Билингвалды компонент: сандық – сундук, текшелер – кубики, доптар – мячи, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын оюлы сандыққа аударады. Оның ішінде спорт құралдары мен материалдар, түрлі түсті текшелер, доптар жатыр.
II. Негізгі кезең. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез ал – тез көтер»: қозғалыс түрлерін өзгерту.
Шеңберді айналып жүріп текшенің көмегімен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Бүгілген шынтақты жазу, денені солға-оңға қарай көбірек бұру, еңкейгенде тізені бүкпеу.
Негізгі қимылдарды орындау.
Бір орында тұрып оң және сол аяқпен секіру, табанды толық баспай, аяқтың ұшын тіреп итерілу.
Гимнастикалық орындық үстімен жүру, тапсырмаларды орындау: екі бала екі жағынан бастап жүреді және ортасына келгенде екі жаққы айырылып кетеді.
Балалардың орындықтың орта шамасына келген кезде тепе-теңдік сақтау қабілетіне назар аударады.
Допты бір қолмен еденге ұру. Жаттығуды түсіндіру және орындау техникасын көрсету. Нұсқау: саусақтарын жазып, допты алақанымен қарсы алу, допты қолдың басымен соғу.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Соқыртеке».
Ойын тәртібінің сақталуын қадағалайды. Санамақтың көмегімен «Соқыртекені» таңдап алады.
«Шымшық, шымшық, Сен қал, сен шық!»
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Белгіге құлақ сал!».
Педагогтің белгісі бойынша қимылдар жасайды. Дауылпаз бір соққанда – қол шапалақтайды, екінші рет соққанда – аяқтарын тарсылдатады, үшінші соққанда – айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |