Шанамен сырғанағанда балалар көптеген қимылдар жасайды. Одан ләззат алып, қуанышқа бөленеді. Атап айтқанда, шанамен жүгіру, төмпешік басына, биік төбе басына өрмелеп шығып, шанамен сырғанау, досын шанаға отырғызып алып итеру т.б. ойын түрлерін ойнауға болады.
Шанамен сырғанау балалардың күшін арттырады. Ептілік, үйлестіру, батылдық, табандылық, үйлесімді қимылдау сынды қасиеттері дамиды.
Сырғанаған кезде балалар шананы басқаруды үйренеді. Шанаға артқа қарай жылжып отырады.
Тізелерін бүгіп, шананың алдыңғы жағынан мықтап ұстайды.
Бұрылған кезде денесінің төменгі жағын қисайтып, қолдарымен көмектеседі.
Шананы оң немесе сол аяқпен тоқтатады. Ал, шана солға (оңға) қарай бұрылады.
Шананы тоқтату үшін екі аяқты да қарға қойып тоқтатады және шананың алдыңғы жағын көтереді.