Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 103



бет327/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 103


Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті секіртпелер
Мақсаты: Секіргіш арқылы секіру кезінде және бөренемен жүрген кезде қимыл үйлесімділігін дамыту.
Міндеттері: секіртпені қолдың басымен және білекпен айналдыруға, денені тік ұстап, аяқтың ұшымен секіруге, айналып тұрған секіртпемен үйлесімді секіруге үйрету. Жұптасып жүргенде адым қарқыны мен ырғағының үйлесімді болуын қамтамасыз етуге, қозғалыс бағытын сақтауға, жүру мен жүгіруді кезектестіре білуге баулу. Көлденең бөрене бойымен жүргенде тұрақты тепе-теңдік сақтау қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасауға, қозғалыстың ізбе-ізділігін сақтауға қабілетін нығайту. Организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін, зейінін дамыту; дербестікке, жинақылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: екі-екіден жұптасып сапта жүру және жүгіру, орамалдарды пайдаланып жасалатын жаттығуларды, секіртпемен секіру және бөрене үстімен жүру жаттығуларын. түсінеді: секіртпенің қандай мақсатта пайдаланылатынын, жұптасып жүргенде адымдардың екпіні мен ырғағын үйлестіруді, бөрене үстімен қосалқы адым жасап жүру техникасын.
қолданады: жұппен жүру және жүгіру жаттығуларын қатар орындау, көлденең бөрене үстімен жүргенде тепе-теңдік сақтау қабілетін, аумағы шектелген жерде еңбектеу қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет