Құралдар мен материалдар: «Шеңбердегі би» ойынына арналған музыка, бала санына қарай құм толтырылған қапшықтар, тігінен лақтыруға арналған нысаналар (нысана орталығының биіктігі – 1,5 метр).
Денсаулық сақтау технологиялары: қолды уқалау – мидың қызметін жақсартуға ықпал ету; психоэмоциялық тұрақтылықты қалыптастыру, дене сымбатының бұзылуының алдын алу.
Билингвалды компонент: «Түсіріп алмай өткіз» – «Пронеси не урони», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын түріндегі жаттығу: «Шеңбердегі би».
– Балалар, музыка біткен кезде таңғажайып сиқырлы оқиға болады және сендер соның көмегімен сиқыршыға айналасыңдар.
II. Негізгі кезең.
Қақпақшаларға тиіп кетпей шеңбермен жүру.
«Тез ал – тез көтер!» нұсқауы бойынша қалпақшалардың жанына тоқтайды, жоғары көтереді. Қалпақшаларды еденге қояды.
II. «1, 2, 3 – ал!» ойын жаттығуы. Тәрбиеленушілер шеңбер жасап тұрады, артқы жақтарына қалпақшаларды қояды. «1, 2, 3 – ал!» нұсқауы бойынша – қалпақшаны тез алады және жоғары көтереді.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды.
Педагог жарыс үшін қалпақшаларды бір қатарға қоюды ұсынады.
Балалар қозғалыстың басына – белгіленген сызыққа жақындайды. Жеке-дара тәртіппен қалпақшаларды айналып өтеді және өз тізбегінің соңына барып тұрады. Жеңіл, ырғақпен, қалпақшаларға тиіп кетпей жүгіруге тырысады.
Қолға арналған массаж Массаж жасайды.
Басбармақпен және сұқ саусақпен уқалайды: әр саусақты тырнақтан бастап уқалайды.
Алақанның сыртқы жағын уқалайды. Қолды жуып жатқандай қимылдар жасайды.
Екі қолдың саусақтарын созып, оларды бір-біріне үйкелейді. Алақандарын бір-біріне қарсы бағытқа қаратып ұстайды.
Қосылған саусақтарын «құлыптайды», кеуде тұсына апарады. Саусақтарын жоғары қарай созады және қимылдатады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Жаттығу: «Ым-ишарамен көрсет» («Қысқыр», «Кірпі»).
Сиқыршыларды қайтадан балаларға айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |