Бөлімі: Дене шынықтыру. Тақырыбы: Доға астынан еңбектеп өту. Орнынан ұзындыққа секіру. Қимылды жаттығулар. Мақсаты



Дата14.01.2020
өлшемі49,5 Kb.
#55835
Байланысты:
Білім беру аймағы Денешынықтыру

Балдырған шағын орталығы бірінші кіші топ (2-3 жас)

Білім беру саласы: Денсаулық. Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1.Доға астынан еңбектеп өту.
2.Орнынан ұзындыққа секіру. Қимылды жаттығулар.

Мақсаты: Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған жаттығуды қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін ой-өрісін дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

-Сәлеметсіңдер ме балалар, қараңдаршы бізде қонақтар бар, қонақтармен амандасайықшы



Шаттық шеңбері.

Шеңберге тұрамыз.

Сәлем дейміз күнге біз, Сәлем дейміз аспанға, Сәлем дейміз достарға, Сәлем дейміз апайларға.
Қимылды жаттығулар.

Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)


Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың ішімен жүру)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)
Екі қолымызды тізеге қойып жүреміз Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Дөңгелектен қос аяқпен секіреміз.

Орындықтан еңбектеп жүру, ж/е секіру

Сақиналарды орнын ауыстырмай жинау

Жарайсыңдар балалар.


Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығуларын жасайық: 1. Доға астынан еңбектеп өту.
Жарайсыңдар балалар.
Қос дөңгелектен аттап өту.

2.Орнынан ұзындыққа секіру.(түрлі-түсті жіптерден)

Сергіту сәті.

Бала бала балақан, Кәне қайсы алақан. Саусақтарың айбат, Былай, быдай ойнат



Балабақшадағы ашық сабақтар

Білім беру саласы: Денсаулық. Бөлімі: Дене шынықтыру.


Тақырыбы: 1.Доға астынан еңбектеп өту.
2.Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған хатка – йога элементерін қолдану арқылы балалардың бойын түзеп жүруін, икемділігін ой-өрісін дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

-Сәлеметсіңдер ме балалар, қараңдаршы бізде қонақтар бар, қонақтармен амандасайықшы «физкульт – салем!»


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күз мезгілінің ерешеліктерін кім айтып береді? Жарайсыңдар балалар.
-Балалалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз. Дайынсыңдар ма?
-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманды жалғыз аралауға болмайды,
Ол үшін бір – бірлеріңнен қалмауларың қажет.
Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір – бірінің артынан жүреміз
Орман ішімен жүреміз
Күнге қол созамыз
Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)
Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың ішімен жүру)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)
Аяқты көтеріп жүреміз (зат аттап жүру)
Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.

Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары: хатка –йога


(Әр жаттығу 3реттен қайталанады және 5сек.)
СМС хабарлама келеді
Қане, хабарлама қайдан келгенін көрейікші.
Сәлеметсіңдер ме, «Ақ желкен» балабақшасының балалары!
Мен Мыстан кемпірмін! Менің бүгін туған күнім. Мен сендерді қонаққа шақырғым келеді, бірақ менің үйшігім құлап қалды. Мен оны жинай алмаймын, көмекшілерім жоқ, не істерімді білмеймін, мүмкін сендер көмектесерсіңдер? Ой балалар біз қалай барамыз, біз жәй ормандамыз, ал Мыстан кемпір ертегі орманында. Мен оған сол туралы СМС жолдайын. (мыстан кемпір сиқырлы сөздер жазып береді)
Мыстанға көмектесеміз бе? Олай болса, жолға шығайық.

Негізгі қимыл қозғалыс:


1. Доға астынан еңбектеп өту.
2. Орнынан ұзындыққа секіру.
- Алақай, Біз Мыстанның үйшігін таптық. Осы жерден тоқтайық.
- Біздің үйшігімізге бір нәрсе жетіспейтін секілді?
- Балалар бізге айналамызды көру үшін не керек? (көз)
-Дұрыс айтасыңдар. Мына үйшікте не жетіспейді? Балалар біз үйшікті сиқырлап орнына келтіру үшін көзімізбен сиқырлаймыз, үйшігімізді орнына келтірейік.
«Денсаулық» технологиясы
Көзге арналған жаттығу.
Жоғары, төмен, солға, оңға айналдырамыз, ашып – жұмамыз. Енді көзді жұмамыз, олар бізге сиқырласын. Санаймыз 1, 2, 3, 4, 5... көзімізді ашамыз.
Балалар көзін жұмып отырғанда, Мыстан кемпір келеді.
Мыстан кемпір:
- Ой балалар жарайсындар, менің үйшігімді жөндеп, орнына келтіріпсіңдер. Мені қуанттыңдар. Сол үшін сендерді орманда қалдырамын, маған осындай көмекшілер қажет.
- Сендер себетке не жинадыңдар? Ой, менің сүйікті саңырауқұлақтарым ба? Не деген саңырауқұлақтар. Мен будан көп дәрілер жасап бере аламын.
-Балалар сендермен ойын ойнағым келеді, олай болса, шеңбер болып тұрып, «Бабка – Ёжка костяная ножка»-деп, менің сөзімді қайталаңдар.
Қимылды ойын: «Бабка - Ёжка»
Ойын шарты: Бабка –Ёжка костяная ножка,
С печки упала,ногу сломала.
А потом и говорит:
-«У меня нога болит!»
1, 2, 3 от Яги беги.

Қорытыңды:


Мыстан кемпір:
-Ой балалар мен шаршап қалдым, белімді ауырды. Ой сендермен әбден шаршатып жібердіңдер, жарайды, сендерді орманда қалдырмаймын. Қазір сиқырлап сендерді өз балабақшаларыңа алып барамын. Бірақ алдымен жатып, дем алып алайын, ал сендер неге тұрсыңдар? Қане менімен бірге жатыңдар! Жұлдыздарға қарайық, армандайық.

«Денсаулық» технологиясы


Релаксация
Қане жұлдыздарға жақындайық, әуе шар болайық. Шар ол сендердің іштерің болады. Қолдарыңды іштеріңе қойындар, сендердің шарларың дұрыс үрленіп жатқанын білу үшін, демді ішке тартып шар үрлейміз, демді шығарамыз, желін шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздерінді жұмыңдар, жұлдыздарды елестетіңдер. Қараңғы түнгі аспан, жарық ай, көп-көп жұлдыздар. Олар жанады, жарқырайды, құлайды да, ғайып болады. Қандай тамаша! Әдемі! Құстарда ән салып тұрғандай, күн шықты, таң да атты. Сендер ояндыңдар, тұрдыңдар. Міне біз өзіміздің балабақшаға да келдік . Мыстанға көп рахмет, ол бізге ертерек келуімізге көмектесті. Сендерге саяхат ұнады ма? Біз не саяхатта қандай жаңа жаттығу жасадық? Қандай кедергілерден өттік? Ой балалар мына себетте не бар екенін көрейікші, ой бұл Мыстаның бізге берген сиқырлы сыйлықтары? Тез топқа барып сыйлықтарды бөлісіңдер.Балалар қане сапқа тұрамыз! Ендеше спортша қоштасамыз «Физкульт – Сау бол!»

Балабақшадағы ашық сабақтар

Әдістемелік тақырып: «Логикалық ойлауда ойының рөлі» Мақсаты: Логикалық ойлауды жетілдіру арқылы баланың тілін дамыту. Әр-түрлі ойын арқылы балаларға қызықты етіп жеткізу болды ол мақсатты алу себебім , мен осы тақырыпта зерттей отырып іс – әрекет жасау негізінде балаларды логикалық ойын арқылы балалардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыта отырып, мақсатына жетістігіне жетемін, сабақта әр-түрлі дидактикалық ойындарды қолданыу арқылы өзгертемін сабақты балалардың логикалық ойлау, сөйлеу қабілетін дамуына үйретемін деп болжадым. Міндеттері: 1.Ойындар арқылы сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту. 2.Балалардың білімдерін жан-жақты ойлауға баулу. 3. Балалардың шығармашылықтарын бағалау.



Әдістемелік тақырып: «Логикалық ойлауда ойының рөлі» Мақсаты: Логикалық ойлауды жетілдіру арқылы баланың тілін дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет