1. Б.қ.: аяқтарының арасын иықпен бірдей етіп ашып, доп ұстаған қолдарын төмен түсіріп тұрады. Допты алға, жоғары көтереді, допқа қарайды, төмен түсіреді. Б.қ. (5-6 рет) 2. Б.қ.: өкшеге отырады, доп ұстаған қолдарын төмен түсіреді. Тізерлеп тұрып, допты жоғары көтереді, отырады. Б.қ. (5-6 рет)
Б.қ.: өкшеге отырады, доп ұстаған қолдарын алға қарай созады. Допты оңға қарай өзінің төңірегінде айналдырады, допты қолмен итереді. (Екі қапталға қарай 3 реттен)
Б.қ.: шалқасынан жатып, допты басынан асырып ұстайды. Тізесін бүгіп көтереді, допқа тигізеді, тіктейді. Б.қ. (6-7 рет)
Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, допты алдына қойып отырады. Допты жоғары көтереді, допты еденге тигізіп, мүмкіндігінше ұзақ ұстайды, бойын тіктейді. Бастапқы қалыпқа оралады. (5–6 рет)
Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып тұрады, доп еденде тұрады. Допты айналып қос аяқтап секіру және жүгіру жаттығуларын кезетестіріп орындау. (3 рет)