Мақсаты: үйлесімділік қабілеттерін дамыту, доппен жаттығу жасау дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:допты төмен қарай еденге лақтыру және жерге тиіп, секірген допты екі қолмен қағып алуға үйрету. 4 адымнан бастап қос аяқпен жоғарыға секіру дағдысын, секірген кезде қол мен аяқтың үйлесімділігін сақтай білу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Сап қатарында жүру, бағытын өзгерту. Ептілік, зейін, кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту. Спортпен айналысуға ынталандыру, дағдыландыру.
Мақсаты: спорттық ойындар элементтері арқылы қозғалыс тәжірибесін байыту.
Міндеттері: бір орыннан ұзындыққа секіру кезінде бастапқы қалыпта дұрыс тұруға, қолдың төмен-алға қарай қозғалысын аяқтың итерілуімен үйлестіре орындауға үйрету. Допты аяқпен екпінді түрде итеру және доптың бағытын сақтау білігін бекіту, көз мөлшерін дамыту. Қимыл үйлесімділігін, ептілікті, назарын дамыту. Төзімділікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.