№
п\п
|
Жаттығудың атауы
|
Жаттығулардың орындалуы
|
1
|
«Теңіз толқыны»
|
Б.қ.: өкшеге отыру, қолды кеуде тұсында ұстап, саусақтарын айқастыру. 1–8 – саусақтарды ажыратпай, қолдың басымен және білекпен толқын тәріздес қимылдар жасайды. 1–8 – дәл осы жаттығуларды екінші жаққа қарай істейді.
|
2
|
«Кеме»
|
Б.қ.: етпетінен жатып, қолдарын артқа итереді, саусақтарын айқастырады. 1 – басын көтереді, дененің жоғарғы жағын, қолдарын, 2–7 – ұстап тұрады, 8 – Б.қ.
|
3
|
«Шаян»
|
Б.қ.: аяқтарын бүгіп отырады, қолдарын артқа тірейді. 1 – жамбасын көтереді, 2–7 – аяқ пен қолын тіреп, алға қарай жылжиды, 8 – Б.қ., 1–8 – осыны артқа қарай жылжып орындайды.
|
4
|
«Катамаран»
|
Б.қ. – отырады, қолдарын артқа қарай итеріп тірейді, аяқтарын аздап көтереді. 1– 8 – аяқпен педаль басқандай қимылдар жасайды.
|
5
|
«Дельфин»
|
Б.қ.: етпетінен жатып, қолдарын жоғары көтереді. 1–2 – оң қапталға қарай аунайды, арқасын бүгеді, 3-4 – Б.қ., 5–8 – осыны сол жағымен жасайды.
|
6
|
«Жағада»
|
Б.қ.: аяқың ұшын сәл ашып, қолдарын белге қойып тұрады. 1–8 дейін қос аяқтап секіреді (аяқтарын қосып – аяқтарының арасын ашып).
|
Достарыңызбен бөлісу: |