Денешынықтыру



бет319/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

II. Негізгі кезең.
Ойын: «Доптарды шеңберге сал». Қолға (оң қолға) доп ұстап шашырап жүру, бір-бірден сап түзеу. Кеңістікте бағдар табу қабілетіне назар аударады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Доппен фигура жаса». Балалардың тұрақты тепе-теңдік сақтауына назар аударады.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды.
Допты еденге лақтыру және қағып алу.
Жаттығуды түсіндіру және орындалу тәртібін көрсету: допты төмен қарай тігінен лақтыру, жерге тиіп секіргеннен кейін саусақтарының арасын ашып ұстау және қатты қыспау.
Қатарға қойылған заттарды (кегельдерді) айналып, аяқтың ұшымен иректеп жүгіру.
Заттардың арасындағы қашықтық – 1 метр, қатардың ұзындығы – 6 метр. Балалардың арақашықтық сақтау қабілетін, денесін оңға-солға бұру қабілетін қадағалайды. Спорттық ойын элементтері – кегельдер.
«Нағыз мергендер»
Дұрыс бастапқы қалыпты ұстана отырып, допты әр жерге қойылған кегельдерге лақтыру. Тәрбиеленушілер 2 метр қашықтықтан допты лақтырады.
Тапсырманы алдымен қыздар орындайды, ал ұлдар кегельдерді педагогтің нұсқауы бойынша қояды. Сосын ұлдар лақтырады. Педагог допты тура бағытта екпінді түрде – тұрған кегельдердің ортасына лақтыруға назарларын аударады.
«Біз көңілді балалар» ойынын ұйымдастыру. Ойын тәртібін түсіндіру.
Қуғыншыдан қашып құтылу керектігін, жүгіргенде бір-бірімен соқтығыспау қажеттігін ескертеді. Қуғыншыны санамақтың көмегімен таңдап алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет