Денешынықтыру



бет362/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

3-кешен


1. «Құлақ». Б.қ.: н.т.

  1. – басын оңға қарай қисайтады – күшті дем алады.

  2. – басын солға қарай қисайтады – демін сыртқа асықпай шығарады. Иығын қозғалтпайды. Бірақ басын оңға-солға қисайтқан кезде құлақтарын иығына мейлінше жақындатуға тырысады. Басты қисайтқан кезде дененің бұрылмауына назар ауару қажет.

2. «Ерінді дөңгелектейміз». Б.қ.: н.т.

  1. ішін тартып, демін толық сыртқа шығарады.

  2. еріндерін дөңгелектеп, өкпесін ауаға толтыра дем алады.

  3. – ауа жұтып жатқандай қимылдар жасайды.

  4. 2-3 секунд үзіліс жасайды, содан соң басын жоғары көтеріп, демін мұрын арқылы ақырындап шығарады.

3. «Шамды үрлеу.
Б.қ.: аяқтарының арасын ашып тұрады.

  1. – еркін дем алады және демін мүмкіндігінше іште ұстауға тырысады.

  2. – еріндерін «дөңгелектеп», үш рет демін сыртқа аз-аздан шығарады (жанып тұрған шамды үрлеп өшірген сияқты), «фу-фу-фу» деген дыбыс шығарады. Жаттығу жасаған кезде денені тік ұстау қажет.

4. «Демді тазартатын «ха» дыбысы». Б.қ.: аяқтарының арасын ашып тұрады.
1 – еркін, терең дем алады, сонымен бірге қолдарын алға шығарып, жоғары көтереді. 2 – демін мүмкін болғанша іште ұстайды. Аузын ашып, өңешін бос ұстайды, демін ауыз арқылы жақсылап сыртқа шығара тұрып қолдарын төмен түсіреді және еңкейеді («ха»).
3 – бойын ақырын тіктейді және демалады. Ауаны жаймен жұтып дем алады.
5. Б.қ.: н.т.

  1. – табиғи ырғақпен мұрын арқылы дем алады.

  2. – демін созып сыртқа шығарады. Демін сыртқа шығарған кезде ауаны ауыз арқылы шығарады. «С» дыбысын айтқандағыдай ысқырған дыбыс шығарады. Сыртқа шығып жатқан ауаға тілімен кедергі жасағандай болады.

6. «Әуе шары жоғары көтеріледі».
Б.қ.: н.т., бір қолын балуан сүйектердің ортасына қояды. Қолы мен иықтарына ден қояды.

  1. – иықтары мен балуан сүйегін жоғары көтереді (дем алу).

  2. – түсіреді (демін сыртқа шығару).

7. «Жел».
Б.қ.: н.т. Кеудесі мен ішін тартып, мұрын арқылы демін толықтай сыртқа шығарады.

  1. – кеудесін толтырып толық дем алады.

  2. – демін 3-4 секунд іште ұстайды.

  3. ернін жымқырып, демін сыртқа үзіп-үзіп шығарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет