-40 минуттан соң көңіл-күй көтеріліп, рақатқа батады. Адамдар көп сөйлеп, көңілді болады, ұйқы бұзылады, қорқыныш және күйгелектік пайда болады. Біртіндеп тұлға өзгереді, қызығушылық шеңбері тарылады, әлеуметттік белсенділік төмендейді.

Біз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаласының мектептерінде 14 – 17 жастағы оқушылармен және наркодиспансерлерде есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерден сауалнама алдық.



  1. Балалар наркотик туралы алғашқы мәліметтерді, әдетте 12 жасқа дейін алған. 8-сынып оқушыларының 2%-ы өмірінде бір рет болса да есірткі қолданған. Сыныптан сыныпқа бұл парыз ұлғая түсіп, 11-сыныпта «винт» немесе «экстази» дәмін білетіндер саны үштен бірге артты.

  2. 2008 жылдың бас кезінде 5 мыңға жуық жас Қазақстандық бір рет болса да есірткі дәмін тартқан.

  3. Нашақорлықтың таралуына не ықпал етеді? Оқушылардың 18 %-ы бос уақыттарын подъездерде, не көшеде өткізеді. Жеткіншектердің 24%-ы түнгі клубтар мен дискотекаларға барады. Сұралғандардың 58 %-ы ғана үй тапсырмасын дайындайды.

  4. Сауалнама нәтижесінде, әр жүз оқушының 35%-ы ешқандай позативті қызметпен айналыспайды, 28%-ы балалар істейтін ештеңе болмағандықтан есірткімен айналысқандарын мойындады. 30%-ы есірткіні – сән деп есептейді, 40%-ы есірткінің дәмін татуға болады, қорқатын ештеңе жоқ деп сеніммен айтады.

Сараптау қорытындысында: жас адамның өзі де, оның ата-анасы да, құрбылары да ешқандай ықпалды топ немесе ұйым балалар мен жеткіншектер арасында мәселені жалғыз шеше алмайды. Әр саналы адамға, әсіресе, педагогқа өз жұмыс орнында нақты не істеу керек? Соның ішінде адамдық тұлға мен денсаулықты құртатын нашақорлықпен күресуде әрбәр адамға, дене шынықтыру, спорт және туризм мамандарына не істеу керек?-деген сұрақ туындайды.

Белгілі футбол т.б. спорт түрлеріне, спорт командаларындағы спорт жұлдыздарына табынатын жастар топтары – фанаттадың пайда болуы жағдайы күрделендіре түсуде. Мұндай топтарда әдетте өз философисы жоқ, олардың мүшелерін қызығушылық ортақтығы ғана біріктіреді.

Зерттеулер көрсеткендей, мұндай топтар спорт жарыстарын көрсеткен кезде, нашақорлар ықпалымен әлеуметтік қауіпті күшейте түседі. Сонымен бірге, мысалы, экстремистік топ мүшелері тұрақты дене дайындығымен шұғылданады. Алайда, адамгершілік тәрбиенің жетіспеуінен олар дене күштерін қылмыстық әрекеттерге пайдалануға жұмсайды.

ҚР-да нашақорлықтың негізгі себептері ішінде нашақорлық профилактикасында спорт, дене шынықтыру, туризм мүмкіндіктерін тиімсіз пайдалануын атауға болады. Нашақорлықтың бастапқы профилактикасы – есірткі айналымына қарсы тұруға ең тиімді жол дене шынықтыру және спортпен шұғылдану болуы тиіс.

Дене шынықтыру – профилактикалық қызметтің өзіндік ерекшелігі – тұлғаға кешенді әсер ету, мінез-құлықты өзгерту, табиғи қажеттілікті қанағаттандыру, өскелен ағзаға ықпал етудің күшті құралы болып табылады. Дене жүктемелері ағзаның сан алуан жүйелерін қалыптастырып, адамның қимылдағы табиғи қажеттілігін де қанағаттандырады. Осыған байланысты спорт қызметін нашақорлыққа балама ретінде қарастыруға болады.

Дене тәрбиесінің жалпы курсында және көпшілік дене шынықтыру қозғалысында спорт түрлерінен жарыстардың маңызы зор және жеткіншектер мен жастарда олардың нашақорлыққа қарсы тұруына қажетті қабілеттер тәрбиелеуге табыспен пайдалануға болады.

Дене тәрбиесі мен спорттың жоғары беделін жастар алдында нашақорлықпен күресті ұйымдастыруға тиімді пайдалану қажет. Спорт мінезді шынықтырады, қиындықты жеңуге, тағдыр соққысын еңсеруге, тұлғаны қалыптастыруға, өзіңді жеңіп, өз әлсіздігінмен күресуге үйретеді. Спортпен шұғылдану салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырады, жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді, өмірге қажетті дене қабілеттерін (күш, шыдамдылық, шапшаңдық, икемділік, ептілік) дамытып қана қоймай мінездің ерік-жігер белгілерін (батылдық, ержүректілік, жеңіске деген құштарлық т.б.) де дамытады.

Сонымен, дене тәрбиесі және спорт құралдары мен нашақорлық профилактикасы дегеніміз – психо белсенді заттармен жастарды еліктіруге қарсы тұру кепілі ретінде дені сау, ой-өрісі, сана-сезімі ояу, рухани бай балалармен, жеткіншіктер қалыптастыру.

Есірткі және басқа психотрофты заттарды таратуды азайтуға балама наркотизация ықпал етеді. Мұндай балама қызметтің мысалдары спорттың белсенді түрлерімен айналысу болып табылады. Соңғы кезде алыс және жақын шет елдерде балалар мен жастар арасында көңіл көтеру практикасының сәнге айналған бағыты – спорттың экстремалды түрлері: - роллер спорт, сноуборд, скейборд, вэйкборд, виндсерфинг, жылдамдыққа құзға өрмелеу т.б. кең таралуда. Осы спорт түрлерін елімізде де насихаттауға мүмкіндіктер жеткілікті.

Сан алуан оқу тәрбие бағадармаларында дене жаттығулары сабақтары бірнеше кезеңге: демалысты тиімді ұйымдастыру, сауықтыру құралдары, оқушыларды айналадағы қылмыстық ортадан назарын бұру, дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тарту әдісі ретінде қарастырылуы тиіс.

Жүргізілген зерттеулермен тәжірибе көрсетіп отырғандай, сабақтар жүйелілігімен (сабақтар аптасына 3-4 рет), үздіксізімен (жыл бойы) сипатталу керек. Оқудан тыс сабақтарды оқушыларға тиімді уақытта (17-20 сағат) ақысыз жүргізу керек, ал педагог еңбегі адекбатты төленуі тиіс.

Білім басқармасы (бөлімдер) басшыларына – спорт-сауықтыру топтарының жұмысына тиісті жағдайларды қамтамасыз ету, спорт базасын жасақтау, спорт құрылыстарын тиімді пайдалану, қатысушылардың денсаулық деңгейін, наркодиспансерлерде еспете тұрған нақты оқушылар санын қадағалау, спорт-сауықтыру топатрының жұмысын есепке алып, оқу сабақтарына оңтайлы кесте құрастыру, дене шынықтыру мен спорт құралдарын және жастардың салауатты демалысын қамтамасыз етуде олардың рөлін насихаттауды ұйымдастыру өте маңызды.

Бірқатар тәжірибелік ұсыныстарды іске асыруға ерекше көңіл бөлу керек:


  1. Оқушы жастарды спортпен үнемі шұғылдануға барынша көп тарту, осының өзі нашақорлық профилактикасының тиімді шарасы болып табылады;

  2. Әр оқу орнында нашақорлықты дене шынықтыру, спорт және туризм құралдарымен сауықтырудың өз идеясы, өзінің ішкі бағдарламасы болуы тиіс;

  3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі оқу процесінде, сондай-ақ оқудан тыс уақыттада міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс;

  4. Нашақорлықты түбірімен құртуға педагогикалық ұжым қызметінің нәтижелерін немен өлшеу керектігін нақты анықтау керек. Осы бағыттағы жетістіктер, мысалы:

дене шынықтыру сауықтыру және спорт жұмыстарына қатысушыларды оқудан тыс уақытқа қалай тартылғанын жүйелі талдау және бағалау;

- әр оқу мекемесі біртіндеп салауатты өмір салты мектебіне айналып, олардың әрқайсысында бүкіл оқу сыныптары мен топтары тиісті байқауларға қатысушылар болып табылып, әр оқушы ретімен біртіндеп тартылуы тиіс;

- аурушандық, қылмыс жасаушылар, шылым тартушылар санының азаюы дене дайындығы мен дене дамуы деңгейінің жылдан жылға жақсаруы.

Оқу жылында кемінде бір рет міндетті түрде Педагогикалық Кеңесте оқушылардың денсаулығын нығайту жөніндегі жұмыс жағдайын сипаттайтын материалдарды қызмет көрсетуші медицина мекемесімен бірге дайындап және талқылауға ұсынылуы тиіс.



  1. Дене шынықтырудың тиімді әсерінің жарқын мысалын табу және оны педагогикалық және оқушылар ұжымдарында жариялылық жетістігіне айналдыру қажет.

  2. Келесі бағыттарда нақты бір түрге назар аудару тиімді:

а) оқушыларды және барлық педагогтарды денесін жетілдіруге қызығушылығын арттыру, дене шынықтыру құндылығын ашу, дене шынықтыру – спорт сабақтарының өмірлік қажеттілігін түсіндіру, дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануды насихаттау;

б) барлық сыныптар мен курстарда, оқу орнында ата-аналар мен оқушыларды, бітірушілерді барынша тарту арқылы спорт элементтерін енгізіп жарыс, демалыс ұйымдастыру, солардың көмегімен дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағытта қызығушылық клубтарын құру;

в) директорлардың басшылығымен педагогикалық ұжымда салауатты өмір салтын насихаттауда ақпараттық-әдістемелік жұмыс жүргізу, барлық оқушыларды нашақорлыққа қарсы насихаттың жаңа әдістерімен таныстыру және жүйелі тәжірибе алмасу;

г) «Ең спортшы сынып» атты тұрақты байқаулар ұйымдастыру, ынталандыру арқылы «Президенттік сынама» жарыстарын т.б. көпшілік сауықтыру шараларын өткізу, оларға барлық педагогтар мен оқу топтарының басшыларын қатыстыру;

д) өткізілетін жұмысқа қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу, ең алдымен клуб және спорт үйірмелер қызметі, туристік жорықтар төлемақысын, дене тәрбиесі және кәсіптік білім, басқа да көпшілік, соның ішінде дене тәрбиесі, спорттық, медициналық басылымдарда жарияланған материалдарды сатып алу және көбейту демалыс қызметін ұйымдастыруға спорт құрал-жабдықтарын сатып алу;

е) «ҚР дене тәрбиесі және спорт туралы» ҚР заңындағы көпшілік дене шынықтыру және спорт шараларына, дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын құруға қажет қосымша қаражат бөлу мүмкіндіктерін барына пайдалану т.б;

ж) жеткіншіктер ағзасын сауықтырып, нығайтуға спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, жұмыстың жаңа түрлерін пайдалану, мысалы, фитнес, аэробика, атлетикалық гимнастика, т.б.

Ұлттық және халықаралық спорт түрлерімен әскерге шақырылатын жастағы жеткіншітердің дене дайындығы мәселесін шешуге болады.



Мәселе, ұйымішілік жарыстарды көп өткізу же емес, оқу жылы барынсында өтетін 8-10 жарысқа әр оқушының қатысуында болып отыр. Топтан (сыныптан) 2-3 команда, жеке командалық жарыстарда жақсы баға алу: жеңіл атлетика, дала, шаңғы жарысы, үстел теннисі, баскетбол, футбол, волейбол, т.б. кімде ынта болса ешқандай кедергісіз қатысуға мүмкіндік алуға тиіс.

  1. Ең маңызды, сонымен бірге көпшілікке әлі де қиын мәселе: оқушылардың дене шынықтыру сабағына қызығушылығын қалай оятуға болады?

  2. Педагогикалық ұжымда дене тәрбиесі жұмысын салауатты өмір салтын құраушы басқа пәндерден бөлек жүргізуге болмайды. Оқу орнында салауатты өмір салты бірлескен ұйым болуы тиіс. Онда ең алдымен дене шынықтыру мен спорт есірткіге қарсы негізгі күш ретінде айқындалады. Алайда ол дене тәрбиесі мамандарына ғана сеніп тапсырылуы тиіс емес.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет