Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 99
Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Шынығып, шымыр боламыз. (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Спорттық ойындар элементтерін үйрету.
Міндеттері: дұрыс бастапқы қалыпты сақтай отырып, әртүрлі орналастырылған кегельдерге допты лақтыруға үйрету.
Бағытты өзгерте отырып және заттарға тиіп кетпей заттардың арасымен жүгіру білігін бекіту, майтабан профилактикасы, табан күмбезін нығайту. Ептілікті, жалпы төзімділікті, статикалық тепе-теңдікті сақтау білігін дамыту. Дүниеге оң көзқарасын, мейірімділікті қалыптастыруға ықпал ету. Күтілетін нәтиже: жасайды: доппен фигура жасайды, допты еденге лақтыру, иректеп жүгіру жаттығуларын ойын түрінде массаж («Бояушы») жасайды. түсінеді: нашар көңіл күйдің себептерін, допты жерге тиіп секіргеннен кейін саусақтарды қатайтпай, еркін ұстау керектігін, допты екі бүйірінен ұстау керектігін, иректеп жүгірген кезде заттарға жанаспау қажеттігін. қолданады: заттардың арасымен жүгіру, педагогтің белгісі бойынша жылдам сапқа тұру, жерге тиіп секірген допты қағып алу қабілетін, кеңістікте бағдарлау қабілетін.
Достарыңызбен бөлісу: |