Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы:Айсұлумен ойнаймыз
Мақсаты: Көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру дағдысын дамыту.
Міндеттері:бөрене бойымен солға және оңға қосалқы адым жасауға, тұрақты тепетеңдік сақтауға және бойды тік ұстауға үйрету. Жұптасып ырғақпен әрі жеңіл жүгіру, өзге балалармен үйлесімді қимылдау қабілетін дамыту. Алысқа асық лақтыруға жаттығу, шынтақтан бүгілген қолды екпінмен жазу қабілетін дамыту. Халықтық дәстүрлерге негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру, үлкендер мен кішілерге құрмет көрсетуге баулу; қазақтың ұлттық ойындарына деген қызығушылығын нығайту.
Толерантты болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды:орамалдармен жаттығулар жасайды, жұптасып жүгіру, көлденең бөрене бойымен қапталдап жүру, асықты алысқа лақтыру жаттығуларын.
түсінеді: асықтардың қандай мақсатта пайдаланылатынын, асықты алысқа лақтырғанда дұрыс қалыпқа тұру, өз қимылдарын басқа балалармен үйлестіріп жасау, бөренемен қапталдап жүру техникасын. қолданады: жұптасып жүгіру, тепе-теңдік сақтау қабілетін, бөрене үстімен жүргенде қосалқы адым жасап жүру қабілетін, ұсақ заттарды алысқа лақтыру қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.