Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 105



бет332/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 105


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Сиқырлы қалпақтар. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Ептілікті және өз әрекетін басқа балалардың әрекеттерімен үйлестіру білігін дамыту.
Міндеттері: қолды екпінмен жазып, допты тік нысанаға көздеп лақтыру қабілетін жетілдіру, тоқтамай көздеуге және лақтыруға үйрету. Арқаға жүк салып төрт аяқтап еңбектегенде үйлесімді қозғалу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Құбылмалы жағдайларда өзінің қозғалыс тәжірибесін дұрыс пайдалана білу қабілетін нығайтуды, батылдыққа, табандылыққа тәрбиелеуді жалғастырамыз. Күтілетін нәтиже:
жасайды: «ирелеңдеп» жүгіру, допты домалату, басына зат қойып жүру. түсінеді: төбеге қапшық қойып жүргенде денені қалай тік ұстайтынын, нысананы көздеп лақтырғанда қолды екпінмен түзету қажеттігін, арқаға жүк салып еңбектегенде арқаны бүгуге болмайтынын.
қолданады: педагогтің белгісі бойынша қимылдарды кезектестіріп жасау қабілетін, тігінен тұрған нысанаға лақтыру қабілетін, денені тік ұстау және кеңістікте бағдарлау қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет