Денешынықтыру



бет324/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: бала санына қарай түрлі түсті орамалдар, асықтар, көлденең бөрене, ұлттық киімді қуыршақ (Айсұлу), дорба, көк түсті мата (ені бөрененің ұзындығына тең) – бұл бұлақ.
Билингвалды компонент: «Айсұлумен бірге ойнаймыз» – «Играем вместе с Айсулу», орамал – платок
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: Айсұлу келеді. Айсұлу ойнауға арналған заттар салынған дорба ала келіпті.
Балаларды ойнауға шақырады.
Билингвалды компонент: «Айсұлумен бірге ойнаймыз» – «Играем вместе с Айсулу», орамал – платок II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Өз жұбыңды тап»: жұптасып жүгіру. Жұптағы балалардың бір-бірімен үйлесімді қимылдауына назар аударады.
Шеңберге тұрып орамалдың көмегімен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды.
Көлденең жатқан бөрене үстімен жүру (қапталға қарай қосалқы адым жасау).
Ойын түріндегі жаттығу: «Бұлақтан өт!»
Бұлақтың үлгісін жасау – залдың ортасына көк түсті мата төселеді (ені бұлақтың ұзынығымен бірдей). Бұл – бұлақ, оның үстіне көлденеңінен бөрене қойылады. Балалар аяқтарын суламай, бөрене арқылы екінші жаққа өтуі тиіс.
Алысқа асық лақтыру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Асықты кім алысқа лақтырады?». Қимылдардың ізбе-ізділігіне, лақтыру күшіне назар аударады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқырға арналған қақпан».
Ойын тәртібін ескерту. Нұсқаулар: бір-бірімен соқтығыспауға тырысу, шеңберді айналып еңбектеу.
«Кәне, кәне, халайық,
Қасқыр қақпан құрайық.
Кәне, қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр, келіп көр!»
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет