Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы:Сыр толы сандық
Мақсаты: Тепе-теңдікті сақтау және баскетбол ойын дағдыларын дамыту. Міндеттері: көлденең жатқан бөрене үстінде тепе-теңдік сақтауға, бөрене бойымен аяқтың ұшымен жүруге, денені және басты тік ұстауға, бөренеден жеңіл түсуге үйрету. Көлбеу бұрышы үлкен (гимнастикалық қабырғаның 4-ші кермесіне орнатылған) баспалдақпен қапталдағы сырықтарды ұстап, өрмелеу қабілетін нығайту: 4 саусақ астынан, бас бармақ – үстінен ұстайды, бір кермеден екіншісіне ауысқан кезде қолды көлденең бағытта ұстау қажет.
Допты еденге бір қолмен соғуға жаттықтыру; дербестікке, жинақылыққа үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды:доппен жасалатын түзету жаттығуларын, көлденең бөрене үстімен жүру, көлбеу сатымен өрмелеу, допты еденге ұру жаттығуларын.
түсінеді: гимнастикалық қабырғамен қосалқы адым жасауды, гимнастикалық қабырғаның тепкішектерін көлденең бағытта ұстау тәртібін, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасау керектігін.
қолданады: баспалдақпен өрмелеу, қимылдарды топтасып орындау қабілетін, допты еденге ұру қабілетін, тепе-теңдік сақтау және кеңістікте бағдар табу қабілетін.