Денешынықтыру


КҮЙЗЕЛІСКЕ ҚАРСЫ ГИМНАСТИКА: «ТАМШЫ»



бет366/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

КҮЙЗЕЛІСКЕ ҚАРСЫ ГИМНАСТИКА: «ТАМШЫ»


«Сәлем, аспан!»
Аяқтың арасын иықтың деңгейінде ашып, тік тұрыңыз. Қолды артқа қойып, саусақтарды айқастырыңыз және шынтақты бүгіп, мейлінше жоғары көтеруге тырысыңыз. содан соң қолды тіктеп, бүгіліңіз және «Сәлем, аспан!» деген сөздерді айтыңыз. Содан кейін қолды босатып, төмен түсіріңіз, бірақ саусақтарды ажыратпаңыз.
«Тамшы»
Қолды төмен түсіріп тік тұрыңыз. Қолдарыңызды жанға созып жоғары көтеріңіз. Денеңізден тамшы үзіліп түскенін елестетіп көріңіз. Тамшы табан, балтыр, жамбас, содан соң – дене, мойын, басты, содан соң қолыңызды бойлай көтеріліп келеді. Міне, ол алақаныңызға түсті. Тамшыны ақырындап жоғары көтеріңіз және «Рақмет саған, тамшы» деп қайталаңыз.
«Шағала»
Аяқтың арасын иықтан да кеңірек етіп ашып, тік тұрыңыз. Қолдарыңызды бастан асырып көтеріңіз және алақандарыңызды қосып алға созыңыз. Мейлінше алысқа созуға тырысыңыз. Содан соң бұлшық еттерге салмақ түсіріп, ақырын төмен түсіріңіз, арқаға қарай күшпен итеріңіз. Содан кейін кері қимылдар жасаңыз: қолдарыңызды қапталға созып жоғары көтеріңіз және алақандарыңызды қосып алға созыңыз. «Көбелек»
Аяқтың арасын иықтың деңгейінде ашып, тік тұрыңыз. Қолға таспа жіп алып, жоғары көтеріңіз. Жіп тартылуы тиіс. Қолдарыңызды бүкпей иыққа қарай төмен түсіріңіз, жоғары көтеріңіз.
«Үлкен пияз»
Тік тұрып, қолыңызды түсіріп тұрыңыз. Аяқтарыңыздың арасын иықтың деңгейінде ашып, ұшын сыртқа қаратыңыз. Тізені сәл бүгіп, мүмкіндігінше артқа қарай шалқайыңыз. Осы қалыпта тұрып иығыңызды омыртқаның осімен алдымен бір жаққа, кейін екінші жаққа қарай айналдырыңыз.
«Жарғанат»
Тік тұрып, аяқтың арасын иықтың деңгейінде ашып тұрыңыз. Оң қолды жоғары көтеріп, сол қолыңызды түсіріңіз. Содан кейін шынтағыңызды бүгіп, екі қолды арқаңызға шығарып қосыңыз. Егер мүмкін болмаса, таспа жіпті пайдаланыңыз. Жіпті оң қолмен ұстап, төменгі ұшын сол қолмен ұстаңыз. Қолдарыңызды мейлінше бір-біріне жақындатуға тырысыңыз. Қолдарыңыздың орнын ауыстырып жаттығуларды қайталаңыз.
«Итті сипа»
Аяғыңыздың арасын иықтың деңгейінде ашып тік тұрыңыз. Алдыңызда ит, мысалы, Алабай иті тұр деп елестетіңіз. Оны қолмен сипап жатқандай болып асықпай оңға-солға бұрылыңыз (шынтағыңызды бүкпеңіз!). Алабайға айналып бара жатқандай елестетіңіз. Оның бойы сәл Алабайдан аласа болғандықтан аздап алға қарай еңкеюге тура келеді (бірақ тізеңізді бүкпеңіз). Тізені бүкпей, мүмкін болғанша еңкейіп, тұқымы әртүрлі иттерді сипаңыз. Содан соң осы қимылдарды кері қарай жасап, ақырындап көтеріліңіз.
«Ағаш»
Қолдарыңызды төмен түсіріп тік тұрыңыз. Сол қолыңызбен оң аяқтың табанын ұстап, оң қолыңыздың алақанын төмен қаратып қапталға созыңыз. Тепе-теңдік сақтау қиын болса, бір қолыңызбен қабырғаға немесе басқа бір затқа сүйеніп тұрыңыз. Осы позада 20-30 секунд тұруға тырысыңыз. Содан кейін бастапқы қалыпқа оралыңыз.
Аяқтарыңыздың орнын ауыстырып жаттығуды қайталаңыз.
«Отырған бақа»
Төрт аяқтап тұрып, алақаныңызды еденге тіреңіз. Тізені қосып, табандарыңыздың арасын мейлінше ашыңыз. Дененің төменгі жағын тербетіп, өкшеңіздің арасындағы еденге отырғанға дейін біртіндеп төмен түсіңіз (иықтарды қозғалтуға болмайды).
«Маймыл»
Аяқтарыңызды айқастырып кілемге отырыңыз. Оң аяқтың өкшесі сол аяқтың тізесінің астында тұруы шарт. Алақандарыңызды қосып кеуденің тұсына көтеріңіз және бір-біріне жақсылап итеріңіз. Қолдарыңыздың басын осы күшпен алдымен алға-жоғарытөмен-солға, содан соң қарсы бағытта – солға-төмен-жоғары-оңға айналдырып, сегіздік жасаңыз.
«Маймыл-2»
Аяқтарыңызды айқастырып кілемге отырыңыз. Шынтақтарыңызды қапталға созып, мейлінше жоғары көтеріңіз және алға-артқа қимылдар жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет