Денешынықтыру



бет331/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру. Қолына қамшы ұстап жүру: аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру – қолды әртүрлі қалыпта ұстайды – жоғары көтереді, алға созады. Ойын түріндегі жаттығу: «Шабандоздар» – қолдың қалпын өзгерту, шынтағын жазу.
Негізгі қимылдарды шағын топтарға бөлініп, қыздар бөлек, ұлдар бөлек орындайды.
Көлденең нысанаға көздеп лақтыру (шеңберлер лақтыру сызығынан 2,5 метр қашықтықта орналасқан).
Затты лақтыратын оң (сол) қол мен оң (сол) аяқты алға қойып, лақтыру күшін әртараптандыру қабілетіне назар аударады.
Секіртпемен секіру. Секіртпені айналдыру және секіртпенің үстімен ақырын секіру қимылдарын үйлестіре орындау қабілетіне назар аударады.
Қозғалды ойын: «Кетті, кетті орамал».
Ойын тәртібін естеріне салу. Жетекші рөлін атқару.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ұлдар мен қыздардың тапсырмаларды тамаша орындағанын, олардың бәрінің де епті әрі шебер екендерін атап өтеді. Жаттығу. «Достық».
Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орайды, Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Педагог саусақтар сияқты бір-бірлерімен дос болу керектігін, достық болған жерде қиындыққа кезікпейтіндерін айтады. Айсұлу мен Серік балалармен қоштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет