Құралдар мен материалдар: үлкен ойыншық қоян, биіктігі 40 см доғалдар – 6 дана, диаметрі 15 см доптар, кегельдер.
Билингвалды компонент: қоян – заяц, секір – прыгни, бұрыл – повернись, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды ойыншық қоянмен таныстырады. Ол көңілсіз. Себебі сырқаттанып тұр. Балаларды мәселені шешуге жұмылдырады – бүгінгі сабақ барысында қоян көп нәрсені үйренеді және сауығып кетеді.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру.
Бір-бірден тізбекте жүру, жүгіру – аяқ пен қол шынайы, жеңіл қозғалады.
Екі тізбекке тұру.
Қол шапалақтап жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды. Тізбектегі арақашықтықты, белгіленген бастапқы қалыпты сақтау қабілетін бақылау.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Секір-бұрыл».
Бір орында тұрып оңға және солға бұрылып секіру. Бұрылып секіру техникасын түсіндіру: еденнен аяқтарымен екпінмен итерілу, бұрылу үшін мүмкіндігінше жоғары секіру. Билингвалды компонент: секір – прыгни, бұрыл – повернись.
Үш доғаның астымен еңбектеп өту. Тізбектердің арасына екі қатарға үш доғалдан қойылады.
«Кім епті?» ойыны – 1-2-3 доғалдарының астымен ізбе-із өту.
Көзбен мөлшерлеу қабілетін дамытуға арналған ойын: «Кегельді құлат». Педагог ойын тәртібін түсіндіріп, орындау әдісін көрсетіп береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
«Қарынға массаж жасайын» ойыны.
Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды, мәтінге сай жаттығулар жасайды:
Шалқасынан жатады. Сағат тілінің бойымен қарнын сипайды.
Ойыншықпен қоштасады. Қоянның сауығуына көмектескеніне қуанып мәз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |