Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Ерекше шар
Мақсаты:Доптарды бір-біріне домалату, арқанмен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру. Отырып бір-біріне допты домалату (қашықтық – 2 метр). Міндеттері:сапты бұзбай жүгіру және жүру қабілетін дамыту, өз қимылын өзге балалармен келісіп отыруға үйрету. Жіпті бойлай жүрген кезде тепе-теңдік сақтау, жалпақтабанның алдын алу. Допты бір-біріне домалатуға жаттықтыру, көзбен мөлшерлеу, доптың қозғалыс бағытын сақтау қабілетін дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын ояту; дербестік пен жинақылыққа үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды: шеңбер пішінінде еденге тасталған жіппен жалпы дамытатын жаттығуларды; қазақтың ұлттық ойындарындағы рөлдерді. түсінеді: тізбекте жүру және жүгіру, бір-бірден тізбекке тұру, допты бір-біріне домалату үшін өз жұбын табу жолдарын.
қолданады: тізбекте жүру және жүгіру қабілетін, допты бір-біріне домалатқанда оны екпінмен итеру қабілетін.