Құралдар мен материалдар: көңілді және көңілсіз смайлдар бейнеленген доптар – 2 дана, көлденең бөрене, құм толтырылған қапшықтар.
Денсаулық сақтау технологиялары: ойын түріндегі массаж – А.Уманский мен К.Динейканың балаларды арнайы шынықтыру әдістемесінің бейімделген нұсқасы, дыбыстардың көмегімен жасалатын тыныс алу жаттығулары.
Билингвалды компонент: жұбыңды тап – найди пару, жұппен жүгіру – бег парами, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт. Көңілсіз және көңілді смайл бейнеленген доптар. Көңіл көтеру үшін ойын ойнауға шақырады.
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу:
«Жұбыңды тап!»
Балалар өз қалауынша жұп құрап тұрады. Залды айналып «шашырап» жүреді. «1,2,3 – жұбыңды тап!» деген белгі берілген кезде тездетіп жұптасып, екі-екіден сап түзейді. Жұптасып жүгіреді. Жеңіл, ырғақпен жүгіруге, қозғалыс бағытын сақтауға тырысады.
Жұппен жүгіру. Жұптағы балалардың бір-бірімен үйлесімді қимылдауына назар аударады.
Дыбыстардың көмегімен орындалатын тыныс алу жаттығулары.
1. «Кірпі». Тыныс алу гимнастикасы.
Б.қ. – н.т.
1 – бастарын оңға бұрады – мұрынмен шуылдап қысқа дем алады. 2 – бастарын солға бұрады – аузын жартылай ашып дем алу.
2. «Реттеуші».
Б.қ. – аяқтарының арасын ашып тұрады. Бір қолды жоғары көтереді, екіншісін қапталға созады.
1 – оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды қапталға созады (мұрынмен дем алады). 2 – сол қолды жоғары көтеріп, оң қолын төмен түсіреді, «р-р-р» дыбысын шығарады 3. «Қаздар ұшып келе жатыр».
Б.қ. – н.т.
– қолдарын қапталға қарай созып көтереді (дем алады).
– қолдарын төмен түсіреді, «г-у-у» (демін шығарады).
4. «Маятник».
Б.қ. – қолды белге қойып (дем алу).
1 – алға еңкейеді (дем шығару). 2 – б.қ. (Дем алу).
– солға еңкейеді (дем шығару).
– б.қ. «т-у-у-х» дыбысымен демін сыртқа шығару.
5. «Кемпірқосақ». Б.қ. – н.т.
– мұрнымен терең демалып, қолдарын қапталға созады.
– демін 3-4 секунд іште ұстайды.
– жымияды, «с» дыбысын айтады, іші мен кеуде қуысын босатып, ауаны сыртқа шығарады. Бастапқыда қолдарын алға созады, кейін кеуде тұсынан айқастырып, өз-өзін иықтан құшақтайды: бір қолды қолтықтың астына жібереді, екіншісімен иығын ұстайды.
6. «Үлкен болып өс». Б.қ. – н.т.
– қолдарын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады (дем алу).
– қолдарын төмен түсіріп, табанын толық басады (демді сыртқа шығару), «у-х-х»деген дыбыс шығарады.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды.
Спорттық ойындардың элементтері – кегельдер.
«Нағыз мергендер»
Дұрыс бастапқы қалыпты ұстана отырып, допты әр жерге қойылған кегельдерге лақтыру. Тәрбиеленушілер 2 метр қашықтықтан допты лақтырады.
Алдымен тапсырманы қыздар орындайды, ал ұлдар педагогтің нұсқауы бойынша кегельдерді қойып шығады. Сосын ұлдар лақтырады. Педагог допты тура бағытта екпінді түрде – тұрған кегельдердің ортасына лақтыруға назарларын аударады.
«Ара» – бетке арналған массаж.
Ра-ра-ра – гүлде отыр ара.
Ел-ел-ел – кең далаға кел.
Ді-ді-ді – ара қанатын сермеді. Ал-ал-ал – ара жинайды бал.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Дұрыс көрсет», жүргізуші рөлін орындау: «Көңіл күйің қандай?», «Көңіл күйлерің қалай?» Көңілді шар балалармен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |