№ 15 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Жіппен ойнаймыз. (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Жерде жатқан жіптің үстімен жүру және биіктікке секіру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:сапта қатарды бұзбай ырғақпен жүру және жүгіру қабілетін қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру. Қимыл-қозғалыстарды өзге балалармен келісіп орындау қабілетін дамыту. Жіпті бойлай жүргенде тепе-теңдікті тұрақты сақтай білу қабілетін нығайту, жалпақтабанның алдын алу – табанның дұрыс жетілуін қамтамасыз ету.
40 см биіктікке тартылған жіптің астымен еңбектеп өту арқылы балалардың бойында иілгіштік және ептілік сынды қасиеттерді дамыту. Дербестікке, жинақылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: екі ұшы қосып байланған жіппен орындалатын жалпы дамытатын жаттығулар; жүгіріп келіп жоғары секіру.
түсінеді: бір-бірден тізбекке тұру, жіпке жанаспас үшін топтасу, секірген кезде екпінмен қоя аяқпен итерілу жолдарын. қолданады: тізбекте жүру және жүгіру дағдысы, жіптің үстімен жүргенде тепе-теңдік сақтау қабілеті, белгі берілген кезде бағытын өзгерту қабілеті.