Құралдар мен материалдар: ойыншық маймыл, балалардың санына қарай диаметрі 15 см доптар, қақпалар ені 60 см – 3 дана, ұзындығы 3 м жіп, қырлы тақтайлар.
Билингвалды компонент: маймыл – обезьяна, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз
– до свидания.
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды үкен ойыншық маймылмен таныстырады. Оларды маймылмен ойнауға шақырады. Ойнап болғаннан кейін балалар да маймыл сияқты епті болатынын, ал, маймылдың көңілі көтерілетінін айтады.
II. Негізгі кезең.
Жүру, жүгіру; қолына доп ұстап жүру (оң қолына), аяқтың ұшымен жүру – допты бастан асырып ұстайды, өкшемен жүреді – допты алдында ұстау.
Доп ұстап музыканың ырғағымен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды.
Шеңберге тұру, арақашықтықтарын сақтау. Жаттығуларды музыкамен бір уақытта бастап, бір уақытта аяқтау қажет.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
Допты 2 метр қашықтықтан қақпаға домалату – допты екі қолмен екпінмен итеру және доптың қозғалыс бағытын сақтау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Маймылдың қасына кім бірінші еңбектеп барады?» Арқанның астымен, оған жанаспай төрт аяқтап еңбектеу.
Қимылдардың орындалу ізбе-ізділігін түсіндіру.
«Қуаласпақ» ойынын ұйымдастырады.
Ойын ережелерін және ойын кезіндегі мінез-құлық тәртібімен таныстырады:
жүгіргенде бір-біріне кедергі келтірмеу, соқтығыспау, тепе-теңдік сақтау қажет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия). Эмоциялық жүктемені төмендету
«Көтеріңкі көңіл күй» – көтеріңкі көңіл күйін қимылдар арқылы көрсетеді. Ертегі кейіпкерімен қоштасу.
Достарыңызбен бөлісу: |