1. «Таңданамыз». Б.қ.: иықтарын түсіріп тік тұрады және еркін дем алады.
– иықтарын ақырын көтеріп, демін сыртқа шығарады.
– Б.қ.
2. «Иық». Б.қ.: н.т.
– қолдарын түсіріп, иықтарын алға шығарып тұрады, қолдарын ақырындап айқастырады және еркін дем алады.
– иықтарын ақырындап артқа жіберіп, жауырындарын бір-біріне жақындатады және демін сыртқа шығарады.
3. «Тіл». Б.қ.: н.т. Еріндерін «о» дыбысын айтқандағы сияқты етіп «дөңгелектейді», тілін шығарады және «дөңгелектейді».
– «дөңгелек» тіл арқылы ақырын дем алады, кеудесін ауаға толтырады, ішін қампайтады.
дем алып болғаннан кейін аузын жабады. Басын ақырын түсіріп, иегін кеудесіне тигізеді. 3-4 секунд үзіліс жасайды.
– басын жоғары көтереді және демін мұрын арқылы ақырын шығарады.
4. «Тербелеміз». Б.қ.: н.т.
– алға қарай ақырын еңкейеді, омыртқаның кеуде тұсындағы бөлігін бүгеді және демін сыртқа шығарады.
– бойын ақырын тіктейді, дем алады.
5. «Бұрылыс». Б.қ.: н.т.
– дем алады.
– демін сыртқа шығарған кезде бұрылады – бір қолын арқасына жібереді, екіншісін алға қояды.
– Б.қ. Жаттығуды екінші жағымен қайталайды.
6. «Бүйіріңді сипа». Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады.
– оң қолын ақырын көтеріп, денесін бойлай жүргізеді және иығын көтереді (дем алу).
– қолы мен иығын түсіреді (демін сыртқа шығару). Жаттығуды сол жағымен қайталайды.