№ 19 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Қоянға сауығып кетуге көмектесейік
Мақсаты: Жоғары қарай секіру және төрттағандап еңбектеу дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: қапталға бұрылу үшін мейлінше биікке секіруге үйрету, сапта тұрғанда бірқалыпты қозғалыс ырғағын сақтай отырып жүру және жүгіру қабілетін нығайту. Еңбектеуге жаттықтыру. 3 доғаның астынан кезекпен өткізіп, ептілік пен икемділік қабілетін дамыту. Өз денсаулығын күтуге үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды:шапалақтау арқылы жалпы дамытатын жаттығуларды, жүру мен жүгіру, оңға және солға бұрылу, өз төңірегінде айналу жаттығуларын біркелкі қарқынмен және ырғақпен орындайды. түсінеді: жаман көңіл күйдің себептерін (ауру), педагогтің жүру мен жүгіру жаттығуларын кезектестіруге қатысты командаларын. қолданады:допты екпінмен итеру, 3 доғаның астымен ізбе-із еңбектеп өту, допты нысанаға қарай домалату қабілеттерін.