Құралдар мен материалдар: ұзындығы 6–8 метр болатын жіп, жіпке бекітілген қоңыраулар.
Денсаулық сақтау технологиялары: «а» дыбысын шығару арқылы жасалатын тыныс алу жаттығулары. Өкпе, кеңірдек пен көмейдің жұмысын жақсартады. Жаттығу кезінде тыныс алу тереңдігі артып, оттегі көбірек пайдаланылады.
Билингвалды компонент:жіп – шнур, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Мына сұлу әлемде Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге
Күн сәулесін төгеді.
Балалардың назарын жіпке аударады. Оны қалай пайдалануға болады?
II. Негізгі кезең. Бір-бірден тізбекте жүру, жүгіру – арақашықтықтарын сақтау, мұрын арқылы демалу, өзгелермен үйлесімді қимылдау.
«А» дыбысын шығару арқылы жасалатын тыныс алу гимнастикасы.
Шығарылатын демнің көлемін арттыру үшін дауысты дыбысты созып айту ұсынылады.
Мысалы, жіп тарқатылып біткенше немесе серіппе созылғанша т.б.
Екі ұшы бір-біріне байланған жіптің көмегімен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Балаларды шеңбер бойына орналастыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез шеңберге тұр».
Аяқтың ұшымен жүру – өкшені жоғары көтеріп, денені тік ұстап әдемі қимылдау.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
Тепе-теңдік жаттығулары – иректеп тасталған жіп бойымен жүру. Табанды жіпке қою қабілетін, шеңбердің аумағынан шықпауын бақылау.
40 см биіктікке тартылған жіптің астымен еңбектеп өту.
Нұсқау – жіпке бастарын тигізіп алмас үшін тығызырақ топтасып өту қажет.
Жүгіріп келіп 4-адымнан қос аяқтап жоғары секіру. Ойын: «Қоңырауды сыңғырлат». Түсіндіру – жіпке дейін 4 адым жасап, еденнен екпінмен итерілу, қолын қоңырауға тигізу.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия).Ойын: «Түсіріп алма!»
Жіппен ойнау қызық екенін және оның кез келген үйден табылатынын атап өтеді. Үйде, далада достарымен ойнауға болатынын айтады.