Денешынықтыру



бет365/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

6-кешен


1. «Мұрын».
Б.қ.: н.т.

  1. – мұрнымен дем алады.

  2. – демін сыртқа шығарғанда «м-м-м» дыбысын айтады, сонымен бірге сұқ саусақтарымен мұрынның қанаттарын соққылайды.

2. «Мұрын».
Б.қ.: н.т.

  1. – мұрынның қапталын ұшынан беліне қарай сипайды (дем алу).

  2. – демін сыртқа шығарғанда мұрынның қанаттарын сұқ саусағымен тарсылдатады.

3. «Пароходтың гуілі».
Б.қ.: н.т.

  1. – мұрын арқылы дем алады (шуылмен).

  2. – демін 1-2 секунд іште ұстайды.

  3. – еріндерін дөңгелектеп, сол арқылы демін «у-у-у» дыбысымен сыртқа шығарады (демін сыртқа созып шығару).

4. «Дауылпаз».
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын белге қойып тұрады.
1 – отырады, тізесін шапалақтайды (демін сыртқа шығару). 2 – Б.қ. «Бам-бам-бам» деп қайталайды (дем алу).
5. «Сырнайшы».
Б.қ.: н.т., қолдарын алға қойып, жұдырықтарын «түтікше» сияқты етіп ұстайды.
1 – дем алу. 2 – «пф» дыбысын қатты дауыстап айтып, демін ақырын сыртқа шығарады.
6. «Ұшақ».
Б.қ.: етпетінен жатып, білегін тірейді.

  1. – басын, иығын көтеріп, бүгіледі, аяғын тік ұстайды, қолдарын қапталға созады (дем алу).

  2. – Б.қ., (демін сыртқа шығару)

7. «Секіру».
Б.қ.: н.т., қолын белге қояды.
1 – 4 – бір орында қос аяқтап секіріп, оңға-солға бұрылады. Жүреді. Екі жаттығуды кезекпен жасайды.
8. «Ақырын, еркін дем аламыз».
Б.қ.: н.т.
Мұрын арқылы ақырын дем алады. Кеуде қуысы кеңейіп бастаған кезде дем алуды тоқтатып, үзіліс жасайды. Содан соң мұрын арқылы демін сыртқа ақырын шығарады.
№3 ҚОСЫМША


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет