№ 20 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Мұқият болайық
Мақсаты: Допты дамалату және бір орында тұрып секіру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: допты заттардың арасымен домалатқан кезде доп траекториясы бағытын өзгертуді үйрету. Допты қол саусақтарымен қатты күш салмай ақырын итеріп жіберу қабілетін дамыту. Бір орында секіруге, оң және сол жаққа бұрылуға жаттықтыру, екі аяқпен бір уақытта жерден серпіле секіріп, оңға, солға бұрылу және айналу қабілетін нығайту. Зейінін, үйлестіру қабілетін дамыту. Салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: жасайды: жалпы дамытатын жаттығуларды қол соғумен бірге орындау, допты бір-бірінен 1 метр қашықтықта орналасқан бес заттың арасымен домалату.
түсінеді: өзге балалармен үйлесімді әрекет ету (біріншісі – шапалақтайды, екіншісі – секіреді), макеттің ұшу бағытына қарай жүгіру бағытын өзгерту, затты іздеу жолдарын. қолданады: тізбекте жүру және жүгіру, екі тізбекке тұру, қос аяқтап секіргенде еденнен бір уақытта итерілу, оңға, солға, өзін айналып бұрылу қабілеттерін.